Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет199/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   302
Гальваностегияда электролиз әдісімен бір металдың бетін басқа ме-
талдармен қаптайды. Мысалы, электролиз арқылы қара металдарды ни-
кельмен,  хроммен  қаптайды;  сәндік  бұйымдарын  «алтынмен  аптайды, 
күміспен күптейді».
Гальванопластика  деп  денелердің  бет-бедерінің  пішінін  электро-
лиз  әдісімен  металдарда  кескіндеуді  айтады.  Ол  үшін  дене  бетінің 
балауыздағы үлгісі алынады. Үлгінің беті ток өтетін графит тозаңымен 
қапталады.  Бұдан  кейін  үлгіні  катод  орнына  электролитке  батырады. 
Анодтың рөлін үлгінің (катодтың) бетін қаптайтын металл (мысалы, ал-
тын немесе никель) атқарады.
 
1.  Әртүрлі ортада өтетін электр тогының табиғаты қандай? Мысалдар кел-
тіріңдер.
2.  Иондық  кристалл  деп  қандай  кристалдарды  айтады?  Олардың  металл 
кристалдарынан қандай айырмашылықтары бар?
3.  Электролиттік диссоциация және электролиттер деп нені айтады? Мы-
салдар келтіріңдер.
4.  Электролиз деп қандай құбылысты айтады? Мысалдар келтіріңдер.
5.  Фарадей заңы қалай тұжырымдалады және қандай формуламен өрнек-
теледі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет