§30. Бұл тарауда оқушылар терең игеруге міндетті алдыңғы бетте көрсетілген бағдарламалық оқу мақсаттарымен қатар, әр оқушының есінде ұзақ сақталуға тиісті мына негізгі физикалық ұғымдар қарастырылады: «магнит өрісі», «тогы бар өткізгіштің магнит өрісі», «магнит өрісінің токқа әрекеті», «электрмагниттік индукция». ТҰРАҚТЫ МАГНИТТЕР. МАГНИТ ӨРІСІ 1. «Магнит» атауы ерте дүниеде Кіші Азиядағы «Магнесия» деп
аталатын жер шоқысының атауынан тараған. Осы шоқыда өндірілетін
кейбір тас қиыршықтары бір-біріне жабысып тартылатын қасиеттерімен
ерекшеленетін. Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырда грек ғұламасы Фалес
«магнит» туралы алғашқы жазба дерек қалдырған. Гректер жабысқақ
тастарды «Магнесия тасы» – «Magnetis litos» деп атаған. Магнесия
тасына ұқсас (сурет 6.1,
а) қасиеттері бар кен көздерін «магнетит» кен
орындары деп атайды, оларға негізінен темір кеніштері жатады.
Әлемдегі ең ірі магнетит кеніштерінің бірі – Қостанай облысындағы
Соколов-Сарыбай кеніші. Оның байытылған кендері (сурет 6.1,
а және ә)
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы еңбек жолын бас-
таған Теміртау металлургия комбинатында қорытылып, сапалы өнімдер
алынады.