Түйінді сөдер: Рухани жаңғыру, ұлттық құндылықтар, ұлттық сана, ана тілі, ұлттық тарих.
Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты басқаларынан ерекшелендіріп
тұратын тілі, ұлттық мінез-құлқы, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, тарихы т.б.
Бұл құндылықтарды ата-бабаларымыз өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып,
пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырған. Ұрпағының болашағы үшін ұлттық
құндылықтарымызды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мың өліп, мың тірілген
қазағымның осындай ерлігін, еліне деген шексіз ұлтжандығына құрметпен қарап, бағалауымыз
қажет. Сонымен қатар бізге де өз кезегімізде бұл құндылықты келер ұрпаққа жаһанданудың
салқынын тигізбей жеткізу парыз.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жарқын болашаққа
нық қадам басу үшін - ұлттық сана-сезіміміздің көкжиегін кеңейтіп, ұлттық болмыстың өзегін
сақтай отырып жетуге болатындығын негіздеп берді. Елбасы салт - дәстүріміздің, тіліміз бен
әдебиетіміздің, тарихымыздың бойымызда сақталып, жаһандық әлемнің жаңалықтарынан тыс
қалмауға шақырады.
Белгілі ғалым ағамыз Амангелді Айталы бұл жөнінде: «Мемлекеттің ішкі саясаты ұлттың
рухани кодының күрделілігіне негізделгенде ғана тиімді болады. Әлеуметтік деңгейі тұрғысынан
ұлттың білімі, мәдениеті, діндарлығы, кәсіби деңгейі, экономикалық табысы, тұрмыстық жағдайы,
қоныстануы, тууы, өлім-жітімі, отбасы және оның беріктігі, аралас некелер, қылмыстылығы, бір
сөзбен айтқанда, ұлттың әлеуметтік сапасы оның биік рухына негіз болады»,- дейді[1].
Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби айтқандай адамға ең алдымен тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы.
Ал, бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік – ол отбасы. Конституциямыз
бойынша әрбір отбасыға өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Отбасы
ұлттың әлеуметтік биологиялық тұрақтылығын, төлтума бітімін, ұлттық тәрбие арқылы ұлттың
құндылықтарын сақтап, оның басқа ұлтқа сіңіп кетуінің алдын алады. Құрамында көп ұлты бар
елдерде ұлтаралық некеден арылу мүмкін болмай отыр. Ғалымдар аралас некелердің шамадан тыс
жиілеуі ұлтқа қауіп төндіретіндігін ескертуде. Бұның ақыры аз ұлттардың басқа ұлтқа сіңіп, бара-
бара ұлт ретінде жойылуына, яғни ассимиляцияға әкелетіні болжамдалуда. Сонымен қатар қазақы
ұлттық болмыстың сақталуы жөнінен күтілетін аса қауіпті нәтиже – аралас некеден туылатын
балалар қазақтан гөрі өзге ұлт өкілінің қасиетін бойына көбірек сіңіреді екен. Ұлтын сүю сезімі
балаға ана сүтімен, анасының ана тілінде айтқан әлдиімен берілетіні белгілі. Кез келген ана
баласын өзінің бойына сіңген ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелейтіні де хақ. Кішкентайынан
анасы сәбиін емізіп отырып, өзінің ана тілінде әлдилеп ұйқтатқан сайын баланың құлағына
анасының тілі жағымды естіліп, ыстық болатыны анық. Сондықтан да, аралас некелі отбасында
балардың Анасының ана тіліне деген құрметі де ерекше болатыны сөзсіз. Өзгенің тілінде сөйлеп,
өз тілін ұмытудың соңы өз мәдениетін жоғалтуға алып келетін тура жолдың бірі деп білу керек.
Ұлт үшін тілден асқан асыл жоқ. Тілден айрылған ұлт, ұлттық құндылықтарынан айрылып, өзін-
өзі жоғалтады.
Ана тілінің мәртебесі туралы елбасымыз «Тарих толқынында» атты еңбегінде өз ойын өте
ұтқыр білдіреді: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса
305
қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі
мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде не бар екен?! Әрине одан
қымбат ештеңе жоқ деп айтуға болады. Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени
тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған - оның ғажайып тілі»[2]. Сондықтан, ұлт үшін тілден асқан
құндылық жоқ. Қазақ әдебиетінің мәйегі Ғабит Мүсіреповтің тіл құдіреті туралы айтқан сөздері
бүгінгі күні де құндылығын жоғалтпай отыр:«Қай халықтың болса да қоғамдық өсу – өркендеу
жолында көтеріле алған биігі мәңгілік болып ана тілінде сақталып отырады. Қай халықтың болса
да ақыл –ой тереңдігі, сана – сезім сергектігі көп салалармен тармақтана, молыға келіп, тағы да
сол ана тілінің алтын қорына қосыла береді. Ана тілі қорлана береді, ажарлана береді. Қай
халықтың болса да басынан өткен дәуірлері, қилы – қилы кезеңдері ана тілінде із қалдырмай өте
алмайды. Ана тілі ғасырлар бойында жасала береді. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап
келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын сол халықтың
мәңгілігінің мәңгілік мәселесі»[3].
Бүгінгі күні қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде жүз отыздан астам этносты құрайтын
Қазақстан халқының тұтастығына ұйытқы болып отыр. Полиэтникалық қоғамда ұлтаралық
некенің де көтерер жүгі ауыр, салмақты болмақ. Мұндай некедегі ерлі - зайыптылардың
дүниетанымдық көзқарастарының, үлгі –өнегелерінің, ұлттық психологияларының сәйкес келмеуі
бір ұлтты отбасыларда кездесетін қиындықтармен салыстырғанда қосымша қиындықтар
тудыратыны ақиқат. Бұның зардабы да зор болып шығады. Қазақ отбасындағы кикілжің туып, ерлі
- зайыптылар ажырасса да олардың баласы – «мен қазақпын» болып қала береді. Ұлтқа деген өкпе,
жеккөрініш сезім болмайды, ұлтынан бас тартпайды. Ол мүмкін емес. Ал егер ұлтаралық некедегі
ерлі зайыптылар ажырасса бала нағыз дүбара болады. Сондықтан өзге ұлттан жар сүйген
азаматтарымыз жүрек қалауымен үйленген соң, ұлтымызға қысастық жасамай әйелін де, одан
туған балаларын, Қазақстанның болашағы – ұлттық байлығымызды, елбасымыз айтқан адами
капиталды көзінің қарашығындай сақтап, отбасының шаңырағы шайқалмауына кепілдік болуы
керек. «Үйлену оңай, үй болу қиын» болса, ұлтаралық некенің жауапкершілік жүгі тым ауыр
болады. Жауапкершілікті дұрыс сезінбесе ұлтқа кесірі тиетіні анық. Ұлтаралық неке мәселесі
бүгінгі жаһандану дәуірінде әсіресе өзекті. Өйткені жаһандану үдерісі ешқандай кедергіге
кезікпестен жастар санасын тез жаулап алуда. Сондықтан, мәдени жаһандану саласында әрбір
ұлттың, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы орасан зор күшті талап етеді.
Бүгінгідей еш шекарасыз, бақылаусыз, тосқауылсыз келіп жатқан ақпараттық жаһандану дәуірінде
тек ұлттық салт - дәстүрлеріміз бен дініміз, ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп беруге
мүмкіндігіміз бар.
Рухани бірлігі мен дініне берік елге ешқандай алауыздықтар, сыртқы ықпалдар әсер ете
алмайды. Бұл жөнінде елбасымыз: «Біз өзіміздің ең ірі әлемдік діни дәстүрлерге ұдайы қосылып
отырғанымызды ұмытпағанымыз абзал. Бұл да біздің бүгінгі бірегейлігіміздің негізі болмағанмен
де, бір бастау көзі. Жиырмасыншы ғасыр жалпы тосын қайшылықтар дәуірі, солардың бірі –
бүгінгі әлемде рухани жаңғырудың қосымша құрамдас бөлігі боларлық діні жоқ ұлт арагідік бөгде
мемлекеттік жүйенің жемі болатындығы. Ал ондай мемлекеттер өзінің діни құндылықтарын
саналы түрде немесе ойланбай – ақ басқалар үшін үлгі ретінде ұсынады... Жалпы, дін өздігінен
өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңеге үйретпейді. Жалғыз – ақ бізге қауіп төндіретіні діни
білімдеріміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны. Әрине, бұл мемлекеттің ісі емес. Алайда,
біз бір елде өмір сүріп жатырмыз, сондықтан шынайы сенімнің жарық сәулесі дүмшелердің
кесірінен көмескі тартпаса екен дейміз. Діни фанатизм нанымның молдығынан емес, шынайы діни
мәдениеттің кемдігінен шығады.
Қазақстанда дін өкілдерінің өзара құрметі мен түсіністігінің игі дәстүрі қалыптасты, ал бұл
– ұлы игілік» - деп еліміздің бірлігі жолында діннің алатын орнын атап көрсетті.[2,185-186].
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болып келген
оның-ғажайып тілі. Кешегі қылышынан қан тамған кеңестік кезеңнің өзінде ана тіліміздің
келешегі үшін аянбай басын бәйгеге тіккен абзал азаматтардың бірі Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов:
«халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің
мәңгілік мәселесі оның - «Ана тілі»[3, 572] – деп, осындай құндылықты бағалауға шақырады.
306
Қазақстанда қазіргі таңда әлем қоғамдастығында жоғары баға алған, өзге елде баламасы
жоқ, өзіндік этносаралық келісім моделі қалыптасқан. Оның нәтижесінде қазақтармен бірге
татулықта 130 - дан астам этнос пен 40 - танастам конфессияның өкілдері тұрады. Өз кезегінде әр
түрлі этностардың бірге ұзақ тұруы қоғамда толеранттылықтың тұрақты дәстүрлерін
қалыптастырды. Этносаралық келісімді қамтамасыз ету үшін тиімді нормативтік-құқықтық және
тұжырымдамалық негіздер жасалынды. Қазақстан Республикасының Конституциясы этностық,
нәсілдік, діни және өзге тиістілігіне қарамастан барлық азаматтардың мүдделерін қорғауға кепіл
береді. Негізгі заңның нормалары барлық этникалық топтардың арасында сенім мен өзара құрмет
сезімін қалыптастыру үшін негізін салды. Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал
негізгі факторлардың бірі – тіл жағдайы. Кез келген халықтың тілі – оның салт-дәстүрін, әдет-
ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтауының негізгі болып табылады. Соған сәйкес біздің
елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Тіл саясаты
Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақстан
Республикасының бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік-саяси
тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайту бағытталған. Себебі, әр
ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-
қатынастарға, байланыстарға да өзіндік әсерін тигізеді.
Бұл жөнінде елбасының «Тарих толқынында» атты еңбегінде: Күллі ұлттық мәдениеттердің
кедергісіз өркендеп, кібірткісіз өмір сүруін қамтамасыз ететін арналы шарттардың бірі оларға
құқықтық жағдай туғызу болып табылады. Низами мен Гете, Тоқай мен Шевченко, Руставели мен
Науаи, Колас пен Айни біздің азаматтардың басым көпшілігі үшін аты мектеп әдебиетінен таныс
есімдер ғана емес, жүрегінің бір бөлшегі де. Сондықтан да Қазақстанда ұлттар мәдениетіне ең бір
аялы көзқарас қалыптасқан, - деді[1]. Басқа этностар үшін қолайлы жағдай жасаумен бірге қазақ
халқының мәдени өзегін мақсатты түрде дамыту ұлттық саясаттың басты элементтерінің бірі
болып табылады. Жаһандану заманында көп этностық мемлекеттерде ірі титулды этностардың аз
санды топтарды ассимиляциялау арқылы жұту саясаты толастар емес. Өркениетті, дамыған
мемлекеттерде аз санды халықтар қоғамның объективті талаптарына сәйкес, көп санды, басым
ұлттың мәдениетін, тілін, дәстүрлерін еріксіз қабылдауға мәжбүр.
- Егер біз өзіміздің біртұтас тарихи тағдырымыз туралы, жаңадан қалыптасып жатқан
геомәдени бағдар - межедегі белсенді рөлімізді айқындау жайында сөз қозғасақ, осынау әлемге
неге жаңа мәдени - өркениеттің тұтас бір тұлғасы ретінде енбейміз? - деген сұрақ қоя отырып,
елбасы Н.Ә. Назарбаев оған өзі былай деп жауап береді:
- Шынтуайтқа келгенде, таңдаудың екі жолы бар. Біріншісі – қатарласа өмір сүріп келе
жатқан қазақтың ұлттық мәдениеті мен шашыраңқы диаспоралар мәдениетінің жиынтығын қалау.
- Екінші ұлттық мәдени жүйелердің пәтуа келісіміне арқа сүйейтін мәдениеттер шендесуі.
Мұның діттеген мұраты жалпы Қазақстан мәдениетін өалыптастыру болмақ. Әрине, бұл арада өзге
ұлыстардың өкілдері қазақ мәдениетін көз алдына айқын келтіріп, оны шындап игеруіне тура
келеді. Кезінде қазақтардың өзі де орыс мәдениетін дәл сондай байыппен меңгеріп еді ғой [2,130].
«Рухани код - ұлттың жан дүниесі» деген мақаласында ф.ғ.д., профессор Амангелді
Айталы: «Қуғы-сүргінге ұшыраған ұлт жалтақ, өзіне-өзі сенімсіз», дейді[4]. Отар да болдық,
қуғын да, сүргін де, зобалаң да, ашаршылық пен нәубет те көрдік. Сенімнен айырылмадық.
Болашақтан үміттіміз. Әркім өз еңбегіне қарай лайықты қажетін алатын, қабілетіне сай жоғары
өрлеуге мүмкіндіктер беретін постиндустриалды қоғамда кез келген азаматқа этносына,
жынысына, жасына қарамастан
әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, тұрмыс деңгейін
өсіруіне жағдай жасалады. Алайда постиндустриалды қоғамда ұлт тілін, төл мәдениет пен өнерді
сақтау аса қиын болмақ. Осы тұста Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламалық мақаласында
сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып
қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы
мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселелер дер кезінде көтерілгендігін тағы да мойындаймыз.
307
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Амангелді Айталы. «Рухани код - ұлттың ішкі жан дүниесі» /Егемен Қазақстан» 2017 жыл
6 қараша
2.Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999–296 бет, 28 б.
3.Мүсірепов Ғ. Таңдамалы, ІІ том, «Жазушы». Алматы-1980-576 бет, 572б
4.Амангелді Айталы. Рухани код-ұлттың ішкі жан дүниесі./ Егемен Қазақстан. 2017 жыл, 6
қараша.
Достарыңызбен бөлісу: |