ISSN 1811-184X. Вестник ПГУ
серия
ХИМИКО - БИОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. № 1
96
97
Біздің зерттеулерімізде TBSV вирустық инфекциясына сезімталдығы
жоғары алқа тұқымдастарына жататын N.benthamiana өсімдік түрін
қолдандық. Өсімдікті өсіргендегі өнгіштік қарқындылығы төменде
келтірілген (Диаграмма-1). Тұқым себілгеннен соң, 7-ші күні нәтиже
байқалынды (Кесте-1).
1 кесте – N.benthamiana өсімдігінің өну кестесі.
№ күні
Биіктігі,см
Ені,см
7 күн
1
0,7
14 күн
2
4
20 күн
5
7
27 күн
7
8
35 күн
10
15
Өсімдік материалы ретінде TBSV вирусымен жұқтырылуына қатты
сезімталдығымен ерекшеленетін алқа тұқымдастар түріне жататын N. ben-
thamiana өсімдігі қолданылды. Өсімдік материалы ретінде N. benthamiana
-ның коммерциялық тұқымы АҚШ-тан әкелінді.
N.benthamiana – тіке сабақты, кейде иіліп өсетін бір жылдық
Австралиялық шөптесін өсімдік. Бұл қысқа өмір сүретін ұзындығы 0,2-1,5
метрге жететін өсімдік. Арнайы ыдыстарда өсірілгендері 0,45м-ге дейін
жетеді. Қанық жасыл түсті жапырақтары ені бойынша 10 см, ал ұзындығы
бойынша 12,7см-ге дейін жетеді. (ссылка қайдаааа). Өсімдікті өсіруге жеңіл
және кез келген уақытта қол жетімді (ссылка қайдаааа).
Гүлдеуі : жылыжайларда, бүкіл жыл бойы гүлдейді, бірақ табиғатта
қалыпты жағдайда мамыр-қыркүйек аралығында гүлдейді. Кішкене ақ
гүлдерінің ені 1 см, ұзындығы 3,8 см болып өседі (ссылка қайдаааа). Лит обзор
Өсірілуі: N. benthamiana күннің толық жарығына тәуелді және жақсылап
кептіріліп, араластырылған топырақта өседі.
Жылыжайда біз құрамы төмендегідей негізгі қоректік элементтерден
тұратын коммерциялық топырақ,мг/л,:Азот -150,Фосфор - 270, Калий -300,
pH 6,0-6,5. Қоректік заттардың толық жинағы, макроэлементтер және өсіру
стимуляторлары, pH 6,0-6,5. Өнім шіру дәрежесі әр түрлі шымтезектердің
қоспалары негізінде органикалық субстраттар, табиғи құрылымдық
компоненттер, макро және микроэлементтер қоса отырып дайындалған.
Тұқымдардың өнгіштігін және көшеттің жерсіну қабілеттерін жақсартатын,
көкөністердің және жемістердің өнімділігін, сапасын жоғарылататын,
сонымен қатар, көкөністердің және жеміс тамырларының өсуінің дамуын және
пісуін, сонымен қатар топырақтың табиғи биоценозін және құнарлылығын
қалпына келтіретін TERRA VITA «әмбебап» дайын топырағын (Өндіруші
кәсіпорын. ЖАҚ “МНПП”, “ФАРТ”. Ресей,1961 58,Санкт-Петербург.)
1 мл биогумуспен араластырып қолдандық. Биогумус калифорниялық
қызыл құрттардың тіршілік әрекетінде алдын-ала компостерлеу жолымен
зарарсыздандырылған және карантиндеуден өткен құс саңғырығын қайта
өңдеу барысында алынған, құрамы: органикалық заттың (гумустық) массалық
үлесі кем емес 40-55%; жалпы азоттың массалық үлесі 0,9%; Р2О 5-тің
массалық үлесі 0,5%; К2О-тің массалық үлесі 0,2%; Құрамдас бөліктері,(мг/
кг), кем емес – кальций (Ca) 5,0;магний (Mg) 1,0; мырыш (Cu) 30,5-5,0;
марганец (Mn) 60-80; мыс (Zn) 28-35; Ылғалдың массалық үлесі 30-50%
болатын макро және микроэлементтердің жоғары үйлесімділігімен және
жоғары биологиялық белсенділігімен ерекшеленетін органикалық тыңайтқыш
қолданылды (Өндіруші:АҚ «Алель Агро», ҚР,Алматы облысы). Сонымен
қатар, күнара суарылып және 7 күнде 1 рет ‘’Азалия’’ тыңайтқышымен
шашып тұрдық. Құрамы, г/л, кем дегенде: Азот (NH4 +NO3 ):6,0; Фосфор (P2
O5 ):5,0; Калий (K2O): 7,0.Гуминдік заттар: 1:0,негізгі қоректік заттардың
және микроэлементтердің толық жинағы. pH:8,0-9,0.
Жарық қарқындылығы 2000 люкс, 25˚С температурада, күн ұзақтығы
14сағ. жарық/10сағ.қараңғы.
Көбеюі: N. benthamiana тұқымы (дәні) арқылы көбейту ең тиімді жолы.
Өсімдіктердің бәрі қоршаған ортаның өзгешіліктеріне эффектісін төмендету
үшін бірдей жағдайларда өсірілді.
1 диаграмма – N.benthamiana өсімдігінің өну қарқындылығының
диаграммасы
|