? 1. Жылу қозғалтқыштарының адамзат өркениетін дамытудағы рөлі
қандай?
2. Жылу қозғалтқыштары деп қандай қозғалтқыштарды айтады? Олардың
барлығына ортақ қандай бөліктері бар?
3. Төрттактілі іштен жанатын қозғалтқыш қалай жұмыс істейді?
4. Іштен жанатын дизель қозғалтқыштарының ерекшеліктері қандай?
5. Бу немесе газ турбиналары деп қандай қозғалтқыштарды айтады және
олар қалай қозғалыс жасайды? Олардың қандай артықшылықтары мен
кемшіліктері бар?
Сурет 3.3, ә бойынша іштен жанатын қозғалтқыштың толық циклі
кезінде солдан оңға қарай орналасқан №1–№4 цилиндрлердің пор
-
шендерінің қандай жүріс жасайтынын кестеге жазып көрсетіңдер.
Цилиндр
реті
Толық циклдегі поршеннің жүрістерінің аталуы
(сору, сығу, жұмыс, шығару)
№1
№2
№3
№4
Мүмкіндігіне қарай ата-анаңмен және туысқандарыңмен бірлесе оты-
рып, төменде көрсетілген зерттеу тапсырмаларын орындаңдар:
1) Қандай да бір көлік құралының іштен жанатын қозғалтқышының
сыртқы және ішкі құрылымымен танысыңдар; оның суытқыш жүйе-
сінің құрылысына, маховигі мен иінді білігінің және оталдырғыш
тетіктерінің түр-түстеріне, сондай-ақ шатун мен поршеньге және
поршеннің сақиналарына мұқият зер салып, атқаратын қызметтеріне
көңіл аударыңдар;
2) Қозғалтқыштарды жөндейтін арнайы шеберханаларға сынып балала-
рымен бірге экскурсия жасап, жоғарыда аталған бөліктердің қызмет
-
терімен толығырақ танысыңдар; жөндеуші шеберлер мен мамандарға
қоятын сұрақтарыңды алдын ала даярлап, олардан жауап алуды жос