Рлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4



Pdf көрінісі
бет36/126
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#14279
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   126
2.Альтеративті  қабыну  әдетте  паренхиматозды  ағзаларда,  бас  миы  мен 
жұлында,  перифериялық  жүйкелерде  пайда  болады.  Альтерациялық  қабыну 
кезінде паренхиматозды ағзалар борпылдақғ күңгірт болады, кескен кезде пісукен 
еттің түріндей болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Себебі: Альтеративті қабыну ұлпалық алмасудың терең бұзылуын тудыратын 
факторлардың  әсерінен  дамиды.  Бұл,  әдетте,  ұзақ  әсер  етуші  химиялық  заттар, 
ұлпаның  некроздалуына  дейін  (некроздаушы  қабыну),  зат  алмасудың  ауыр 
бұзылысын  тудыратын  токсикоинфекциялар  мен  гиперэргиалық  реакциялар. 
Альтеративті  қабынудың  мысалдары  альтеративті  миокардит  және  альтеративті 
нефрит, вирусты энцефалит, полиомелит, өткір гепатит,ас қазанның өткір жарасы 
бола  алады.  Кейде,  қабынудың  бұл  түрі  баяу  типтегі  гипер  сезімталдылық 
реакциясымен пайда болуы мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ағымы бойынша 2 түрге бөлінеді: өткір және созылмалы.   
 
 
 
Өткір  формасы  кезінде  паренхиматозды  торшаларда  дистрофиялық 
өзгерістер  мен  некроз  болады.  Жиі  түйіршікті,  вакуольді  шырышты  дистрофия, 
майлы  дистрофия.  Кілегей  қабықтарында  эпителилердің  түсуі  байқалады 
(десквамативті 
катар).  Экссудативті  өзгерстер  гиперемия  түрінде,  ал 
пролиферативті – бөгде дәнекер – ұлпалы торшалардың көбеюі түрінде көрінеді. 
Өткір  формасының  мысалдарына  жатады:  қауіпті  аусыл  кезінде  өткір 
альтеративті миокардит, туберкулез кезінде казеозды пневмония және т.б.   
 
Созылмалы  формасы  кезінде  әлсіз  токсинді  факторлардың  (азықтық 
интоксикация  және  токсикоинфекция)  ұзақ  уақыт  әсер  етуі  салдарынан 
атрофиялық өзгерістерге ие болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Патогенезі  терең  метаболикалық  бұзылыстармен  және  пролиферативтік 
құбылыстармен  сүйемелденетін,  ағзаның  паренхиматозды  элементтеріне 
патогенді факторлардың тікелей әсер етуіне байланысты.   
 
 
 
 
Өткір  ағым  кезінде  макроскопиясында  паренхиматозды  ағзалар  (бауыр, 


43 
 
бүйрек  және  т.б.)  ұлғайған,  борпылдақ,  күңгірт,  гиперемияланған  немесе  түзу 
емес  көрінетін  тамыр  реакциялы  және  ала  бейнелі  (қою-қызыл  және  сұр-сары 
аумақты),  кейде  жеке  қанталаулары  болады.  Жүрек  бұлшық  еттерінің  беткейлік 
кесіндісінде  жолбарыс  терісінің  суретіне  ұқсас  болады  (өткір  миокардит  кезінд 
жолбарысты жүрек). Өкпесі казеозды пневмония жағыдайында. Лимфа түйіндері 
–  сәулелі  казеозды  лимфаденитті.  Созылмалы  ағым  кезінде  ағзалардың  көлемі 
ұлғайған, тығыз, капсулалы. Кескен кезде сұр-қызыл және сұр – ақшыл аумақтары 
және ұзарған дәнекер ұлпалары байқалады. 
 
 
 
 
 
 
 
Өткір  кезеңде  гистологиясы  байқалады,  ең  бастысы  дистрофиялық 
(көмірсулы,  түйіршікті  және  гидротикалық  дистрофия,  майлы  декомпозиция, 
кілегей  қабықтар  эпителилерінің  кілегейлі  дистрофиясы)  және  некротикалық 
үрдістер, эпители қабаты түсіп қалады. Тамырлы реакциясы қабынған гиперемия 
және ісік түрінде әлсіз көрінеді, кейде диапедезді түрдегі қанталаулар байқалады. 
Жас  дәнекер  ұлпалы  торшалардың  пролиферациясы  білінеді.  Созылмалы  ағым 
кезінде паренхиматозды торшалардағы атрофиялық үрдістер дәнекер ұлпасының 
паренхимасымен байланысқан. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақыры  қабынған  ағзаның  зақымдалу  дәрежесіне,  ұлпаның  зақымдалу 
тереңділігіне  және  оның  функциональдық  маңыздылығына  байланысты.  Жеңіл 
дәрежелері  ешқандай  ізсіз  өтеді,  ұлпалары  толық  қалыпқа  келеді.  Жүйке 
ұлпаларындағы  альтеративті  қабыну  кезінде және  миокардтағы болжамы,  әдетте 
қолайсыз  болады.  Одан  басқа,  қабынудың  ақыры  зақымдалу  дәрежесіне  және 
зақымдалған  ағза  түріне  байланысты.  Әсіресе,  жүйке  жүйесі  мен  миокардтағы 
альтеративті  қабыну  қауіпті.  Ол  жиі,  дәнекер  ұлпасының  өсіумен  және  оның 
паренхимасымен  байланысуымен    қабыну  үрдісінің  толық  емес  түрі  бойынша 
аяқталады. Егер өлім болмаса, өлі ұлпа дәнекер ұлпасымен бірігеді (склероз). 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет