Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет122/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   302
Өткізгіштер 
деп электр тогын (бағытталған еркін зарядтарды) 
өз бойынан өткізе алатын заттарды айтады.
Металдар  (сурет  4.4,  ә)  мен  тұздардың  судағы  ерітінділері,  қыш-
қылдар мен сілтілер, көмір мен мыс купоросы жақсы өткізгіштер болып 
табылады.
7. Жоғарыдағы тәжірибені металл шыбығының орнына шыны шыбы-
ғын пайдаланып, қайта жасап көрейік. Бұл жолы зарядталған электро-
скоп зарядын өзгеріссіз сақтап, ал екіншісі бейтарап қалпында тұра береді.
Диэлектриктер
 (немесе оқшаулағыштар) деп электр тогын өз бой-
ларынан өткізбейтін заттарды айтады.
Диэлектриктерге каучук‚ фарфор, шыны, кварц, плексиглас, резеңке, 
керосин т.б. әртүрлі майлар жатады.
Әртүрлі  диэлектриктердің  электрлік  қасиеттері  д
иэлектрлік  өтім-
ділік деп аталатын физикалық шамамен сипатталады. Ол туралы келесі 
тақырыпта түсінік беріледі.
Сонымен қатар өткізгіштер мен диэлектриктердің аралық қасиеттерін 
иеленетін 
шала  өткізгіштер  де  бар.  Оларға  германий,  кремний,  селен 
т.б. жатады.
Шала  өткізгіштер  заманауи  цифрлы  технологияда,  Күн  энергиясын 
электр энергиясына айналдыру өндірісінде кең қолданылады. Қазақстан-
ның «Болашақтың энергиясы» бағдарламасына сәйкес Қарағандыда 2017 
жылы шала өткізгішке жататын кремний шығаратын зауыт іске қосылды.
 
  
1.  Заттардың  электрленуі  және  электр  күші  деген  атаулар  қалай  пайда 
болды және нені білдіреді?
2.
  Жанастыру арқылы электрлендіру тәсілі деп қандай тәсілді айтады?
3.  Индукция арқылы электрлендіру тәсілі деп қандай тәсілді айтады?
4.  Электрлену құбылысына қатысты тәжірибелерден қандай қорытындылар 
жасалды? Электр заряды деп қандай шаманы айтады?
5.  Өткізгіштер мен диэлектриктер және шала өткізгіштер деп қандай зат-
тарды айтады?
 
?
Сұрақтар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


93
Практикалық тапсырма
Эксперименттік тапсырма
Теориялық тапсырма


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет