Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет125/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Т

ү

й

і

нд

і

 сөздер: 

білім,


 мақсат,

 инновация, маман, тұлға, ағылшын тілі.

 

 



265 

 

Елбасы,  Ұлт  Көшбасшысы  Н.Назарбаевтың  «Ұлт  жоспары.  5реформа.100  нақты  қадам»  –



жоспарының  негізгі  мақсаты  «АУРУЛАРДЫҢ  СЫРТҚЫ  БЕЛГІЛЕРІН»  СЫЛАП-СИПАП  ҚОЮ 

ЕМЕС,  ОЛАРДЫ  «ЖҮЙЕЛІ  ЕМДЕУ»  болып  табылатын  қоғам  мен  мемлекетті  түбегейлі  қайта 

өзгертуге негіз қалайды» делінген бағдарламалық құжаттың 79 қадамында білім беру жүйесінде – 

жоғары  сыныптар  мен  ЖОО-ларда  ағылшын  тілінде  оқытуға  кезең-кезеңмен  көшу  мәселесіне 

арналған.  Онда  басты  мақсат  –  даярланатын  кадрлардың  бәсекелестік  қабілетін  арттыру  және 

білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру делінген.  

«Бұл бағдарлама  сіздердің құзырларыңызға берілді. Шегінерге жер жоқ. Ендігі жерде бұл 

әлемдік  бағдарлама  болады.  «100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспары  туралы  барлықтарыңыз  жақсы 

білесіздер, сондықтан енді біздің қадамдарымыздың қандай болатынын біліп отырасыздар. Біз бұл 

жолдағы  барлық  қиындықты  жақсы  білеміз  және  осы  сынақтардан  сүрінбей  өтіп,  экономиканың 

даму қарқынын бәсеңдетпеуге тырысамыз», — деді Н.Ә.Назарбаев

[1]. 


Аталған  міндеттердің  жүзеге  асырылуы  ел  келешегінің  кемел  болашағының  жарқын 

болуына негіз болуы сөзсіз. 

Білім  сапасын  арттыру,  ұлттық  тәрбиені,  инновацияларды  ендіру,  әлемнің  басқа  жетекші 

университеттерімен  белсенді  ынтымақтастықты  орнату,  оқытушылар  мен  студенттердің 

академиялық  ұшқырлығы,  қосдипломды  білім  беруді  енгізу  арқылы  жоғары  деңгейдегі  бәсекеге 

қабілетті мамандарды қалыптастыруымыз қажет деген сөз.  

Білім сапасын арттыру мәселесі педагогика ғылымында қай кезеңде болсын өзекті болған. 

Білім деген ұғымның өзі сан қырлы. 

ХХ  ғасырдың  басында  Жүсіпбек  Аймауытов  «Сабақ  беру  –үйреншікті  жәй  ғана  шеберлік 

емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен.  

Инновациялық үрдісті жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты 

енгізу  үрдісіне  басшылық  жасау  мәселелерінің  маңыздылығы  Н.Горбунова,  М.Кларин, 

А.Лоренсов,  М.Поташник,  П.Пидкасистый,  Л.Романова,  В.Загвязинский,  А.Найн,  Т.Шамова, 

О.Хомерики, Н.Юсуфбекова зерттеулерінде қарастырылған[2]. Инновациялық процесс түсінігі, ол 

барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық 

жаңалықтардың өзгеруіне байланысты[3]. 

Осы  аталған  жайттарды  есепке  алатын  болсақ,  инновациялық  үрдістің  негізі- 

жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі.  Кез келген жаңа әдіс 

жекелік,  сондай-ақ  уақытша  жоспарға  жатады.  Яғни,  бір  мұғалім  үшін  табылған  жаңа  әдіс, 

жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. Инновациялық процесті болжау барысында 

қолданылатын инновациялық іс-әрекеттер тереңдетіліп, кеңейтіледі. 

Жалпы көптілді  меңгеру деген ұғым қазақ дүниетанымында  бұрыннан бар түсінік. Қазақ 

даналығында  «жеті  жұрттың  тілін  білу»  деген  нақыл  сөздің  астарында,  жастардың  бойынан 

қарым-қатынас  шеберлігін,  ел  мәдениетін  үйретіп  қана  қоймай,  әлеуметтік  тұрпатын 

қалыптастыруға,  оны  белгілі  бір  этникалық,  мәдени  топтың  мүшесі  ретінде  тәрбиелеуге,  ұлттық 

сана-сезімін  қалыптастыруға  бағыттайды.  Жалпы  адам  неғұрлым  көп  тілдерді  білген  сайын, 

соғұрлым  мүмкіндіктері  де  арта  түседі.    «Мәдениет  –  адамды  тұлға  деңгейіне  көтеретін  негізгі 

құрал»  болып  табылатындықтан  тіл  мәдениеті  де  тілдік  тұлғаның  әлеуетін  көрсететін  негізгі 

құндылықтардың бірі. 

«Тұлға  бөлшектер  бойынша  қалыптаспайды»  деген  еді  А.С.  Макаренко.  Жастар  өзі  өмір 

сүріп отырған мемлекеттің өткені мен келешегін, оның алдында тұрған жоспарларды жақсы білуі 

қажет. 


Қазақстанды  бүкіл  әлем  халқы  үш  тілді  бірдей    пайдаланатын  жоғары  білімді  мемлекет 

ретінде  тануы  керек.  Ол  үшін  қазақ  тілін  –  мемлекеттік  тіл,  орыс  тілін  –  қарым-қатынас  тілі, 

ағылшын  тілін  –  жаһандық  экономикаға  кірігу  тілі  ретінде  игеру  жас  ұрпаққа  жаңа  жол  ашады. 

Жалпы адам неғұрлым көп тілдерді білген сайын, соғұрлым мүмкіндіктері де арта түседі. Өз ана 

тілінен  басқа  бір  шет  тілді  меңгерген    адамның  келесі  тілдерді  меңгеруі  әлдеқайда  жеңіл 

болатынын  психолог  ғалымдар  дәлелдеген.  «Қандай  да  болмасын  бір  өзге  тілді  білетін  адамға 

екінші тілді меңгеру біріншіге қарағанда айтарлықтай жеңіл және тез болады. Себебі, бірінші өзге 

тілді  меңгергенде,  адамда  ана  тіліне  қосымша  үйренуші  тіл  сезімі  қалыптасады,  сонымен  қатар, 




266 

 

жалпы  тіл  ерекшеліктерін  айыра  білу  қабілеті  дамиды,  осы  қабілеттің  арқасында  адам  тек  қана 



үйренетін тілдің емес, жалпы тілдердің арасындағы ерекшеліктерді айыра алады». [4]    

Қорыта  келе,  Ұлт  Жоспарын  табысты  орындау  қолайлы  халықаралық  ахуалды  қажет 

ететінін  атап  өткіміз  келеді.  Қазақстанның  жұлдызы  жоғары,  жолы  нұрлы  болсын! Елдіктің  туы 

биікте желбіреп, абыройымыз асқақтай берсін!   

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Ана тілі газеті. № 47 (1305),26 қараша - 2 

желтоқсан,2015 жыл 

2. Сластенин В.А., Исаев И.Ф. Педагогика Уч. пособие. – М.: Школа-пресс, 1997.-512  с. 

3. Ангеловский К. Учителя и инновации. М., 1991 

4. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. І том – Алматы, 

1994-320 б 

5. Педагогика. Сөздік. – Орал: БҚМУ, 2002 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет