185
7. Көне заманда бұрылыстарға жазық айналарды орналастырып,
пирамидалардың ішкі бөлмелерін Күн сәулесімен жарықтандырған.
Қазіргі заманда жазық айналар тұрмыста да, өндірісте де, әртүрлі
ғылыми-техникалық аспаптар мен қондырғыларда да кең қолданылады
(сурет 7.8). Мысалы, Күн сәулесімен жұмыс жасайтын әртүрлі қон-
дырғылардың коллекторына Күн энергиясын қосымша бағыттау
үшін жазық айналар пайдаланылады. Медицинада ағзалардың көзге
тікелей көрінбейтін бөліктерін бақылайтын стоматалогиялық аспап-
тарда, сондай-ақ хирургияда шағылған сәулелерді емделетін ағзаға
тура бағыттайтын қондырғыларда айналар негізгі тетіктер қатарына
жатады.
Телескоптарда, сүңгуір қайықтарда (сурет 7.8,
а), кинопроекция-
лық
аппараттарда, перископтарда (сурет 7.8,
ә) т.б.
құралдарда нәрсе-
нің кескінін ыңғайлы орынға көшіріп, қауіпсіз бақылау үшін де жазық
айналар жүйесі көп көмегін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: