Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет104/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   302
сору,  сығу,  жұмыс  және  шығару  жүрістерінен  тұрады.  Әр  пор-
шень  кезегімен  осы  жүрістерді  (тактілерді)  қайталап  отырады.  Әрбір 
толық цикл өткен сайын қозғалтқыштың әйтеуір бір цилиндріндегі газ 
кезектесіп жұмыс жасайды.
5.  Жоғарыда  сипатталған  қозғалтқыш  бензин  немесе  газбен  жұмыс 
істей алады. Сонымен қатар іштен жанатын төрттактілі қозғалтқыштар-
дың ауыр және арзандау жанармайлармен (керосин, мұнай, дизель оты-
ны)  жұмыс  істейтін  түрлері  де  бар.  Оларға  іштен  жанатын  төрттактілі 
дизель қозғалтқыштары жатады. Оның ерекшелігі мынаған саяды: 1-такт 
ішінде жұмыс цилиндріне жанғыш қоспа емес, ауа сорып алынады. Пор-
шень кері қозғалатын 2-такт кезінде цилиндрдегі ауа жылдам сығылып, 
адиабаттық  процесс  орын  алады.  Сөйтіп,  тез  сығылған  ауаның  темпе-
ратурасы  2-тактінің  соңында  700–1000
0
С  шамасына  жетеді.  Осы  кезде 
оған  форсункалардың  жәрдемімен  дизель  отынын  тозаңдатып  бүркеді. 
Тозаңдатылған  дизель  отыны  жоғары  температураның  салдарынан 
өздігінен тұтанып, цилиндр ішінде бензинге қарағанда ұзағырақ жана-
ды. Сол себепті дизель қозғалтқыштарында электр ұшқынын беретін све-
чалар орнатылмайды. Бұдан кейінгі тактілерде, іштен жанатын бензинді 
қозғалтқыштардағы сияқты 
жұмыс және шығару жүрістері орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет