С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет7/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

Үш патшалық (шам. 250 ж.)
империясын үлкен дағдарысқа ұшыратты: экономика құлдырады, 
үкімет əлсіреді, сыртқы саясатта сəтсіздіктер бірінен кейін бірі 
жалғасты. Бұрыннан келе жатқан мемлекеттік тəртіп бұзылды, 
əлеуметтік құрылым ыдырады. II ғасырдың аяғына қарай 
император іс жүзінде биліктен айырылды. Жергілікті ел тұтқалары 
мен қолбасшылар елдің жекелеген аудандарында өз биліктерін 
нығайтып, бір-бірімен үздіксіз соғысып жатты.
Сол кездегі ойшылдар бұл дағдарысты хаостың, “дүрбелең 
ғасырдың”, “жаппай жауығудың, көре алмаушылықтың” баста-
масы деп бағалады. Хань əулетінің құлауымен қытайдың бірлігі 
бұзылды. Бұрынғы империяның аумағында бір-біріне қарама-қарсы 
тұрған үш патшалық: батыста Дуньхуаннан бастап (солтүстік 
Қытайдың көп бөлігін) шығыста Ляодунге жəне оңтүстікте Хуанхэ 
мен Янцзы өзендерінің аралығына дейінгі жерді алып жатқан Вэй 
(220—265) патшалығы; Сычуаньды, Ганьсу мен Шэньсидің оңтүстік 
аудандарын, Юньиань мен Гуйчжоудың көп бөлігін, Гуансидың 
батысын қамтыған Шу (221—263) патшалығы; империяның оңтүстік-
шығыс аудандарын біріктірген У (222—280) патшалығы құрылды.
Бұл патшалықтардың негізін қалаушылар бұрынғы империяның 
үлгісімен мемлекет құруға тырысты. Бірақ олардың бұл əрекеттері 
нəтижесіз аяқталды. Патшалықтардағы билік əскери диктатура 
түрінде жүзеге асырылды.
Үш патшалық кезіне қарай жергілікті өкімет биліктерінің ішінде 
де  құрылымдық  өзгерістер  орын  алды.  Ұзаққа  созылған  ішкі 
соғыстардың барысында империялық шенеуніктік əкімшіліктің 
орнына провинциялық бекзаттардан шыққан əскери жəне саяси 
жетекшілер үстемдік жағдайға ие болды. Өз позицияларын сақтап 
қалған облыстар мен округтердің басшылары да өз əскерлерін 
жасақтап алып, халықтан жиналатын салықты жиі-жиі өздері сіңіріп 
кетіп отырды.
Вэйдің (кейінірек басқа патшалықтар) орталық өкіметі бұл 
жағдайды шенеуніктерді мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа 
жүйесінің көмегімен өзгертуге тырысты. Ол жүйе “деревнялық 
категориялар” деп аталды. Арнайы бөлінген уəкілдер жергілікті 
жерлердегі үміткерлердің қадір-қасиеттерін ерекше “категориялар” 
бойынша бағалауға тиіс болды. Бірақ бұл жүйе тиімді болмады да, 
жергілікті  бекзаттардың  өз  қалаулыларын  тағайындау  құралына 
айналып кетті. Үш патшалықтың ішкі тұрақсыздығы олардың 
арасындағы өзара соғыстармен онан əрі шиеленісе түсті.
Ақырында Вэй патшалығы жеңіске жете бастады. 263 ж. ол Шу, 
ал 280 ж.— У патшалықтарын бағындырып, өзіне қосып алды. 
Ел бір патшалыққа бірігіп, Цзинь империясы деп аталды. Оның 
негізін Сыма Янь қалады. Оның билігі де əскерге жəне жекелеген 
ақсүйектерге арқа сүйеді. Өз билігінің тірегін нығайту мақсатымен 
Сыма Янь 20-ға жуық облыстарды өз туыстарына үлестіріп берді. 
Олар тез байып алып, Сыма Янь өлген соң (290) өзара соғыса 
бастады. Ол соғыс “сегіз князь бүлігі” деп аталды. Небəрі 10 жылдан 


12
13
соң елдегі тұрақтылық пен бірлік қайта бұзылды. Талас-тартыстар 
мен төңкерістер 306 жылға дейін созылып, елді саяси-экономикалық 
дағдарысқа  ұшыратты.  Бұл  қалжырау  елді  IV  ғасырдың  басында 
Қытайдың солтүстік жəне батыс аудандарына басып кірген көшпенді 
жəне жартылай көшпенділер тайпаларының оңай олжасына айнал-
дырды.
IV ғасырдың басында Қытайға ғұндар шапқыншылығы 
күшейді. Ғұндардың 5 тайпасының өкілдері «шаньюй» деп 
аталған жоғары басшы сайлайтын. Шаньюйлер Қытай импера-
торларының қыздарына үйленіп, олардың үлкен ұлдары қытай 
императорларының сарайында тəрбиеленетін.
Қытайдағы өкімет билігі əлсірей бастаған соң 308 ж. ғұндардың 
Лю Юань деген шаньюйі Хань патшасы деп жарияланды. 311 
ж. ғұндар Лоянды, 316 ж.— Чанъаньды алды. Цзинь императо-
ры тұтқынға түсті. Енді ғұн əскер басшыларының арасында ала 
ауыздық туып, жікке бөліну басталды. Шаньюй Лю Юаньнның бір 
ұрпағы Қытайдың солтүстік-батысында Үлкен Чжао мемлекетін 
құрды. Ши Лэ деген əскер басшысы Лоянның шығысында Кіші Чжао 
мемлекетін құрды. Ғұндардың бұл екі патшалығының арасындағы 
күрес 324 ж. Кіші Чжаоның жеңісімен аяқталды.
Ғұндар шапқыншылығы нəтижесінде Қытайдың солтүстігінде 
Цзинь билігі жойылды. Ол əулеттің билігі орталық жəне оңтүстік-
шығыс аудандарда ғана сақталды. Янцызы өзенінің оңтүстігіне 
қоныс аударуға мəжбүр болған Цзинь əулетінің өкілдері Шығыс 
Цзинь (317—420) деп аталған мемлекет құрып, билік жүргізді. Осы 
кезден бастап елдің саяси тарихы екі жарым ғасыр бойы солтүстік 
жəне оңтүстік болып бөлінуі жағдайында өтті.
IV ғасырдың 60- жылдары Қытайдың солтүстік-батысынан 
көшпелі сяньбиліктер басып кірді. Олардың ішіндегі күштілері 
муюн  мен  тоба  тайпалары  болды.  367  ж.  тобалықтар  солтүстік-
шығыс Қытайда өз билігін орнатты. Ол 534 жылға дейін өмір сүріп, 
«Солтүстік Вэй» мемлекеті деп аталды.
Солтүстік-батыста Қытайға тибеттіктер шабуыл жасап, Ганьсу, 
Шэньси, Нинся провинцияларын басып алды. Олар Цинь деп аталған 
мемлекет құрды. 383 ж. Фэйшуй өзенінде олардың əскері Оңтүстік 
Қытай əскерімен соғысып, жеңіліп қалды. Сөйтіп, солтүстікті 
қайтарып алу мүмкіндігі жүзеге аспай қалды. 420 ж. Цзинь əулеті 
құлап, кейінгі 160 жыл ішінде оңтүстікте 4 əулет бірінен соң бірі 
билік құрды.
ІІІ-ғасырдың 60—80 жылдарындағы Қытайды біріктіру үшін 
жүргізілген күрес кезінде халық көп қырылып кетті. 100 жыл ішінде 
қытай халқының саны 50—56 миллионнан 16 миллионға дейін 
азайып қалды. Солдаттар мен «буцюй» деп аталған жалдамалы 
қорғаушыларына байлар шағын жер үлестерін бөліп берді. Ірі жер 
иелері өз иеліктерінде «биньке» деп аталған  үй-жайы жоқ кедейлер 
мен «кэху» деген кірмелердің еңбегін пайдаланды.
280 ж. Сыма Янь жер иелігін, аграрлық жүйені өзгерту жөнінде 
жарлық  шығарды.  Ол  жарлық  бойынша  жер  —  мемлекет  меншігі 
болып саналды. Бірақ ол жерлерді пайдаға асырып, салық жинап 
отыру үшін феодалдарға бөліп беріп отыратын болды. 16 мен 60 
жастың арасындағы еңбекке жарамды еркектер мен əйелдер «дин» 
деп аталған негізгі салық төлеушілер болды. Олар көлемі 70 мудан 
тұратын толық үлес алды. Үлесі үшін салық төледі жəне жылына 
20 күн қазына пайдасына мемлекет жерінде тегін еңбек етті. Əр 
еңбекке жарамды адамға өзінің толық үлесінен басқа «кіші үлес» 
деп аталған 50 му мемлекет жері берілетін. Ол жерден түскен өнім 
қазынаға өткізілетін.
Вэй патшалығының Сыма Лан деген шенеунігі жер реформасы-
ның жобасын ұсынды. Жоба барлық бос жатқан жерлерді 
императордың (мемлекеттің) меншігі деп жариялады, ол жерлерді 
үлестерге бөліп, мемлекетке тəуелді шаруалармен қоныстандыруды 
көздеді. Бұл жоба жүзеге аспай қалды, ол үшін қажетті саяси алғы 
шарттар — орталықтандырылған күшті өкімет билігі қалыптасқан 
жоқ еді.
Солтүстік Қытайдағы тобалықтар құрған мемлекетте де фео-
далдық қатынастар қалыптаса бастады. 477—485 жылдардағы 
жарлықтармен үлестік жүйені пайдалану тəртібі бекітілді. Жер мем-
лекет меншігі деп жарияланды. Император ол меншіктің ең жоғарғы 
иесі деп көрсетілді. Қазынаның жері шаруаларға үлес ретінде бөлініп 
берілді. Ол үлес егістік, өндірістік (бау-бақшалык) жəне үй-жайлық 
участоктерден тұрды.
Егістік үлес 15 пен 70 жас аралығындағы жұмысқа жарам-
ды шаруаларға уақытша пайдалануға берілді. Ол үлес белгілі бір 
мерзімде қайта бөлініп тұратын болды; сатуға, сатып алуға, жалға 
беруге тыйым салынды. Үлес иесі жұмысқа жарамай қалса, қайтыс 
болса, өкімет ол үлесті басқа біреуге беретін. Қосымша үлес — əрбір 
жұмысқа салынатын малдың басына қарай берілді.
Өндірістік (бау-бақшалық) үлес əкеден балаға мұра ретінде қала 
берді. Тек ол үлесті өңдеп отыратын жан басы қалмаса ғана өкімет 


14
15
басқа біреуге беріп отырды. Бау-бақшалық (өндірістік) үлесті сату, 
сатып алу заңға сəйкес жүргізілді; рұқсат — жер аздық, немесе көптік 
етіп жатса берілді. Үй-жайлық участок өмір бақилық берілетін.
Солтүстік Вэйдің аграрлық заңы мен практикасында сақталған 
жерді пайдалану тəртібі «тең жер жүйесі» деп аталды. Ең үлкен жер 
үлесінің көлемі 120 мудан аспауға тиіс болды. 485 жылғы низамда 
(декрет): «жер жеткілікті болып жатса, басқа жерге көшуге болмай-
ды»,— делінді.
Жер салығы үш түрлі болды: егістік жерден егінмен, өндірістік 
(бау-бақшалық) жерден — матамен немесе жіппен өтеу жəне еңбек-
пен өтеу салықтары. Сыма Яньннің реформасынан айырмашылық 
—  салықтың  басты  түрі  еңбекпен  өтеу  емес,  оброк,  яғни  азық-
түлік салығы болды. Мұрагерлікпен өтейтін салық шаруалардың 
белсенділігін арттырып, мол өнім алуға ынталандыра түсті.
Қытайды біріктіру үрдісін «Гуаньлун тобы» деп аталған əскери-
саяси топ білдірді. 581 ж. осы топтың көрнекті өкілі, солтүстік 
Қытайдағы əскер басшысы Ян Цзянь тақты басып алып, Суй 
əулетінің (581—618) негізін қалады. Үш ғасырға жуық бөлінуден 
кейінгі Қытайдың қайта бірігуі саяси, экономикалық, əлеуметтік 
жəне мəдени өмірде феодалдық қатынастардың орнығуындағы 
маңызды фактор болды.
589 ж. Ян Цзянь Солтүстік жəне Оңтүстік Қытайды өзіне бағын-
дырды. Ол Вэн-ди деген атпен император деп жарияланып, 581—604 
жж. билік құрды. Оның мұрагері Ян Гуан (605—617) билік құрған 
кезде Қытай Корея мен Вьетнамдық Вансуан мемлекетіне қарсы 
басқыншылық соғыстар (611—614) жүргізді. Соғыс ауыртпалығы 
қарапайым салық төлеуші халыққа түсті. Олар өз наразылықтарын 
көтерілістер арқылы білдірді. Көтерілістің негізгі ошақтары 
Шаньдун, Хэбей, Хэнань болды.
Суй əулетінің билігі ұзақ болмады. 618 ж. шыққан тегі жағынан 
жартылай түрік Ли Юань деген Солтүстік Қытай əкімі империядағы 
билікті басып алып, жаңа Тан əулетінің негізін қалады. Бұл əулеттің 
билігі 907 жылға дейін созылды. Ли Юаньның баласы Ли Ши-минь 
(Тайцзун деген атпен белгілі) билік құрған (626—649) кезде, яғни 
628 ж. ел біріктірілді.
630 ж. Қытай Шығыс Түрік қағанатын талқандады. Сұлтан 
Селим тұтқынға түсті. Қағанаттың біраз жері Тан империясының 
құрамына қосылды. 634 жылы жаңа құрылған Тибет мемлекеті 
Чанъаньға елшілік жіберді. Бірақ соның артынша тогандықтар үшін 
екі елдің арасында соғыс басталып кетті. Тибет əскері бірнеше рет 
Сычуанға басып кірді. Соғыс 647 ж. тоқтады. VII ғасырдың аяғында 
тибеттіктер Ұлы жібек жолына шабуыл жасап тұрды. Қытай əскері 
жеңіліп қалып отырды. 882 жылғы келісім бойынша Қытай өзінің 
Тибеттегі ықпалынан айырылды.
645 ж. ұйғыр əскері Шэньсиге шабуыл жасады. Қытай əскері оған 
тойтарыс берді.
VII ғасырдың екінші ширегінде орталық билікті өз ықпалында 
ұстап отырған «Гуаньлун тобы» оппозициялық əскери-саяси 
топтардың қарсылығына тап болды. Ол топтардың ішіндегі күштісі 
«Шаньдун тобы» еді. Оның мүшелері жаңадан байып келе жатқан 
қарапайым  халықтың  ішінен  шыққан  қызметкерлер  болатын.  Екі 
топтың теке-тіресі Ли Ши-минді тектік тізімді қайта қарауға мəжбүр 
етті. Жоғары лауазымды қызметке тағайындалу үшін мемлекеттік 
емтихан тапсырып, конкурстан өту тəртібі енгізілді.
Енді шыққан тегіне қарай емес, білімі мен қабілетіне, іскерлігіне 
қарай қызметке қабылдау ережесі бекітілді. Шенеуніктер 9 кате-
горияға бөлінді. Əр категория өз дəрежесіне сай жер үлесін иемденді. 
Орталықтандырылған өкімет 6 министрліктен тұрды. Жергілікті 
жерлерді губернаторлар басқарды. Облыстар округтерге, округтер-
ауылдарға бөлінді. Ауылдың өзі 5 үйден тұратын аулаға (линь) 
бөлінді. 5 аула бір лиді құрады.
Империяның экономикасының негізін жақсы дамыған ауыл 
шаруашылығы қалады. Ол елдің көптеген аудандарында жасанды  
суару жүйесі арқылы дамып отырды. 605—617 жылдар аралығында 
сонау б.з.д. VI ғасырда салына бастаған Хуанхэ мен Янцзы өзенде-
рінің аралығындағы Ұлы Каналдың (қытайша Юньхэ, яғни Көліктік 
өзен. Тунсяннан Ханьчжоуға дейінгі аралықта. Ұзындығы 1782 км.) 
1000  шақырымдық  желісі  қазылды.  Ирригациялық  жүйе  кеңейе 
түсті.
Тыңайтқышты қолдану, жерді өңдеу мен егістікті күтуді жетілдіру 
— өнімді арттырды. Қытайлықтар өте жоғары сапалы темір өндірді; 
ол  темірден  жасалған  еңбек  құралы  тек  ауыл  шаруашылығының 
ғана емес, сондай-ақ қолөнерінің, құрылыс ісінің, кеме жасаудың, 
сəн бұйымдары мен қару-жарақ жасаудың жетіле түсуіне зор үлес 
қосты.


16
17


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет