Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


 Денелерді әсер (индукция) арқылы элек-



Pdf көрінісі
бет118/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   302
3. Денелерді әсер (индукция) арқылы элек- 
трлендіру.  Денелерді  электрлендірудің  басқа 
тәсілі  де  бар.  Оған  көз  жеткізу  үшін  тағы 
бір тәжірибеге жүгінейік. Бір ұшына металл 
табағы  бекітілген,  екінші  ұшына  екі  қағаз 
тілшесі жапсырылған металл шыбығын шыны 
колбаның мойнынан өткізіп бекітейік (сурет 
4.3). Мұндай аспап 
электрос коп деп аталады. 
Қағазға үйкелеу арқылы электр ленген шыны 
таяғын металл табаққа жақындатып, жанас-
тырмай  ұстап  тұрсақ,  металл  шыбығының 
екінші  ұшындағы  қағаз  тілшелер  бір-бірінен  алшақтай  бастайды. 
Ендеше,  бұл  құбылыс  қағаз  тілшелерінің  бір  түрлі  электрленгенін 
білдіреді. Сонымен, денелерді бір-біріне жанастырып үйкемей-ақ электр- 
лендіре алатынымызға көз жеткіздік.
Денелерді бір-біріне жанас тырмай электрлендіру әсер арқылы (не-
месе индукция арқылы) электрлендіру деп атайды.
4. Денелердің электрленуі туралы физика ғылымының тарихи дамуы- 
ның әр кезеңінде жасалған көптеген тәжірибелерден төменде көрсетілген 
қорытындылар туындап, ұғымдар қалыптасты.
Біріншіден, екі денені электрлендіру жанастыру тәсілі арқылы не-
месе 
индукция тәсілі арқылы жүзеге асады. 
Екіншіден, денелер екі түрлі электрленеді. Шыныда пайда болатын 
электр 
оң (+), ал эбонитте пайда болатын электр теріс () электр заряды 
деп аталды.
Үшіншіден,  аттас  зарядтар  бір-бірін  тебеді,  әраттас  зарядтар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет