26
27
Бұл ерте феодалдық құрылыстың негізгі принциптері 701 жылы
құрастырылған Тайхоре кодексінде бекітілді. Үстем таптың өкілдері
де жер үлестерін алды. Бірақ олардың үлестері шаруа үлестерінен
əлдеқайда көп еді (40 еседен 1000 есеге дейін: қызметіне, пайдасы-
на қарай), бірақ қызметіне қарай берілетін үлес уақытша болды:
қызметінен кетсе, мемлекет қайтарып алып қойды.
Жапониядағы феодализмнің орнығуы қүл иеленушілікті толық
жойған жоқ. Жартылай құл, жартылай ерікті томобэ мен какибэ-
лер жойылды. «Яцуко» деген үй шарушылығындағы жекеменшік
малай-құлдар сақталып қалды. Мемлекеттік құлдардың жаңа ка-
тегориясы — үкімет мекемелеріндегі малайлар пайда болды. Құл
иелену ол кезде жер алу жолдарының бірі болды. Əр құл үшін оның
иесі үкіметтен үлестің үштен бірін алатын. Құл табу барған сайын
қиындай түсті. Кейбіреулер кедейлердің балаларын құлдыққа сатып
алды, кейбіреулер ұрлап немесе тартып алды. Сондай-ақ, қылмысы
үшін жазаланғандар мен қарызын өтей алмағандар құлға айнала-
тын. Өмір сүруге қаражаты жоқ адамдардың өзін-өзі құлдыққа са-
туы да кездесетін.
VII—VIII ғасырларда жапон халқының 10—20 % жуығын құлдар
құрады. Олардың еңбектері негізінен құрылыстарда пайдаланыл-
ды. VIII ғасырдың аяғына қарай құлдар еңбегі жойыла бастады.
Егіншілікте құлдар еңбегі толық жойылды.
Наканоэ (Тэнти) (662—671) 662 ж. Кореяға 27 мыңдық əскер
жіберді. 663 ж. Пэккан өзеніндегі шайқаста бірлескен тан-силландық
əскер жапондық əскерді жеңді. 671 ж. Наканоэ өлген соң оның ба-
ласы Кобун мен бауыры Оаманың арасындағы тақ үшін талас ба-
сталды. Кобун небəрі 8 ай билік құрды. Əкесінің інісінен жеңілген
соң өзін-өзі өлтірді. Жеңіске жеткен ағасы (Оаман) өзін Тэмму деген
атпен император деп жариялап, 673—686 жж. билік құрды. 678 ж.
Таққа оның əйелі Дзито отырды. 696 ж. Дзито тақтан бас тартып,
өзінің 14 жасар немересі Моммуды император деп жариялады. Ол
707 жылға дейін билік құрды.
729 ж. Фудзиварлар императордың əулетін тек өз қыздарына
үйленіп тұруға міндеттеді. 784 ж. Фудзиваралар əулеті император-
ды солтүстіктегі Ямасиро провинциясына алып барды. Сол жерде
Хэйан («Бейбітшілік») деп аталған жаңа астана сала бастады. 858
ж. Фудзиварлар жас императордың регенті болып тағайындалды, ал
887 ж. канцлерлік лауазымды иемденіп алды. Жапон тарихындағы
866—1068 жж. аралығы Фудзиварлардың регенттік билігінің кезеңі
деп аталады.
895 ж. елдің сыртқы əлеммен байланысына тыйым салынды.
Қытаймен, Кореямен қатынас үзілді. Елге рұқсатсыз кіруге, елден
рұқсатсыз шығуға қатаң тыйым салынды. Бұл талапты бұзушылар
өлім жазасына кесілетін болды.
969 ж. «тэнно», яғни «император» деген термин «ин», яғни
«бас тартқан» деген терминмен ауыстырылды. Император өзінің
жас баласының пайдасына тақтан бас тартып, шашын алғызып,
монастырға кетіп отырды. Мемлекетті басқару үшін үлкен аппарат
құрылды. Оны жоғарғы мемлекеттік Кеңес-додзекан басқарды. Ол
Кеңеске 8 министрлік бағынды. Ел провинцияға (кун) жəне уез-
дерге (кор) бөлінді. Жалпыға бірдей əскери міндеткерлік енгізілді.
Білім беру жүйесі Қытай үлгісімен құрылды. Қытай тілі өкімет
басшыларының тілі болды. Ел басшылары, зиялылар қытай тілінде
сөйледі.
Достарыңызбен бөлісу: