деп жарық көзінен энергия тарайтын бағытты көрсететін түзу сызықты айтады.
Бірнеше жарық сәулелерінің жиынынан
жарық шоғы құралады.
Жарық шоғы деп кеңістіктің шектелген аймағында тарайтын жарық сәулелерінің жиынын айтады. Жарық шоқтары
параллель, шашыратылған және жинақталған шоқтарға бөлінеді.
Жарық шоғының құрамындағы сәулелер олардың нүктелік центрінен шығатын болса, ондай шоқ шашыратылған жарық шоғы деп аталады (сурет 7.2,
а).
Жарық шоғының құрамындағы сәулелер олардың нүкте лік центріне қарай бағытталса, ондай шоқ жинақталған жарық шоғы деп аталады (сурет 7.2,
ә).
Жарық шоғының құрамындағы сәулелердің траекториялары қиы- лыспайтын болса, ондай шоқ параллель жарық шоғы деп аталады (су-
рет 7.2,
б).
Жарық сәулесі басқа құрамдас элементтерге ыдырамайтын ең қа-
рапайым физикалық объект (нысан) болып табылады. Оның жарық шоғы
сияқты центрі жоқ, шашыратылған да, жинақталған да бола алмайды.
3. Жарық сәулелері де, шоқтары да бір-біріне тәуелсіз тарайды.
Олардың бір-біріне тәуелсіз тарайтындығын қараңғы бөлмеде екі қалта
шамының жарық шоқтарын қиылыстыру арқылы байқай аламыз.
Өзара қиылысқан сәулелер де (сурет 7.1,
а), шоқтар да (сурет 7.2, в)
біріне-бірі тәуелсіз өз бағыттарымен өте береді. Мұндай қасиет