1. Термодинамиканың бірінші заңы. Жүйе күйінің өзгеру процесінде оған берілген жылу жүйенің ішкі энергиясын молайтуға және сыртқы күштерге қарсы жұмыс істеуіне шығындалады: Q =∆U + А. 2. Газдың жұмысы. Газдың тұрақты қысымда температурасы өсіп, көлемі изобаралық ұлғайғанда сыртқы күштерге қарсы істей- тін жұмысы қысым мен көлемнің өсімшесінің көбейтіндісіне тең: А = p∆V. 3. Термодинамиканың екінші заңы (Клаузиус постулаты):
Нәтижесі тек қана салқын денеден жылырақ денеге өтетін энергия болатын процесс мүмкін емес немесе екінші текті «мәңгі» қозғалтқыш жасау мүмкін емес. 4. Жылу қозғалтқыштары – отынның ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдырып, сол арқылы жұмыс жасайтын қондырғылар.