Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет153/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Түйінді  сөздер:  аутизм,  аутист,  бейімдеу,  психокоррекция,    арттерапия,  иппотерапия, 

дельфин  терапиясы,  пет-терапия,  канистерапия,  Каннер  синдромы,

 

аутизм  классификациясы,  



ақпараттық технологиялар.  

 

Қазақстанда  да  аутизммен  ауыратын  балалар  жиі  кездеседі.  2002  жылғы  мәліметтер 

бойынша  олардың  саны  93  болса,  2009  жылы  ол  326  -ға  жетті.  Психологиялық-  медициналық-

педагогикалық  консультациялардың  статистикалық  мәліметтері  бойынша    Каннер  синдромы  бар 

балаларды жынысына қарай бөлгенде, ұл балалар қыз балаларға қарағанда 3-4 есе көп болып отыр. 

Аутизм -  (гр. autos -  өзім)  - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып,  өзімен-өзі  болып, 

іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блэхер адамның ішкі 

эмоциялық  кажеттіліктерімен  реттелетін  және  шынайы әрекеттерге тәуелділігі  шамалы 

аффективтік  саланың  айрықша  түрін  белгілеу  үшін  енгізген  [1].  Аутист  балалардың  көріп  есте 

сақтау қабілеттері жоғары болады. Сондықтан бұл балаларға көбінесе глобальды оқыту әдістемесі 

көптеген  жетстіктермен  қолданылып  келеді.  Математика және музыкадан дарынды,  бірнеше 

тілдерді  меңгеруі  де  мүмкін.  Көптеген  белгілі  тұлғалар  жас  кездерінде  аутизм  синдромына 

шалдыққан.  Бірақ  бұл  дерт  олардың  өз  армандарын  жүзеге  асыруларына  кедергі  жасамады. 

Алайда,    бұл қасиеттер әдеттегі  жастан  кейінірек  байқалады.  Сол  себепті,  аутизм  синдромы  бар 

балалар  арнайы интернаттарда емес, отбасы жағдайында тәрбиеленулері керек. Аутизм синдромы 

– баланың ерте жас кезеңіндегі дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік қоршаған  

ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді.  

Педагогтар  мен  психологтардың    аутист  балалармен  жұмыс  жүргізулерінің 

мамандандырылған  біліктіліктері    болмағандықтан,  олар  аутист  балаларда  арнайы  білім  беру 

ұйымдарында оқытудан бас тартады.  Көптеген аутист балалар  үйде оқытылылады, ал бұл оларды 

құрдастарынан және әдеттегі қалыпты  өмірден оқшаулайды. 

1943  жылы  доктор    Л.Каннер  алғаш  рет    бала      аутизмін    психикалық    дамудың  жеке 

бұзылысы ретінде ерекшеленеді.  Ол бала дамуындағы ауытқушылықтың ерекше түрін сипаттап,  

оны ерте жастағы бала  аутизмі деп  аталды. Қазір оны  Каннер синдромы  деп  те  атаймыз. Бала 

аутизмін    айналасындағы  адамдармен    эмоциялық  қарым-қатынасты    орнатудағы    үлкен 

қиындықтардан, тәртіптің  қайталанатын,  біртекті түрлерін үнемі қайталай беруге талпынуынан,  




315 

 

белгілі бір  объектілермен  іс-әрекеттерге  қатты берілуінен, сөйлеу  тілін меңгеру мүмкіндігінің 



сақталғанымен,  сөйлеу  тілінің  болмауы  (мутизм)  немесе  сөйлеу  тілінің  адамдармен  қатынаста  

пайдаланбауынан,  басқа   салаларда  танымдық қабілеттерінің жақсы болуынан байқаймыз. 

Л.Каннер бұл бұзылыстар ерте жастан екі жарым жасқа дейін байқалады деп есептеді, бұл 

кейіннен аутизмнің балалардың психикалық дамуының туа біткен және ерекше бұзылыстары деп 

айтуға мүмкіндік туғызды [2]. 

Бала  аутизмі  –  бұл  сан  қырлы  бұзылыстарға  жататын,  психологиялық  дамудың    өзіндік 

бұзылысы. Аутизмдегі әр түрлі ауытқушылықтардың арасынан бала аутизмі синдромының негізгі 

және міндетті үш белгісін ерекшелейді:  

1. 

Қарым-қатынастың сапалы бұзылыстары;  



2. 

Әлеуметтік өзара әрекеттестіктің сапалы бұзылуы; 

3. 

Тәртіптің стереотиптік түрлері. 



Сәби  жастағы  немесе  ерте  жастағы  бұзылыстарда  биологиялық  шығу  тегіне  және 

психикалық  бұзылыстарға  тән  ремиссиясыз  және  асқынусыз  тұрақты  ағымы  көрсетіледі.    Бала 

аутизмі  психиканың  барлық  жақтарындағы:  танымдық  және  эмоциялық  аймақтағы,  сенсорлық 

және моторлық  дамудағы, сондай-ақ жоғары психикалық қызметтердің, еркін тәртіптің, сананың 

және тұлғалық қалыптасуындағы бұзылыстарда байқалады дизонтогенезді білдіреді. 

Балалардағы    аутизм    бұрмаланған  (асинхрондық)  даму  ретінде  сипатталады,  бұнда 

психикалық  дамудың  жеке  жақтарының  бірі уақытында, екіншісі алға кетіп, ал үшіншісі дөрекі 

тежеліспен даму мумкін, сонымен бірге олардың дамуы қалыптыларға да, тежелген онтогенезге де 

дәл келмейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет