Түйінді сөздер: ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, киіз үй,рухани жаңғыру,жастар, көшпелілер.
Елбасы Н.Назарбаев еліміздің ұлттық құндылықтарын жаңғыртуда ұлттық мәдениетті
сақтап қалу маңызды деген байлам жасап отыр.Тарих онсыз да мұны бізге дәлелдеп берді. Ұлттық
мәдениетті сақтап қалу қоғамдық жаңарудың бірден бір кілті.Басқаның мәдениетін сол қалпымен
көшіру, қолдану бір жағынан машақатты,екінші жағынан біз ойлағаннан да зиянды болу
мүмкін.Жаңару деген желеумен құрып кеткен мемлекеттер мен ұлттар аз емес.Жаһандану жүріп
жатқан әлемде оқшауланып, яғни ,өзінің ерекшелігін сақтап қалу-жаңғыру мен дамудың бірден-
бір жолы.
Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады.
Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды көшпелілік өркениет ерекшеліктерінен бастайық.
Әрбір ұлттық мәдениет қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген
енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті- оның
тылсымдық сипаты. Мәселен, « ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің
тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге қол сұғуға болмайтындығын мойындайды.
Ата қоныстың әрбір географиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни
қоршаған орта киелі таулардан, өзендерден, көлдерден, аңғарлар мен төбелерден және т.б тұрады.
Олардың қасиеттілігі аңыздарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде
қалдырылған. Көшпелілердің мұрасын сақтаған қазақ халқының да салт-дәстүрі, жора-
жоралғылары өте көп. Қазақтың ұлттық мәдениетінің осы күнге дейін жеткенінің бір көрінісі- киіз
үй.
Халқымыз баспана ретінде пайдаланған киіз үй ағаштан жасалынды, көшіп- қонуға
ыңғайлы, жеңіл құрастырылатын. Ағаштан жасалынатын. Киіз үйдің сықырлауығынан бастап,
шаңырағына дейін әрбір бөлшегі өз алдына көшпелілердің күнкөріс мұқтажына бастап, рухани
талғам-талабына дейін қызмет еткен. Киіз үй көшпелілер үшін кеңістіктей үйлесімді шағын әлем
еді. Бұл ретте, киіз үйді адамзат баласының тарихында жасалған материалдық мұралардың
ішіндегі бірегей айғақтардың бірі деп қарауға негіз мол. Ал енді, салт-дәстүрлерге тоқталайық.
Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз
ауады.Белгілі философ Иоганн Гердер: «Салт-дәстүр, тіл мен мәдениет бастауларының анасы»
деген [1]. Халқымыз салт-дәстүрлерге өте бай. Соның ішінде қазіргі жастар көп біле бермейтін
дәстүрлерге қысқаша тоқсалсақ. Ат тергеу- адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып.
Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайын ағасына, қайнысына, қайын- сіңлісіне атын
атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұның өзі халқымыздың қандай
текті екендігінің бір көрінісі емеспе пе? Әрі қарай тағы да бір салт- дәстүсімізбен таныссақ. Бәсіре
атау- ежелгі әдет- ғұрыптың бірі. Ата- анасы баласына арнап жас төлге ен салады да оны «бәсіре»
деп атайды. Бәсіре аталған төл өскен соң сол баланың қажетіне, тойына жаратылады. Оны ен
салып, малды таңбалаумен шатастырмау қажет. Ерулік беру- ауылға басқа жақтан бір үй көшіп
келсе, бауырларының бірі туған- туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші- көлемі немесе
жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Мұны ерулік деп
247
атайды.[2] Өзіміз куә болғандай салт-дәстүрлерімізді осы заманға лайықтап орнымен қолдана
білсек, бір- бірімізге жан шуағымызды төгіп, бауырмал боларымыз сөзсіз. Бұл дәстүрлердің кез-
келгенін алып қарасақ өзіндік берері мол.
Осы ұлттық мәдениетімізді жаңғырту мақсатында Елбасының: «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» мақаласын да тілге тиек етейік. Бұл мақаланың мақсаты: жас буын өкілдерінің
халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсуі
үшін осындай бағдардың маңызы зор.
Мақаламызды қорытындылайтын болсам, ұлттық мәдениетін ұмытпаған халықтың
болашағы жарқын болары сөзсіз. «Ата салтым-асыл қазынам» демекші,дінін, тілін, салт-дәстүрін
берік ұстанған халық әлем кеңістігінен ойып тұрып орын алары хақ!
ӘДЕБИЕТТЕР
1. И.Г.Гердер Идеи к философии человечества. Москва, 1977. Стр 252;
2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік;
3. Қазақ энцклопедиясы, 7- том;
4. http:kk.m.wikpedia.org;
5. aikyn.kz;
6. e-islam.tarmpu.kz; сайыттары
Достарыңызбен бөлісу: |