Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет115/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Түйінді сөздер: білім, заманауи білім, бағыт, рухани жаңғыру, жолдау, медиа білім. 

 

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен 



бағыттағы  мемлекеттік  білім  беру  стандарттары  жүйесінің,  оларды  әртүрлі  ұйымдастыру 

құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, 

сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны [1]. 

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, 

сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары 

философияның  негiзгi  мәселесi  –  рухтың  материяға,  сананың  болмысқа  қатынасы  тұрғысынан 

зерттелетiн  iлiм  таным  теориясы  деп  аталады.  Таным  теориясының  басқа  ғылыми  теориялардан 

түбiрлi  айырмашылығы  –  ол  бiлiмнiң  қалыптасуы  мен  негiзделуiнiң  жалпы  ұстанымдарын, 

объективтiк қатынастарды қалыптастырады [1]. 

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін 

жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз 

сабақтарында  күнделікті  пайдаланса,  сабақ  тартымды  да,  мәнді,  қонымды,  тиімді  болары  сөзсіз. 

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы  «Білім туралы» Заңының 8-бабында  «Білім беру жүйесінің 

басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 

халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен [2]. 

Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  жолдауында  айқандай:  «Болашақта  өркениетті  дамыған 

елдердің  қатарына  ену  үшін  заман  талабына  сай  білім  қажет.  Қазақстанды  дамыған  50  елдің 



248 

 

қатарына  жеткізетін,  терезесін  тең  ететін  –  білім».  Сондықтан,  қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру 



жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі 

технологиялары  сарапталып,  жаңашыл  педагогтардың  іс  –  тәжірибесі  зерттеліп,  мектеп  өміріне 

енуде [3]. 

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау.

 

Біліктілік  арттыру  жүйесінде  педагогтардың  оқу  қажеттіліктері  нақты  білімнің  мәнін 



түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс-әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру 

мақсаттарына  байланысты  қалыптасады.  Осы  заманғы  мұғалім  оқуға  үлкен  потенциалдық 

мүмкіндіктермен  келеді.  Жоғары  кәсіби  білім  беретін  оқу  орындарының,  білім  беру  жүйесінде 

білікті  мамандар  даярлаудың  басты  мақсаты  мамандықтарды  игерту  ғана  емес,  әлемдік  білім 

кеңестігіне  ене  отырып,  бәсекеге  қабілетті  тұлға  дайындау  үшін  кәсіби  құзыреттілік 

мүмкіншіліктері арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін жүзеге асыру — қазіргі таңда 

негізгі өзекті мәселелердің бірі [2]. 

Қазіргі  заманғы  ашық,  интеграциялы   және  даралап  оқытуға  бағытталған  білім  беру 

жүйесінде  жан-жақты  ақпараттандыру  шаралары  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Басқаша  айтқанда, 

ақпараттандыру  –  білім  беру  жүйесін  модернизациялаудың  маңызды  бағыты.    Оқытуды 

ақпараттандыру-  сан  салалы,  кешенді,  ауқымды  үрдіс,  оған  оқушылар,  мұғалімдер  және  мектеп 

әкімшілігі қатысады [3].

 

Бұл  үрдіс  білім  беру  басқармасының   мектептерге  кешенді  бағдарлама  енгізуі,  мектепте, 



қалада, ауданда, елде бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін құру, оқу пәндерінде ақпараттық 

технологияларды  пайдалану,  біріктірілген  сабақтарды  жоспарлау,  жобалық  қызмет,  білім  беру 

саласында интернетті пайдалану сияқты шаралардың жиынтығынан тұрады. 

ХХІ  ғасыр  –  ақпараттық  қоғам  ғасыры,  бұл  өркениеттің  жаңа  түрі  десе  де  болады, 

сондықтан  жаңа  әлемге  үлкен  дайындықпен,  біліммен  және  компьютерлендірілген  өмір 

шындығын  дұрыс  бағалап,  түсіне  отырып  аяқ  басу  керек.  Ақпараттың  дұрыстығы  мен  сапасына 

деген  сенімді  қалыптастыру  кітапханашының  жауапкершілігінде  болмақ.  Ал,  бұл,  ең  әуелі, 

медиабілім берумен, сондай-ақ мектепте медиатека құрумен байланысты. 

Ресей  педагогикалық  энциклопедиясында  оқушылар  мен  студенттердің  «бұқаралық 

коммуникацияның  заңдылықтарын»  (баспасөз,   телевидение,   радио,   кино,   видео  және 

т.б.)  үйренуге бағытталған медиабілімді педагогиканың бір бағыты ретінде көрсетеді. 

Медиабілімнің негізгі бағыттарына: 

а) қазіргі ақпараттық жағдайда жаңа ұрпақты өмірге дайындау; 

ә) әр түрлі ақпаратты қабылдауға, оны адамның түсіне білуіне; 

б) зардабының жүйкеге әсерін түсіне білуіне; 

в) техника құралдарының көмегімен қарым-қатынас жасау қабілетін игеруге үйрету сияқты 

мәселелер жатады. 

Еуропа Одағының құжаттарында «медиабілім» (media education)  алынған ақпарат негізінде 

өздерінің  ой-пікірлерін  айтуға  қабілетті,   ақпарат  құралдарына  сыни  және  өзіндік  көзқарасы  бар 

отандық  азаматтарды  тәрбиелеу  мақсатында  медиақұзыреттілікті  дамытуға  бағытталған  оқу 

ретінде  айқындалады.   Бұл  оларға  қажетті  ақпаратты  пайдалануға,   оны  талдауға,   сондай-ақ 

ақпаратқа  қатысты  экономикалық,   саяси,   әлеуметтік  немесе  мәдени  мүдделерді  үйлестіруге 

мүмкіндік береді.   

Медиабілім  адамдарды  хабарламаларды  жасауға,   коммуникацияға  мейлінше  тиімді 

ақпарат  құралын  таңдауға  оқытады.   Медиабілім  адамдарға  өздерінің  ойларын  және  ақпаратты 

еркін білдіру құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл олардың жеке дамуына ғана әсер етіп 

қоймай,   сондай-ақ,   олардың  әлеуметтік  тұрғыда  белсенді  атсалысуын  және  интербелсенділігін 

күшейтеді. Бұл тұрғыдан алғанда медиабілім демократиялық азаматтыққа және саяси түсіністікке 

дайындайды.   Демек,   адам  өмірінің  барлық  ағымында  оқыту  тұжырымдамасының  бір  бөлігі 

ретінде медибілімді дамытқан тиімді болып табылады.  

Ақпараттық  технологияны   оқыту  технологияларының  бір  түрлі  ретінде  оқу 

үрдісінде   оңтайлы   пайдалану   тиімді  және  ол  бүгінгі   күннің   қажеттілігі.  Дегенмен, 

ақпараттық   технологияны  басқа   технологиялармен  бірге  кешенді  түрде  пайдаланғанда   ғана 

қоғам талабына сай жеке тұлға  қалыптастыруға болатындығын естен шығармау қажет.       




249 

 

Қазіргі оқытудың негізгі бағыттары: 



1.Оқытушы  мен  оқушының  біріккен  іс-әрекеті  бірізділікпен  қаланбай  қарым-қатынастың  

және оқытудың дистанциондық формаларын белгілеу мүмкін.   I- түрге барлық дәстүрлі оқытудың 

бағыттары  жатады,  ал  II-  түрге  қазіргі    замандағы  аралық  оқытудың  арнайы  техникалық 

құралдарымен бірлесіп әрекет жасайды. 

2.Сана принцип негізінен оқыту пайда болуда тәжірибе игеріп, Л.С.Виготскийдің «астыдан- 

үстіге»  жолы  сияқты  және  сана  принципінде  қалыптасқан  оқыту.  Обьектісіне  не  жатады  деген 

сұраққа өте маңызды жауап керек Н.Ф.Талызинаның оқытуы бойынша. Егер оқушымен тек қана 

ереже, құрал ұғынылса, онда бұл форма дәстүрлі, «хабарлы»,  «догтатикалық» аталып, егер өз іс-

әрекеттеріне саналылықпен қарау, анықталған ережелерге бағыныңқы болуы, бұл яғни ойдың іс-

әрекеттерін құрылған теориясы (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина). Егер программаны алгоритмдық 

іс-әрекетті  саналықпен  қарауды  оқытуды  жоспарлау  немесе  алгоритмизациялық  теория  деп 

аталады. 

Жаңа  педагогикалық  технологиялар  Қазіргі  кезде  егемен  елімізде  білім  берудің  жаңа 

жүйесі  жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен 

оқу-тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  болып  отыр:  білім  беру  парадигмасы 

өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. 

Атап  айтқанда:  білім  мазмұны  жаңа  біліктермен,  ақпараттарды  қабылдау  қабілеттерінің 

дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының 

нақтылануымен  байи  түсуде;  ақпараттық  дәстүрлі  әдістері-  ауызша  және  жазбаша  ,  телефон 

немесе радиобайланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып, орын беруде;  баланың 

жеке  басын  тәрбиелеуде,  оның  жан  дүниесінің  рухани  баюына,  азамат,  тұлға  ретінде 

қалыптасуына  көңіл  бөлінуде;  мектеп,  отбасы  мен  қоршаған  әлеуметтік    ортаның  бала 

тәрбиесіндегі рөліне мән берілуде. 

Қазақстан   2030  стратегиялық  бағдарламасы  білім  берудің  ұлттық  моделінің 

қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен 

сипатталады.  Қазіргі  таңда  қазақ  тілі-мемлекеттік  тіл,  қарым-қатынас  тілі  –  орыс  тілі  және 

ағылшын  тілі  –  әлемдік  кеңістікті  тану  тілін  оқытуда  жаңа  идеяларды  әр  сабақта  жан-жақты 

қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып 

отыр.  Оқытудың  парадигмасы  өзгерді.  Білім  берудің  мазмұны  жаңарып,  жаңаша  көзқарас  пайда 

болды.  Осыған  байланысты  ұстаздар  алдында  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жаңартып  отыру 

және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру 

үдерісіне енген жаңартылған білім беру      бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың 

сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама. 

Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім 

жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр 

болмайды»  дегендей,  жас  ұрпаққа  сапалы,  мән-мағыналы,  өнегелі  тәрбие  мен  білім  беру-бүгінгі 

күннің  басты  талабы.  «Мұғалім  көп  әдісті  білуге  тырысуы  керек.  Оны  өзіне  сүйеніш,  қолғабыс 

нәрсе  есебінде  қолдануы  керек»,-деп  Ахмет  Байтұрсынов  айтқандай,  қазіргі  заман  талабына  сай 

білім  беру  мәселесі  сол  қоғам  мүддесіне  сай  болуы  керек.  Өз  ісінің  шебері  ғана  жоғары 

жетістіктерге  жетеді.  Қазіргі  таңда  пәнді  жақсы,  терең  білетін,  күнделікті  сабақтағы  тақырыпты 

толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, 

оқытудың  дәстүрлі  және  ғылыми  жетілдірілген  әдіс-амалдарын,  құралдарын  еркін  меңгеретін, 

оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу 

бағытындағы  тапсырмалар  жүйесін  ұсыну  өмір  талабы.  Ал  оның  негізі  бастауыш  сыныптарда 

қаланбақ.  Сондықтан  да  бастауыш  сыныпта  әр  сабаққа  әр  түрлі  тиімді  әдіс-тәсілдерді  қолдана 

отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе. 

Білім  беру  бағдарламасының  негізгі  мақсаты-білім  мазмұнының  жаңаруымен  қатар, 

критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу  және  оқытудың  әдіс-тәсілдері  мен  әртүрлі  құралдарын 

қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. 

Бастауыш  сынып  пәндеріне  арналған  оқу  бағдарламаларындағы  оқу  мақсаттары 

оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған 

білім  жүйесі  құзыреттілікке  және  сапаға  бағытталған  бағдарлама.  Жаңартылған  білім  берудің 




250 

 

маңыздылығы  –  оқушы  тұлғасының  үйлесімді  қолайлы  білім  беру  ортасын  құра  отырып  сын 



тұрғысынан  ойлау,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу,  тәжірибе  жасау,  АҚТ  –ны  қолдану, 

коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру 

бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге 

асыру  үшін  қажетті  тиімді  оқыту  әдіс-тәсілдерді  (бірлескен  оқу,  модельдеу,  бағалау  жүйесі, 

бағалаудың  тиімді  стратегиялары) үйретеді  [4]. Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының 

ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі [5].  

Оған  оқу  мақсаттарын  зерделей  отыра  тапсырмаларды.  ықшам  сабақтарды  құрастыру 

барысында көз жеткіздік. 

Бағалау  жүйесі  де  түбегейлі  өзгеріске  ұшырап,  критериялық  бағалау  жүйесіне 

өтеді.Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің 

нақты  жиынтығымен  өлшенеді.  Оқушылардың  пән  бойынша  үлгерімі  екі  тәсілмен  бағаланады: 

қалыптастырушы  бағалау  және  жиынтық  бағалау. Бұл  бағалау  түрлері  баланың  жан-жақты 

ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, 

Финляндия  сынды  дамыған  елдерде  пайдаланылады  [6]. Бұл  бағалау  жүйесінің  артықшылығы, 

баланың 

ойлау 


қабілетін 

дамытып, 

ғылыммен 

айналысуына 

ықыласын 

туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып 

табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле 

отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға 

қоймастан  оқу  үдерісін  түзетіп  отыруға  мүмкіндік  береді.  Жиынтық  бағалау  оқу 

бағдарламасынның  бөлімдерін  (ортақ  тақырыптарын  және  белгілі  бір  оқу  кезеңін  (тоқсан,  оқу 

жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және 

баға  қою  арқылы  өткізіледі.  Қалыптастырушы  бағалау  және  жиынтық  бағалау  барлық  пәндер 

бойынша қолданылады. 

Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасында  қазақ  тілі  пәнінің  берілу  жайы  да  өзгеше. 

Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге 

бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір  –

бірімен  тығыз  байланысты.  Яғни,  жыл  бойына  бірнеше  рет  қайталанып  отырады  және  сынып 

өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі. 

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі 

заманда  елдің  бәсекеге  қабілеттілігі  оның  азаматтарының  парасаттылығымен  анықталады, 

сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс 

–  тәсілдермен  оқытып,  ой  –өрісі  кең,  саналы,  еркін  азамат  етіп  тәрбиелеу   қажеттілігі  де  осы 

себептен  туындап  отыр.   Оның  үстіне  білім  берудің  жүйесін  қарқынды  дамытқан  бұл 

үрдістің   жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы  көңілді қуантады.  

Қорыта  айтқанда,  жаңа  бағдарламаның  мәні,  баланың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. 

Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.Ұстаздарға үлкен 

жауапкершілік  міндеттелді.  Оқушылардың  бойына  ХХІ  ғасырда  өмірдің  барлық  салаларында 

табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.  

Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала 

үшін   ұстаз  ғұмырын  құдіретті  деп  санайтын  білімді  мұғалімдер  ғана  жұмыс  істей  алады. 

Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен 

болашақтағы  өзгерісті  байқағың  келсе,  сол  өзгерісті  уақытында  жаса»  деген  ілімін  негізге  ала 

отырып,  оқушы  бойындағы  қабілетті  жетілдіріп,  оқушыларды  болашаққа  жетелеп,  жақсы  істі 

өзімізден бастауымыз қажет. Жаңартылған білім – болашақтың  кепілі. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. 


А.С. Макаренко. Педагогические сочинение. М., «Педагогика», 1988 

2. 


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.б-б 

3. 


«Қазақстан  -  2050»:  Стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  // 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

 



251 

 

4. 



Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші  (негізгі) деңгей. 2012ж 

5. 


ҚР  орта  білім  мазмұнын  жаңарту  еңберінде  қазақ  тілінде  оқытатын  мектептердегі 

бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім 

беру бағдарламасы. 2016ж 

6. 


«Тәжірибедегі  рефлексия»  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  педагогика 

кадрларының кәсіби даму бағдарламасы Тренерге арналған нұсқаулық. 2016ж  

7. 

Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения, 2012 ж.  



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет