Рлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4


АС ҚОРТУ АҒЗАЛАРЫ АУРУЛАРЫНЫҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет74/126
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#14279
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   126
АС ҚОРТУ АҒЗАЛАРЫ АУРУЛАРЫНЫҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ 
МОРФОЛОГИЯСЫ 
 
Жоспар  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.Ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің аурулары 
 
 
 
 
2.Ас қазандағы өлімнен кейінгі болатын өзгерістері    
 
 
 
 
3.Гастриттер  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


90 
 
 
4.Мес қарынның тимпаниясы. Травматикалық ретикулит 
 
 
 
 
5.Ішектің өткізгіштігінің бұзылуы әсерінен болатын өлім   
 
 
 
6.Ішектің қабынуы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
7.Бауыр аурулары 
 
1.Ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің аурулары   
 
 
 
Катаральді  стоматит  (Stomatitis  catarallis)  –  ауыз  қуысындағы  кілегей 
қабықтың катаральді қабынуы, жиі болады, және шектелген, таралған түрлері бар. 
Ол  қандайда  болсын  механикалық  себептердің  (өткіртістерден,  азу  тістердің 
қытырлануынан  болатын  тітіркенулер)  немесе  химиялық  (қышқылдар,  сілтілер, 
йод,  хлорлы  әк  және  т.б),  зат  алмасу  мен  қоректенудің  жалпы  бұзылуы 
себептеріен туындауы мүмкін. Катаральді стоматит ауыз қуысының басқада ауыр 
ауруларымен, сондай-ақ, кейбір созылмалы және өткір инфекциялық үрдістермен 
ілесуі  мүмкін.Зақымдалған  орындарда,  атап  айтқанда  тіл  ұшында,  қызыл  иекте 
және  тілдің  шеттерінде,  сондай-ақ,  жақтың  ішкі  беткейінің  қызылданып,  ісінеді. 
Эпттелилердің түсуі салдарынан ақшыл дақ пайда болуы мүмкін. 
 
 
 
Ол шырыштын, түскен эптелилерден және микроағзалардан тұрады. 
 
 
Ойық – жаралы стоматит (Stomatitis ulcerosa) 
 
 
 
 
 
 
Ауыз қуысының кілегей қабығы қатты зақымдалған кезде беткі қабаты өледі 
және  қабықшалары  шеттелгеннен  кейін  ойық-жаралар  пайда  болады.  Өлген 
массалар  бактериялардың  әсерінен  ыдырайды,  қабыну  нашарлай  түседі.  Кілегей 
қабығы 
қатты 
ісінеді, 
лай 
сары 
немесе 
жасыл 
сары 
массамен 
жабылады.Қабықшаны  қоршаған  ойық-жаралар  қызыл  түсті  болады.  Жаралы 
стоматит  механикалық  зақымдалу  мен  кілегей  қабығының  қатты  тітіркенуі 
әсерінен  өзіндік  жеке  ауру  ретінде  байқалады,  ол  ерін  және  жақтың  ісінуімен 
сүйемелденеді.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сондай-ақ, еркін формасыда кездеседі – ауыздың іріңді қабынуы. Жүдеу жас  
жануарларда  рахит,  кейбір  авитаминоздарда,  лейкоз  және  т.б  аурулар  кезінде 
байқалады.  Ойық-жаралы  стоматиттің  өзіне  тән  формасын  алвеолярлы  пиоррея 
көрсетеді  (pyorrhea  alveolaris).  Ол  бірінші  беткейінле  пайда  болып,  кейін  тіс 
мойнына  жанасқан,  қабынған  қызыл  иек  бөлігіне  таралады;  Іріңнің  көп  бөліну 
үрдісінің  әсер  етуі  қызыл  иек  пен  тіс  арасындағы  қуыстарда  іріңнің  түзілуіне, 
альвеолярлы  аймақтың  ашылуына,  тамырлық  қабықшаның  бұзылуы  мен  тістің 
босауына әкеледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Іріңді  стоматит  (флегмонозды  –  Stomatitis  purulenta,  phlemonosa).  Шырыш 
асты  қабат  пен  оның  астында  орналасқан  ұлпаларда  іріңді  инфильтрация  ойық-
жаралы  стоматиттің  әр  түрлі  формасы  түрінде  кездеседі;  олар  тілде,  ауыз 
қуысының түбінде дамиды. Ауру еріннің, жақтың және тілдің ісінуімен өтеді. 
 
Іріңді глоссит (тілдің қабынуы) жеңіл зақымдалулар мен соққылардан кейін, 


91 
 
күйдіргіш  заттардың  әсер  етуі  салдарынан,  тіпті  ешқандай  себептерсіз  пайда 
болуы мүмкін. Кілегей қабығы гиперемияға ұшырайды. Тіл қатты ісінеді, ауызға 
симауы  мүмкін,  жұтқыншақ  пен  тістердің  арасында  қысылады.  Сілекейдің 
жиналуы,  сондай-ақ  тілдің  қандайда  бір  бөігінде  абсцесстардың  пайда  болуы 
байқалады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Гангренозды стоматит. Сулы рак (Stomatitis gangrenos, Noma). Іріңді немесе 
ойық-жаралы  стоматиттің  ауыр  ормасына  ұлпаның  өлуі  де  қосылуы  мүмкін. 
Әдетте,  жақтың  кілегей  қабығында  кездеседі.  Үрдіс  жақтың  ішкі  беткейінде 
жараларды пайда болуынан басталады және олар іріңді ыдыраумен тез таралады. 
Инфильтрат  жақтың  терісіне  дейін  жетеді,  жара  сыртқа  шығады  және  бас  пен 
мойынға жанасқан бөліктеріне өтеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Афтозды  стоматит  (Stomatitis  aphtosa).  Афта  деп  ісінген,  сары  және  сары  – 
жасыл  түсті,  іші  суға  немесе  қанға  толған,  көлемі  5  мм-дей  шырышты  қабык 
үстінде  кездесетін  қотырлар.  Олар  қызыл  қабықшамен  жабылған  және  ойық  – 
жара  тудырмай  жазылып  кетеді.  Афталар  кейбір  өткір  инфекциялық  аурулар 
(мысалы, аусыд) және химиялық тітіркенулер салдарынан түзіледі. 
 
 
 
Ауыздың  уылуы  (Soor).  Candida  albicans  ашытқы  саңырауқұлақтарымен 
тудырылады., жиі жаңа туған төлдердің кілегей қабықтарында пайда болады. Ақ 
немесе  сарғыш  қотырлар    түзіледі,  көбінесе  еріннің  алдыңғы  бөлігінде  немесе 
таңдайда.  Олар  дақ  түрінде  болуы  мүмкін.  Ауыщ  уылуының  дамуына  стоматит 
әсер етуі мүмкін.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тістің босауы.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әр  түрді  зат  алмасудың  бұзылулары  кезінде  тіс  ұяшықтарының 
атрофиясының  дамуы  салдарынан  болады,  әсіресе  анемия,  диабет  аурулар 
кезінде, буаздылық мерізімінде және кәр жануарларда. 
 
 
 
 
 
Сілекей безінің қабынуы (Sialoadenitis).   
 
 
 
 
 
 
Қабынуға жиі құлақ маңы безі ұшsрайды (Parotitis). Қабыну себептері болуы 
мүмкін:  сілеке  тұздарының  түзілуі  кезінде  шығару  жолының  бітелуі, 
маңайындағы  бөліктерден  қабынудың  өтуі,  сепсис,  сальмонеллез,  пневмония 
кезіндегі метастатикалық  қабынулар. Сілекей бездерінің серозды қабынуы абцес 
немесе  флегмонаның  дамуымен  іріңді  түрге  өтеді.  Созылмалы  сиалоаденттерде 
кездеседі.   
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет