Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет245/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   302
бұрышы деп аталады.
3.  Оптикалық  шайбаның  табағындағы  шкаланы  пайдаланып  (сурет 
7.5, 
а),  түсу  бұрышы  мен  шағылу  бұрышын  бір-бірімен  салыстырсақ, 
олардың  бір-біріне  тең  екендігін  анықтаймыз  (сурет  7.5, 
ә).  Жарық 
көзін табақтың жиегімен айналдырып, сәуленің түсу бұрыштарын оның 
шағылу бұрыштарымен салыстыру арқылы олардың әрдайым бір-біріне 
тең  болатынына  көзімізді  әбден  жеткіземіз.  Тәжірибелерден  мынадай 
қорытынды туындайды:
а) түскен сәуле, шағылған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған 
перпендикуляр бір жазықтықта жатады;
б) жарық қандай бұрышпен түссе, сондай бұрышпен шағылады:
Ð
α
 
Ð
β
.
Бұндай  қорытынды  жарықтың  шағылу  заңы  деп  аталады.  Бұл  заң 
да ерте дүниеден белгілі заң болып табылады. Ол туралы Евклид өзінің 
«Бастауында» жазып қалдырған.
4. Беті тегістеліп өңделген жазық айнаға бірдей бұрышпен түскен па-
раллель  сәулелер  сондай  бұрышпен  параллель  шағылады  (сурет  7.6, 
а). 
Жазық айна бетіне тынық судың (мысалы, көлдің) беті де мысал бола ала-
ды. Көз дененің тегістеліп айнадай өңделген бетін көрмейді; оның орнына 
айнадағы өз бейнесін (сурет 7.6, 
ә) немесе айналасындағы басқа нәрселерді 
көреді.
Тегіс емес беттен (мысалы, қағаз бетінен) әртүрлі бұрыштармен 
шағылған  сәулелерді  (сурет  7.6,  б)  шашырай  немесе  диффузиялық 
шағылу деп атайды.
Сурет 7.5. Жарық сәулесінің жазық айнада шағылуы
а)
ә)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


183
Көз  сәулелерді  шашырай  шағылдыратын  кез  келген  дененің  бетін 
көреді. Өйткені көз тегіс емес беттен шағылған сәулелердің ішінен өзіне 
тура  бағытталғандарын  ғана  қабылдайды.  Ал  көзге  түсетін  мұндай 
шағылған сәулелер дене бетінің әртүрлі нүктелерінен әртүрлі бұрышпен 
келетіндіктен, көз оларды сол қалпында ажыратып көре алады.
5.  Көз  жазық  айнаның  бетін  көрмесе  де,  одан  өзін  немесе  басқа 
денелердің  кескіндерін  көреді  дедік.  Енді  жазық  айнада  кескіндердің 
қалай  пайда  болатынын  төмендегі  суреттерге  сүйеніп  көрсетейік. 
Адамның да, жануарлардың да көздері денені одан шағылып, көзге 
түзу 
бойымен тура түскен сәулелер арқылы көреді. Сондықтан да бір нәрсені 
көру  үшін  оған  бұрылып  немесе  басын  көтеріп  қарайды.  Егер  дененің 
өз бетінен шағылған сәулелер көзге 
түзу бойымен тікелей түспесе, онда 
көз ол денені көрмейді. Мысалы, 7.7, 
а-суретте көрсетілген шамды көз 
көрмейді. Өйткені шамның өз бетінен шағылған сәулелер тікелей көзге 
түспейді. Сол сияқты оң жақтағы суретте бізге тура қарап тұрған бала 
да  өзін-өзі  көрмейді.  Алайда  жазық  айнаның  жәрдемімен  тікелей  көре 
алмайтын дененің 
жалған бейнесін көз көре алады. 
Жалған бейнелердің пайда болуын, бір жағынан, жарықтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет