ерітінділер деп те, электролиттердеп те атай
береді.
Ерітіндінің температурасы жоғары болған сайын электролиттердің
оң және теріс зарядты иондарға ыдырау қарқыны да арта түседі.
Сөйтіп, ерітіндіде температура жоғарылағанда токты таситын заряд-
тың мөлшері (
q) өседі де,оған сәйкесток күші (I = q/t)де артады,
яғни ерітіндінің
R кедергісі төмендейді. Ал металл өткізгіштерде,
керісінше, температура жоғарылағанда кедергілерінің өсетіндігін
білеміз
(R t =R 0 (1 +
αt).
Металл өткізгіштер мен электролит өткізгіш тердің жоғарыдағы
ерекшеліктеріне байланысты металдар ды
бірінші текті, ал элек-
тролиттерді
екінші текті өткізгіштер деп ажыратады.
5. Ас тұзының (NaCl) ерітіндісін ток көзіне қосып электр өрісін
туғызса, оң зарядты иондар өріс күшінің бағытымен, теріс зарядты ион-
дар қарама-қарсы бағытта қозғалып, электролит ішінде электр тогын
туғызады (сурет 5.30). Теріс зарядты хлор элементінің иондары (Cl
–
)
ток көзінің оң полюсіне қосылған анодқа жеткеннен кейін, теріс заряд-
тарын (артық электрондарын) сыртқы тізбектегі металл өткізгіштерге
беріп, бейтарап атомдарға айналады. Сол сияқты ерітіндідегі натрий
элементінің оң иондары (Na
+
) ток көзінің теріс полюсіне қосылған катодқа
жетіп, сыртқы тізбектен өздеріне жетпейтін электрондарды қосып алады
да, бейтарап атомдарға айналады. Сөйтіп,
тізбектің сыртқы металл өткізгіштерден тұратын бөлігінде токты электрондар, ал электро- лит ерітіндісінен тұратын бөлігінде иондар тасымалдайды. Иондар