Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет123/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Түйінді сөздер: адамгершілік, тәрбие, бәсекеге қабілетті ұрпақ, саналы ұрпақ, мәдениет. 

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы 



ұлттың алдағы кезеңдегі жүріп өтер айқын жолын көрсеткен тарихи құжатқа айналды. Сана сезімі 

биік, дүниетанымы мол, парасаттың, мәдениеттің, салт-дәстүрдің құндылығын түсінген адамға бұл 

мақалада ұлттың алдағы кезеңдегі жүріп өтер бағыт жолы айқындалған. 

Рухани  мәселе  адамның  санасын  күрт  өзгерту,  сайып  келгенде,  қоғам  жаңғыруының  ең 

күрделі,  ең  қиын  саласы.  Қазақстан  Республикасының  тәуелсіз  мемлекет  мәртебесіне  ие  болуы, 

білім  беру  және  мемлекеттік  жастар  саясаты  туралы  заңдардың  қабылдануы  жастар  тәрбиесі  

мәселесіне  жаңаша  ойлаумен  қарауды  талап  етеді.  Қазақстан  Республикасының  орта  білімді 

дамыту тұжырымдамасында «Тәрбие үрдісінде қазақстандық патриотизм, гуманизм, адамгершілік 

идеяларын  қалыптастыру  негізінде  құру  керек»  деп  баса  көрсетті.  Адам  бойына  адамгершілік 

тәрбиесін  сіңіру  мақсатында  жалпы  педагогтардың  іс-тәжірибесінде  қолданылып  жүргені 

бәрімізге  аян.  Өздеріңізге  белгілі  қазіргі  жаһандану  үрдісінде  елімізде  бәсекеге  қабілетті  ұрпақ 

тәрбиелеу  басты  назарда  болып  отыр.  Ал  адамның  жан  қазынасын,  адамгершілік  болмысын 

қалыптастыруда  кей  адамдардың  түрлі  жағдайлармен  бір-бірін  түсінбеуі  де  сіз  бен  бізді 

толғанырады. Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық 

десек артық болмас [1]. 

Бәсекеге қабілетті  ұрпақты жан-жақты қылып  тәрбиелеу  үшін алдымен жан қазынасының 

негіздерінің  бірі,  сенімділік  пен  шындықтың  бастауына  үңілу  керек  шығар.Оқыту,білім 

беру,тәрбиелеу  -  баланың  ішкі  жан  –  дүниесінің  біртіндеп  дамуына  әсер  ететін,  түрткі  болатын, 

жағдай  жасайтын,  оларды  іске  асыратын  сыртқы  факторлар  екені  анық.  Еліміздің  ертеңі, 

ұлтымыздың  болашағы  –  бүгінгі  мектеп  қабырғасында  отырған  бүлдіршіндер  екені  мәлім. 

Олардың қамын ойлау баршамыздың парызымыз. 

Кез- келген мектептің мақсаты мен мұраты  өркениетті елдердің қатарынан көріну, жер мен 

жер  байлықтарын  ысырапқа  салмай  игере  білетін  ұрпақ тәрбиелеу.  Ол  үшін  бүгінгі  жас  ұрпаққа 

сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  бере  отырып,  елдің  өткенін,  ұлттың  тарихын,  мәдениетін,  салт-

дәстүрін,  табиғат  ерекшеліктерін  етене  таныстыру  қажет.  «Тәрбиесіз  берілген  білім  адамзаттың 

қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі,  адамға ең бірінші керегі тәрбие» - деп Әл-Фараби 

айтқандай,  педагогика  ғылымының  зерттейтін  негізгі  мәселелерінің  бірі  -  тәрбие.Ұрпаққа 

берілетін  ең  өзекті  идеясына  халықтың  адами  қасиеттері  тұғыр  болуы  тиіс.  Қай  халық  болсын 

өзіне  ғана  дараланып  тұратын  ерекшелігінің  бірі  -  тәрбие.  Тәрбие  -  мәңгілік  және  адамзаттық... 

Бұл  ерекшеліктер  ғасырдан  ғасырға,  ұрпақтан  ұрпаққа  мирасқа  қалып  отырады.  Осы  заманғы 

адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді. Адам 

- ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.  

Мәдениет  жоғары  адам  айналасындағылармен  қарапайым  қарым-қатынаста  болады.Жаңа 

кезеңдегі  білім берудің өзекті мәселесі  жас ұрпаққа  - адамгершілік  - рухани тәрбие беру. Құнды 




261 

 

қасиеттерге  ие  болу,  рухани  бай  адамды  қалыптастыру  оның  туған  кезінен  басталуы  керек. 



Халықта  «Ағаш  түзу  өсу  үшін  оған  көшет  кезінде  көмектесуге  болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда 

оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.  

Сондықтан  баланың  бойына  жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни 

адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар 

шешуші  роль  атқарады.  Рухани  -  адамгершілік  тәрбие  -  екі  жақты  процесс.  Бір  жағынан  ол 

үлкендердің,  ата  -  аналардың,  педагогтардың  балаларға  белсенді  ықпалын,  екінші  жағынан  - 

тәрбиеленушілердің  белсенділігін  қамтитын  қылықтарынан,  сезімдері  мен  қарым  – 

қатынастарынан көрінеді [3]. 

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және 

адамзат  баласының  ең  жоғарғы  мақсатына  бағытталады.  Бұл  қасиет  адамды  мейірімділікке, 

Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін 

сыйламайды.Рухани-адамгершілік  тәрбиесі  –өзіндік  сананы  дамытуға  жағдай  жасауды,  жеке 

тұлғаның  әдеп  ұстанымын,  оның  қоғам  өмірінің  нормалары  мен  дәстүрлерімен  келістірілетін 

моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.  

Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, 

кезек  күттірмес  мәселе.  Әсірсе,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеудің 

мазмұны  осы  жастағы  балалардың  ерекшеліктеріне  сай  келуі  тиіс.  Негізгі  міндет  –  балалардың 

жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін 

ояту  нәтижесінде  оның  рухани  -  адамгершілік  қасиеттері  қалыптасады.  Рухани  -  адамгершілік 

құндылықтармен  білім  жүйесін  дамытып  қалыптастыру  жаңа  қоғамның  дамуындағы  мәні  зор, 

маңызды бағыт [4]. 

Рухани  -  адамгершілікке  тәрбиелеу  білім  берумен  ғана  шектелмейді.  Адамгершілік 

тақырыбы  -  мәңгілік.  Жас  ұрпақтың  бойына  адамгершілік  қасиеттерді  сіңіру  ата  -  ана  мен 

ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар 

бұлағы  -  халқында,  отбасында,  олардың  өнерлерінде,  әдет  -  ғұрпында.  Әр  адам  адамгершілікті 

күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. 

Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады»,  — дейді. 

Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін 

үздіксіз  ұялата  білсек,  ертеңгі  азамат  жеке  тұлғаның  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуына, 

айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз [1]. 

Рухани  -  адамгершілік  білім  беру  –  жас  ұрпақтың  бойына  өмірдің  мәні,  сүйіспеншілік, 

бақыт,  сыйластық,  татулық,  бірлік,  төзімділік  сынды  құндылықтарды  дарыту  арқылы  адамның 

қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына яғни 

сәнді  де  мәнді  өмір  сүруіне  қызмет  етеді.  Адамгершілік  тәрбиесі  оқушыларды  адамгершілік 

ұғымы,  принциптері,  мінез-құлық  нормалары  жайындағы  біліммен  кемелдеңдіреді.  Оқушылар 

оларды  оқып  үйренумен  шектелмей,  оқу,  тәрбие,  еңбек  процесінде  іске  асырғанда  адамгершілік 

олардың  сеніміне  айналады.  Адамгершілік  қатынастар  моральдық  нормалармен  өлшенеді. 

Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп 

сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. 

Адамгершілік  тәрбиесінің  теориялық  мәселелері  өл-Фараби,  Ыбырай,  Абай,  т.б. 

еңбектерінде  кеңінен  қолданыс  тапқан.  Әл-Фараби  "Адам  өз  өмірінің  қожасы,  сондықтан  өз 

бағытын  өзі  жасауы  керек.  Ол  не  нерсеге  де  ұқыптылықпен  қарап,  жиған  -  тергенін  орынсыз 

шашпай,  кез  келген  адамға  сырын  ашпай,  өзінің  мақсат  мүдделері  жөнінде  достарымен  ғана 

бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген. 

Бүгінгі  таңдағы  Қазақстан  жайында  оқушылардың  рухани  азаматтық  сезімін 

қалыптастырудың,  адамгершілікке  негізделген  ұлтаралық  береке,  бірлікті,  ынтымақтастықты, 

бейбітшілікті  нығайтудың  маңызы  зор.  Осыған  байланысты  оқу-  тәрбие  үрдісінде  оқушыларды 

отансүйгіштікке,  ерлікке,  адалдыққа,  елін,  жерін  қорғауға.Тәрбиенің  жалпы  негізі  рухани  - 

азаматтық  құндылықтары  болуы  керек.  Рухани  -  азаматтық  құндылықтар  үлкен  мен  кішінің 

арасындағы  шынайы  қарым  -  қатынас  кезінде  бала  бойына  дариды.  Үлкенді  сыйлау 

адамгершіліктің  бір  негізі.  Адамзаттық  құндылықтар  бала  бойына  іс-әрекет  барысында,  әр  түрлі 

ойындар,  хикаялар,  ертегілер,  қойылымдар  арқылы  беріледі.Адамгершілік-адамның  рухани 




262 

 

байлығы,  болашақ  ұрпақты  ізгілік  бесігіне  бөлейтін  руханиет  дәуіріне  жаңа  қадам  болып 



табылады.  Адамгершілік  тәрбиенің  нәтижесі  адамдық  тәрбие  болып  табылады.  Ол  тұлғаның 

қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады [3]. 

Адамгершілік  қоғамдық  сананың  ең  басты  белгілерінің  бірі  болғандықтан,  адамдардың 

мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. 

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Адамгершілік әр адамға тән 

асыл  қасиеттер.  Адамгершіліктің  қайнар  бұлағы-  халқында,  отбасында,  олардың  өнерлерінде, 

әдет-ғұрпында.  Әр  адам  адамгершілікті  күнделікті  тұрмыс  —  тіршілігінен,  өзін  қоршаған 

табиғаттан  бойына  сіңіреді.  Қай  заманда  болмасын  адамзат  алдында  тұратын  ұлы  мұрат-

міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.  

Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Қазір қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа 

ұрпақты – жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы. Өйткені «Әр адам - 

өз  заманының  баласы».  Сол  себепті  адамды  заман  билейді,  заманына  сай  заңы 

туындайды.Оқушының  жасын,  жеке  ерекшелігін,  психикалық  процестерін  ескере  отырып, 

жетілген ұрпақ тәрбиелеу үшін мынадай міндеттерді орындауымыз керек: 

- еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру; 

- тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру; 

-  өзіне-өзі  қызмет  ету  дағдыларына  үйрету;-  отбасы  мүшелерімен  өзара  дұрыс  қарым-

қатынасын,  тіл  табысып,  түсінісуін,  бірін-бірі  тыңдап,  ата-ананы,  туыстарын,  жасы  үлкендерді 

сыйлап, құрмет тұтуға үйрету; 

-  оқушыны  оқыған  шығармалардың  басты  кейіпкерлерінің  іс-әрекеттерінің  жағымды 

жақтарына  көңіл  аударып,  талдауға,  түйін  жасауға  үйрету;-  оқылған  мәтіндерден  кейіпкерлерге 

берілген авторлық көңіл-күйді табу; 

- оқушының сана-сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпал жасай отырып, 

шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу; 

-  оқушылардың  сабақтар  бойынша  алған  білім,  білік  дағдыларын  одан  әрі  да-мытып, 

тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу; 

оқушыларды 



сөйлету 

арқылы 


кейіпкерлердің 

іс-әрекетін 

салыстыру, 

қорытындылау,бағалауға үйрету;- оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік мәнін оятуға бағдар беру. 

Тұлғаны  рухани  –  азаматтыққа  тәрбиелеудің  маңызы  зор  екенін  осыдан  көруге  болады. 

Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына 

байланысты.  

Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу  жөндеп, демеп жіберу 

ата - ана мен тәрбиешіге жүктелер міндет. “Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, 

бақытта  қонады”  деген  сөзге  сүйенсек,  жағымсыз  қылық  -  қасиеттер  болса  одан  арылту  қажет. 

Көптеген  қайырымды  істер  жасап,  жақсы  мінез  -  құлықтарды  өн  бойыңа  жинап,  ақылдылық 

танытсаң,  міне  адамшылдық  болғаны.  Қорыта  келгенде,  уақыт  талабынан  туындап,  білім  беру 

жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді 

қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім 

саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз [4]. 

Қай  заманда,  қай  қоғамда  болмасын  адамзат  баласы  жас  ұрпақтың  тәрбиесіне  зор  мән 

берген. Қазіргі қарыштап дамыған елде, ең алдымен, ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріліп отырғаны  

белгілі. Себебі ұлттың бүгіні де, болашағы да өскелең ұрпаққа байланысты.  Осы тұста жоғары оқу 

орындардың  алдына  қоятын  басты  мәселелерінің  бірі  –  өркениетті,  азаматтық  –  адамгершілік 

қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық құндылығын жоғалтпаған, бәсекеге түсе алатын биік, өрелі,  терең 

білімді  ұрпақ  тәрбиелеу.Тәрбие  –  қоғамдық  үздіксіз  үрдіс,  қоғам  мен  жеке  тұлғаның  қарым  – 

қатынасындағы  басты  жүйе.  Оның  негізі  өлшемі  өмірге  қажетті  тұлғаның  жеке  қасиеттерін 

қалыптастыру.  Адам  бойында  саналы  тәрбие  мен  байыпты  мінез  қалыптастыру,  рухани  дүниесі 

бай  интеллекті тұлға тәрбиелеу ұстаздың мақсатқа бағытталған іс – әрекетіне байланысты. 

Тәрбиенің негізгі міндеті — қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың бойында борыш, 

намыс, ар- ождан, қадір- қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру [2]. 

Қазіргі  таңда  елімізде  болып  жатқан  әлеуметтік,  экономикалық,  саяси,  мәдени 

жаңалықтарға  байланысты  оқу  үрдісін  ұлттық  сипатта  ұйымдастыру  –  заман  талабы.    Әр 




263 

 

халықтың  өзіне  тән  дәстүрі,  оның  білім  беру  мәдениеті  осы  оқу  —  тәрбие  үрдісіне  тікелей 



байланысты.Қазақ  халқы  –  өзінің  бай  тарихи  мұрасын,  өнері  мен  тілін,  салт  –  дәстүрін,  әдеп  – 

ғұрпын, рухани – адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған [2]. 

Халқымыздың  ғасырлар  бойы  ұлан-  байтақ  жерін  сыртқы  жаулардан  қорғауда  ерлігімен 

көріне білген батырлары мен қолбасшыларын, халқының сөзін сөйлеп, ел қамын ойлаған шешен 

— даналарын мақтан еткен. Отанымызды қорғау, шежіреге толы тарихын білу, тілі мен дәстүрін 

сақтау, зерттеу – азаматтық борышымыз. Рухани – адамгершілік тәрбие – белгілі бір мақсатқа қол 

жеткізе білетін мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез- құлықтағы адами 

тәртіп  пен  рухани  дағдыны  қалыптастыратын  жалпы  азамзаттық  тәрбиенің  құрамдас  бөлігі. 

Ұлттық  дәстүрлер  арқылы  оқу  –  тәрбие  үрдісінде  адамның  рухани  мәдениетін 

қалыптастыру.Ұлттық  дәстүрлер  арқылы  адамның  психологиялық  ерекшеліктерін  зерттеп, 

дамыту.Салт – дәстүрлер негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани 

құндылық білу.  

Бұл  мәселеге  байланысты  елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев:  «…  жаңа  жағдайларға  байланысты 

бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық 

өмірдің  барлық  саласында  ұлттық  және  дүниежүзілік  құндылықтарды  қабылдауға  қабілетті, 

рухани  және  адамгершілік  мүмкіндігі  мол  тұлға  қалыптастыру  болып  табылады»,  —  деп  атап 

көрсетті.Міне,  осы  тұста  қоғамға  жан-  жақты  білімді,  жоғарғы  мәдениетті,  еңбекқор,  іскер 

ізденімпаз, қабілетті, шығармашыл тұлға қажет. Ондай тұлғаны орта және жоғарғы оқу орындары 

тәрбиелейді [2]. 

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық шарттары – оқушылардың белсенді 

өміршіл,  саналық  көзқарасын,  сөз  бен  істің  бірлігін  адамгершілік  нормаларынан  ауытқуларына 

жол бермеуді қалыптастыру. Ол адамның жеке басының қалыптастырушы дамудың аса маңызды 

бір саласы. Бұл арқылы Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды.  

Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан- жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен  бастайды. 

Себебі  бұл  оның  адамгершілік  сезімін,  сенімін  белгілі  бір  мақсатқа  жетелеу  іс–әрекетін 

ұйымдастыруды жетілдіреді. 

Ізгілік  отбасынан  бастау  алады,  оған  ата-  ананың  берген  тәрбиесі,  тұрмысы  ықпал  етеді. 

Халықтық  мақал  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілерсің»  адамгершілік  тәрбиенің  негізгі 

отбасында қалыптасатынын көрсетуде.  

Халық,жанұя  құндылықтарын  ауызша  халық  шығармашылығы  арқылы  тапсырады,  

мысалы,  аңыз  ертегілерді,  ырымдарды,  салттарды  қолданады,  дін  арқылы,  әртүрлі  қоғамдық 

ұйымдар арқылы т.б. Халық ауыз әдебиеті адамгершілік –эстетикалық тәрбие беруде баланың ой- 

өрісін дамытады. Олардың тіл байлығы және шексіз шешендік мүмкіндіктерін арттырады. 

Адамды    кішіпейілділікке,  адамгершілікке  тәрбиелеуде  қазақ  халқының  тәлімдік  тиімді 

құралының  бірі  –  ертегі.Шебердің  қолы  ортақ,  —  деп  адам  бойындағы  өнер  жалпы  халықтың 

қазынасы  екендігін  уағыздайды.  Мақал  бойындағы  тапқырлық  пен  өткірлік,  дәлдік  қазақтың 

тәлім- тәрбиелік құралы ғана емес – дауға да тоқтам салған қаруы болған [2]. 

Студенттердің рухани адамгершілік тәрбиелеу мәселесі әрбір ата- ананың, қоғамның және 

жалпы мемлекеттің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі, себебі қоғамда жас ұрпаққа рухани 

тәрбие беру мәселесіне қатысты күрделі проблемалар қалыптасты. Қазіргі таңда өскелең ұрпаққа 

арналған  нақты  өмірлік  бағдарламаның  болмауы,  қоғамдағы  рухани-  адамгершілік  ахуалдың 

төмендеуі,  балалармен  бос  уақыттағы  мәдени  жұмыстарының  әлсіздігі,балалардың  физикалық 

дайындығының нашарлауы және тағы басқа мәселелер өзекті болып отыр. 

Білім беру жүйесі тұлғаның рухани дамуына жоғары деңгейде кепіл бола алмайды, өйткені 

тәрбие – бұл күнделікті өмірдегі адамның әрбір адамға деген құрметі мен сыйластығы негізіндегі 

басқа  адамдарға  деген  қарым  –  қатынасын  анықтайтын  тұлғаның  сапасы.К.Д.  Ушинский: 

«Тәрбиелеудің  басты  міндетін  адамгершілік  әсер  етуден  құрайды»,-  десе,  дана  Абай:  «Ақпейіл 

және ықыласты жүрек адамды жетелеуі тиісті,сонда ғана оның еңбегі және табыстылығы ерекше 

мәнге  ие  болады.  Адам  болып  дүниеге  келу  жеңіл,  бірақ  адам  болу  қиын»,-  деген  болатын. 

Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ  ұрпағымыз тәрбиеден ғана  рухани байлық алып, 

тәрбие арқылы  ғана  Адам болып қалыптасады [2]. 



264 

 

Адамның адамгершілік негіздері  болмаса, ол  еркінен, өмірлік бағдарынан  тез айырылып, 



тағдырдың  ойыншығына  немесе  қылмыс  әлемінің  құрбанына  айналады.    Ондаған,  мыңдаған 

нашақорлар,  маскүнемдер,  қаңғыбастар,  қамқорсыз  балалар,  жетімдер  –  бұл  күннің  шындығы. 

Әсіресе  балалар  мен  жасөспірімдер  кері  жолға  бейім  болады.Әрине  әр  адам  өз  өмірінің  қожасы 

және  ол  өз  өмір  жолын  өзі  таңдайды,  басқа адамдармен  қарым  –  қатынас  жасайды,  қателіктерге 

бой  алдырады.  Сені  қоршап  тұрған  жағдайды  өзгертуге  болады,  бірақ  өзіңнің  ішкі  әлеміңнен 

қашып  құтыла  алмайсың.    Сонымен  қатар,  егер  адамның  жаны  немесе  рухы  сырқат  болса,  онда 

ешқашан сау бола алмайды.  

Сондықтан  адамның  қандай  рухани  құндылықтарды  игергені  өте  маңызды.  Адамгершілік 

тәрбиесі оқу тәрбие үрдісінің барлық саласында, оқыту, білім беру және еңбекке баулу үрдісінде 

жүзеге асады. Тәрбиелі болу үшін адамгершілік қасиеттерді жатқа білу жеткіліксіз, оның терең ой 

елегінен өткізу, бастан кешіру, мінез- құлыққа бекіту керек [2]. 

Тәрбие  ісі  нақты  кезеңнің  ерекшеліктерін  сақтай  отырып,  болашаққа  бағдар  береді,  жеке 

тұлғаны  соған  дайындайды.  Жеке  тұлғаның  адамгершілік  құндылықтары  өмірге  келген  күнінен 

басталады.  

Рухани  дүниесі  бай,  қажеттіліктері  мен  қызығушылықтары,  талғамы,  ой-өрісі  кең 

адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз.  

Мінездің  тұрақтылығы  адамның  рухани-адамгершілік  түсініктерінен  туындайды.  Ендеше, 

оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу – 

қоғамымыздың басты мақсаты. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде мұғалім оқушыны тұлға ретінде 

танып біліп қана қоймай, оның дамуында кешегіні, бүгінгіні, болашақты көре білуі қажет. 

Түйіндей келе, адамгершілік тәрбиесі – бұл адамның туғаннан басталатын және өмір бойы  

жалғасатын, адамдардың  мінез- құлық нормаларын игеруіне бағытталған үздіксіз үрдіс [2]. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Айнұр Мыханова, «Рухани жаңғыру – жеке тұлғаға рухани-адамгершілік тәрбие берудің 

негізі», https//syr-media.kz 

2. «Ұрпақ тәрбиесіндегі рухани-адамгершілік мәселелері»// https//tarbie. Kz 

3.  Ералиева  Жаңагүл  Қалыбекқызы,  «Рухани  жаңғыру  –  табысты  ел  болудың  кепілі» 

https//ust.kz 

4. 

«Рухани  жаңғыру  –  жеке  тұлғаға  рухани-адамгершілік  тәрбие  берудің 



негізі»,https//infourok.ru 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет