Түйінді сөздер: кумулятивтік, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, когнетология,
этногенез
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихи қойнауында ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып
отырған рухани – мәдени мұрамыз, ұлттық құндылықтарымыздың бірі – батырлық жырлар.
Фольклорымыздағы батырлық жырлардың даму тарихы әріден, түркі тілдес тайпалардың өз
алдына жеке халық болып қалыптасып үлгермеген кезінен бастау алады. Халық фольклоры мен
поэзиясының негізі сол тұстағы ұжымдық қоғамдастықтың танымынан шыққан батырлық
жырларда жатыр. Батырлық жырлардың идеялық, көркемдік тұрғысынан дамуы эпосымыздың
өрісі кең дүние екенін бейнелеп отыр. Батырлардың отансүйгіштік, жеңіске деген құштарлықтары
халықты сүйсіндіріп, олардың ерлік жолында жасаған істері кейінгі ұрпаққа жетіп, бүгінде ұлттық
танымымызды көрсететін байлығымызға айналып отыр.
Осыған сәйкес қазіргі тіл әлемінде халқымыздың рухани өрісімен сабақтаса қалыптасқан,
кумулятивтік функциясы негізінде бейнеленген ана тіліміздің негізгі мәдениетке тікелей қатысты
аса бай тілдік қазынасының ұлттық болмыс – мазмұнын, аксиологиялық мәнін деректік сипатта
белгілеп, дәйектейтін зерттеу жұмысына қосылатын нақты дәйектік үлес – «Қырымның қырық
батыры» жыр циклі болып табылады.
«Қырымның қырық батыры» жыр циклінің тілдік деректердің болмыс пен мәдениетке
қатыстылығын зерттеу аса маңызды. Осыған байланысты жырдың этногенездік мазмұнын
сипаттау қазіргі заман болмысымен сабақтасып отыр.
Бұрынғы заман адамдарының түрлі тарихи – әлеуметтік кезеңдердегі өкілдерінің
этномәдени болмысы, тіл байлығы қазіргі «Қырымның қырықт батыры» секілді тарихи
мұраларымыздың көздері арқылы келді дейтін болсақ, батырлық жырдың мазмұн негізінен
жиналған лингвистикалық деректемелердің мазмұнындағы архетиптік болмыс пен мәдени
байлықты сипаттайтын ұшан теңіз мәліметтер мен этногенезистік мәліметтер, сол мәтіннің көркем
текстте айшықталған ерте кездегі тілдік материалдар дана халқымыздың ұзақ уақыттағы
этномәдени дамуын, рухани және материалдық құндылықтарын, түпкі тереңін танудың бір
құралы, маңызды таным бірлігі ретінде зерттелуі керек.
Олай болса, қазіргі тіл білімінде тілдің болмысы мен мәдениет саласы байланысын, тіл
әлеміндегі ұлттық болмыс сипатты, ұлттық рухты, ұлттық таным – түсінікті танып білуге
негізделген жаңа ғылым саласы когнетология, оның өзі лингвомәдениеттану, этнолингвистика т.б.
салаларға бөлінеді. Негізін қалаған: В.Гумбольдт, А.Потебня, Қ.Жұбанов, Е.Жанпейісов,
26
Р.Сыздық, Ж.Манкеева т.б көрнекті ғалымдарды атап көрсетуге болады. Көрнекті
тілтанушылардың ұлт пен тіл, тіл мен мәдениет қағидасына сай кешенді сипаттағы зерттеу
еңбектерін негізге ала отырып «Қырымның қырық батыры» сынды рухты эпостарымызды бүгінгі
кезеңнің болмысына сай жалғастырып, игеру лингвистикада аса маңызды.
Осыған байланысты, қазақ тілінің киелі лексикасында ұзындық, биіктік, қалыңдық
өлшемдері айрықша орын алады. Қазақтың ертеде ұзындық өлшемдеріне байланысты қолданған
сөздері тіл қазынасының таптырмас байлығының бірі. Көне өлшем бірлік атауларынан қалған
кейбір сөздер ана тілімізде әлі де өз маңызын жойған емес.Уақыт өлшемдерінің қас - қағым
сәтінен бастап, шексіздікке дейінгі әсіресе бірліктерге бөліп, сан түрмен аталуын халқымыздың
ауыз әдебиетіндегі көне де құнды қазынамыз – «Батырлар жырынан», яғни «Қырымның қырық
батыры жырынан да» кездестіруімізге болады.
Ұзындық, биіктік, қалыңдық өлшемдері – қар, ариын, қарыс, қарыссүйем, сере қарыс, кере
қарыс, жырта қарыс, елі, шынтақ, табан, бармақ, сүйем, құлаш, адм және тағыда басқа. Ана
тіліміздегі ұзындық, биіктік, қалыңдыққа байланысты айтылатын өлшем атаулары көбінесе дене
мүшенің қатысы арқылы беріледі.Осы келтірілген өлшем атаулары жырда Жырдағы өлшем
атауларына тоқталсақ:
Ноғайдан қашып, заңғардың
Қорғалаған жері еді.
Сексен аршын қаласы,
Мықтылығы сол еді [1,73].
(«Құттықия жыры» )
деп келтірілсе, Мұса хан жырында:
Алпыс аршын қаласы,
Дарбазасы саны алтау,
Бір жағында көлденең
Биік жатқан тауы бар.
Ар жағында дария
Тасып жатқан суы бар,
Бер жағында қалың нуы бар,
Келе ме екен шамаңыз?! [1,138].
(«Мұса хан жыры»)
Аршын сөзі тілімізде сирек қолданылады, иран тілінде «әрш» сөзі біздің тілімізде
«шынтақ» мағынасын береді. Ана тіліміздегі ұзындық, биіктік, қалыңдық өлшем атаулары
көбінесе дене мүшенің қатысуымен қалыптасқан. Академик, түркітанушы, қазақ этнографиясына
өзіндік үлес қосқан көрнекті ғалым Радлов «арш» - саусақ пен шынтақ ұшына шейінгі аралық деп
көрсеткен (В.Радлов 331б). «Арш» сөзі түркі тіліне ауысқаннан кейін, сөздің түбіріне –ын, -ун
жұрнақтары жалғану арқылы ұқсастыру – кішірейту мағынасында бұл сөз жырда ұзындқ өлшемін
білдірген. Башқұрт, өзбек, қарақалпақ, татар, әзербайжан, бүтін түрік тілдерінде - аршийн,
аршыйн(arsіn),аршун,арджун, якут тілінде – ассы:н, (arsі:n), чуваш тілінде - аршан (apshan).Кейбір
деректерде «Аршын» – жарты метрге жуық ұзындық өлшемі делінсе [ҚТТС., 2,112], кейбір
дереккөздерде Аршын – метрге тең өлшем, кез деген мағынаны білдіреді. Жырдағы «Мұса хан»
мен «Құттықия» батырлардың бөлімінде алпыс,сексен есептік сан есімдерімен контексте тіркесе
келіп өлшемнің атауын беріліп тұр. Орыс ғалым Э.В.Севортянның сөздігінде бұл сөзге сантиметр
деген мағына телінген.Ғылыми деректер мен сөздіктерге сүйенсек сандық өлшем бірліктің атауы
екеніне толық көзіміз жетеді.Түркі тілінде әр түрлі фонетикалық варианттарда кездесу арқылы
этнолингвист Е.Жанпейісовтың еңбегінде этнографизм ретінде көрсетілген. Зерттеу еңбектерін
саралай отырып өлшем атауының түрлі варианттарда кездесетінін көрдік, В.Г.Егоров аршын сөзін
аршан/аршам тұлғасында қолданып, бұл сөздің мағынасын шынтақ деп келтіреді.Зерттеу
жұмысының барысында көптеген еңбектерді оқи отырып аршын сөзі парсы тілінен алынған деген
тұжырымдама жасадым. Өлшем атауларының адамның дене мүшелеріне қатысты аталуының тағы
27
бірі дәлелі болса керек – ті. Ежелгі түркі ескерткіштерінде аршын, аршун, арчин варианттарында
кездесетін бұл сөздің түпкі мағынасы шынтақ болғанымен, аршын сөзі өлшем атауына жақын
болғандықтан осы сөздің бұрын қолданылғандығы, өлшемдік мәні басымдау екені анық.Орта Азия
халықтары көбіне аршынмен мата өлшеген, әрі бұл атау екпін, қарқын деген ауыспалы мағынағада
ие болған.
Ұзындық, қалыңдық, биіктік өлшемдерінің бірі – құлаш. Түркі тілдерінің бір қатарында
бұл атау «есепсіз ұзын» деген мағынаны береді.
Құлаш – иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы.Сөздің бастапқы кездегі
морфологиялық тұлғасы : қол + аш(ашу етістігі)қолды ашу, жазу деген мағынада. Қазақ тіл
білімінің негізін қалаушылардың бірі Қ.Жұбанов өлшем мәніндегі бұл сөзге мынадай ой келтірген:
«Қатар тұрған екі ағаштың біреуін құлаштап өлшеп, бес құлаш екенін біліп, екіншісін қарыстап
өлшеп, елу қарыс екенін біліп алып, одан кейін бұл екі санды қосып екі ағаштың ұзындығының
елу бес қарыс немесе оны не құлашқа, не қарысқа айналдырып отырған». Қолаш//Құлаш
вариантына дейін өзгеріске ұшыраған өлшем атауы жырда мына
Жүрісі тыныш жорға бер,
Жүрсем, тыныш өзіме.
Бір жүйрік ат тағы бер,
Жау көргенде, өзімді,
Жеткізбей тұрып, асайын.
Қырық құлаш арқан бер,
Шыңырауға салайын,
Суын тартып алайын.
Бір айлық азық беріңіз,
Жолдас алып, не етейін,
Көріп келген жерім ғой .
Адаспай-ақ жетейін [1,205].
(«Қарасай Қази» жыры)
деп келтірілсе, дәл осы жырда:
Сонда Қази қатынға шаппайтын жорға, жер басқаннан қалмайтын жүйрік береді. Қырық
құлаш арқан, бір айлық азық береді... [1,205].
(«Қарасай Қази» жыры)
Жырдағы тағы бір өлшемнің атауы қарыс.Қарыс - бас бармақ пен ортаңғы саусақтың
аралығымен
өлшейтін
ұзындық
өлшемі
[ҚТТС.,20,
119].
Түркі
тілдерінде
қарыш/қарич/қарыс/xarus сияқты фонетикалық варианттарда кездеседі. М. Қашқари түркі әлемінің
құнды еңбегі «Түркі тілдерінің сөздігінде» қариш/karich түрінде ұшырасып, Bіr karich тіркесін осы
сөздің ұзындық өлшеміне қатысын мағына жағынан аша түсу мақсатында мысал ретінде
келтірілген [М. Қашқари,426].Кейбір түркі тілдерінде қары – зат есім болып табылады.Қазақ
тілінде өнімсіз –с, - ш жұрнақтары жалғану арқылы бұл сөз сәйкесінше өзгеріске ұшырап қарыс,
қарыш деп ұзындық өлшемі ретінде қолданылады.Бұл сөз жырда өзінің бастапқы позициясында
емес, морфологиялық тұлғасы өзгеріске ұшырап қарыс + ты вариантында кездеседі.Мысалы мына
жыр жолдарында қарыс зат есімінің орнына қарысты сын есімінің тұлғасында қолданылып тұр.
Найза ұстаған қолдары
Екеуінің де қарысты.
Лашын құстай шүйіліп,
Жауатын бұлттай мұнартып,
Бегіс сонда ақырды,
Дауысы жерді көшірді.
Ақ найзасын ол былғап,
Сонда қанға малынды [1,343].
(«Ер Бегіс» жыры)
28
Түрколог ғалым К. Дыйканов қарыш(с) атауына мынадай түсініктеме береді: “Бұл сөз екі
морфемадан тұрады, алғашқы морфема қар “қол” деген мағынаны білдірсе, екінші морфема -
ши(ич) “қолдың ішкі бөлігі” деген мағынаны білдіреді, екеуі қосылып “қолдың ішкі бөлігінің
ұзындығы” екенін анықтайды [Дыйканов К.,87].
Жырда қарыс сөзінің тағы бір нұсқасы ұшырасады. Сере—ұзындық өлшемі, ертедегі
қазақтар тұрмыста қарыс, сүйем, елі, табан, сере өлшемдерін жиі қолданған. Сере сөзі
Жаңбыршыұлы Телағыс жырында былай келтіріледі:
Маңдайының арасы
Екі қарыс сере бар.
Ту сыртынан қарасаң,
Бекіре балық сазандай.
Қарсы алдынан қарасаң,
Басы бақыр қазандай [1,324].
(«Жаңбыршыұлы Телағыс»)
Жырда сере мен қарыс екі өлшем атауы қатар қолданылып тұр, яғни бұл жерде қарыс екі
деген реттік сан есіммен қатар келу арқылы өлшем атауын білдіріп тұрса, сере сөзіде батырдың
маңдайының арасын анықтай, айшықтау түсу мақсатында қолданып тұрғанын көреміз.
Адым - жүру кезіндегі екі аяқтың аралық қашықтығы [ҚТТС, 20,56]. Адым сөзі қазақ,
қарақалпақ, қырым татарлары, ноғай, татар тілдерінде адым, әзірбайжан тілінде азым, өзбек
тілінде әдим, башқұрт тілінде адим, түркімен тілінде ута, чуваш тілінде утам деп келтіріледі.
Жоғарыда атап өткен тілдердегі адым сөзінің семантикасы - адымдау, аяқты басу, жүру, жүріс,
аяқпен жасалатын қозғалыс. Түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігінде әр кезеңде түрліше
мағынаға ие болып отырған. Адым сөзі Э.В.Севортянның айтуынша 12 – 13 ғасырда Орта
Азиялық теферистердің лексикасында “үш адымдық ұзындық өлшемі”, чуваш тілінде “1/24 жер
өлшемі” мағыналарын білдірген [3,88]. Адым сөзі Алтай тілдері семьясының көбінде “жүрілген із,
адамның ізі” деген мағынада қолданылса, чуваш тілінде “циркуль” деген мағынаны береді екен.
Егер де осы адым сөзі мен циркуль сөзін алып қарасақ, олардың функциялық бірлігінде
мағыналық ұқсастық бар екенін байқаймыз. Циркульдің аралығын ашып алып, белгілі бір
математикалық дүниелерді өлшеп анықтауымызға болады. Ал екі аяқ арасы арқылы адымдап
белгілі бір нысанды өлшеп қарауымызға болатынын да білеміз. Демек, адым сөзі түркі тілдерінің
кейбірінде мағыналық жағынан дамып, өлшемдік қызмет бірлігі негізінде дыбысталуы мүлде
бөлек циркуль деген жаңа сөз пайда болып отыр. Тамыры терең Осман түріктерінің тілінде “аяқ
басып өлшеу” мағынасын білдіретін ә:т тұлғасының адым, із тұлғасымен белгілі бір өлшемде
семантикалық байланысы болуы мүмкін деп ойлаймыз. Жалпы ат түбірінің мағынасын есте жоқ
ежелгі заманнан күні бүгінге дейін сақталғанын ғалым Б.Сағындықұлы да атап көрсетіп, олардың
қандай семантикалық мағынаға ие екенін былай жіктеп көрсетеді:
- жанды мақұлықтың қозғалысы;
- мұндай қозғалыстың объективті қажеттіктен ырықсыз болатындығы;
- қозғалыстың барынша жылдам, шалт өтетіндігі;
- қозғалыстың нәтижесінде мақұлықтың өз орнынан ажырап бөлінетіндігі;
- мұндай қозғалыстың табиғатта шексіз қайталанатындығы
[4,7]. Бұл жерде басты семантикасы қимылмен байланысты болған ат архитипі болмыстағы
сөзжасамдық ұяға айналып, тілдің даму сатысында аттау, ату, адақ, адым, тас атты, садақ атты,
тау атты сияқты туынды түбірлердің пайда болуына бастау болғанын байқауымызға болады. Түркі
тілдеріндегі адым сөзінің монғол тіліндегі адым сөзімен семантикалық ұқсастығы болуы әбден
мүмкін. Себебі бұл атау монғол тілінде “асығыс”, “тез жүру”, “шапшаң адым” мағынасын
білдіреді деп келтіріледі. Келтірілген пікірлерді салыстыра қарап, нақтылай түсетін болсақ,
“жүру”, “аттау”, “секіру”, “асығу” мағыналарын білдіретін ат, ад, атых, ат+ых тұлғаларының
мағыналық жағынан дамыта келе, өлшеу мағынасына ұласқанын аңғаруға болады. Өлшемдік
мағынаны білдіретін адым атауының этимологиясы қимыл-қозғалысты білдіретін ат, ад
29
түбір етістіктерімен байланысты қалыптасқаны анық.Қазақ тіл біліміндегі этногенездік
атаулардың ішіндегі өлшемге қатысты осы бір сөз Қобыланды батыр жырында былай келтіріледі:
Көзім, сенен қате болды ма,
Шамасын білмей аттым ба,
Қолым, сенен қате болды ма?!
Бұл ұйқының зардабынан
Буыным босап қалды ма.
Тобылғы меңді торы атым,
Жануар, адым аша көр,
Аяғыңды баса көр!
Манағы жүрген сұр құлан
Жансыз болып қалмасын.
Атаңа нәлет ит қалмақ
Бекініп сүйтіп аламысың.
Құлаштап аттап баса көр,
Адымыңды аша көр [5,121].
(«Қыдырбайұлы Қобыланды батыр»)
ӘДЕБИЕТТЕР
1) Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Т.50: Батырлар жыры. – Астана: Фолиант, 2008
2) Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. – Москва, 1978.
3) Сағындықұлы Б. Қазақ тілі:тағылым мен таным. – Кереку – Новосібір: Талер - Пресс,
2006.
4) Тұрышев А.Қ. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы заттық мәдениет лексикасы:
5) Монография. – 1 том. – Павлодар: Кереку, 2008
6) Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Т.51: Батырлар жыры. – Астана: Фолиант, 2008
Достарыңызбен бөлісу: |