44
экссудат сипаты және үрдістің орналасуы. Экссудаттың сипатына байланысты
ажратады:
Серозды
Катаральді (серозды, кілегейлі және іріңді)
Фибринозды (крупозды, дифтеретикалық)
Іріңді/ шіріткіш (флегмона, абцесс, карбункул, фурункул)
Геморрагиялық
қабыну
Аралас қабыну
Серозды қабыну – құрамында 3-5% ақузы бар ұйымайтын сұйық экссудаттың
тамырлардан бөлінуімен сипатталады (альбуминдер, глобулиндер). Серозды
қабыну формалары: серозды – қаьбынған ісік, серозды – қабынған шемен ауруы,
буллезды формасы.
Кілегей қабықтарда үрдістің орналасу ерекшелігін экссудативті қабынудың
бір түрі – катаральді қабынудың дамуы анықтайды.
Катаральді қабыну (грек. katarrheo - ағамын) кілегей қабықтарда дамиды
және шырышта экссудаттың болуымен сипатталады. Себептері: тітіркенудің
барлық түрлері (механикалық, химиялық, инфекциялық, инвазиялық және т.б.).
Эксудаттарда сол немесе бөгде бөліктердің (серозды сұйықтық, лейкоциттер,
шырыш, түскен эпителлилер) болуына байланысты катаральді қабыну келесі
формаларға бөлінеді: серозды катар, шырышты катар, іріңді катар. Ағымы
бойынша өткір және созылмалы болады.
Катаральді қабынудың ағымы өткір және созылмалы болуы мүмкін. Өткрі
катаральді қабыну инфекция қатарлары ұшін тән, әсіресе, өткір респираторлы
вирустық инфекциялар үшін, осы кезде катар түрлерінің ауысуы байқалады –
серозды катар шырышпен ауысады, кейін іріңдіге, ауыр жағыдайларда – іріңді –
геморрагиялық. Созылмалы катаральді қабыну инфекциялық ауруларда да
(созылмалы іріңді катаральді бронхит), сондай-ақ, инфекциялық емес ауруларда
да (созылмалы катаральді гастрит) кездесуі мүмкін. Кілегей қабықтардағы
созылмалы қабыну атрофи ме гипертрофияның дамуымен бірге, эпителиалды
торшалардың регенерациясының бұзылуымен сүйемелденеді. Бірінші кезеңте
қабықтар жіңішке және жазық болады, екінші кезекте жуандайды, беткейі
қисықтанады, шел аурулары түрінде ағза саңылауларында ісінуі мүмкін.
Өткір катаральді қабыну 2-3 аптаға дейін созылады және толық сауығумен
аяқаталады. Созылмалы катаральді қабыну кілегей қабықтарда атрофия және
гипертрофияның дамуымен қауіпті.
Фибринозды қабыну ұлпалардан торшалар немесе талшықты масса түрінде
түсетін, құрамында фибриноген ақуыздары бар экссудаттардың тамырлардан
45
ағуымен сипатталады. Фибриннің түрі серпімді, жартылай мөлдір, сары – сұр
массалы.
Себептері: инфекциялық аурулардың қоздырушылары (ірі қара малдардың
перипневмониясы, пастереллез, сальмонеллез, шошқа обасы, қауіпті катаральді
қызба және т.б.).
Фибринозды қабынудың екі негізгі формасы ажыратылады: крупозды және
дифтериялық.
Дифтериялық қабыну ағза ұлпасына терең өсетін, фибринозданумен
сипатталады. Қабықшасын алған кезде, олардың астында жара түріндегі ақаулар
түзіледі.
Іріңді қабыну құрамында көп мөлшерде лейкоциттер болатын (іріңді
денелер), іріңде экссудаттың пайда болуымен сипатталады . Экссудаттардың басқа
түрлеріндегі секілді ірің негізін серозды сұйықтық құрайды. Одан басқа, ірің
құрамында торшалар мен жергілікті ұлпаның ыдырау өнімдері болады.
Себептері: микроағзалар, жиі кокктар, сондай-ақ, ұлпаға енген химиялық
заттар (кретонды майлар, скипидарлар және т.б.).
Іріңді қабыну формасы: абсцесс, эмпиема, флегмона.
Достарыңызбен бөлісу: