191
айналардың басқа айналарға қарағанда айналаны көбірек қамтып,
шолу жасай алатын артықшылықтары пайдаланылады. Расында да,
дөңес айнаның арқасында көлік жүргізушісі де, дүкен қызметкері де
өз орындарынан аумағы мен ауданы үлкен алаңды көріп, бақылай
алады.
1. Сфералық айналар деп қандай айналарды айтады және олардың қандай
түрлері бар? Сфералық айналарға қатысты қандай ұғымдар мен термин-
дер бар? Суреттерін салып түсіндіріңдер.
2. Сфералық айналардың оптикалық өстеріне параллель сәулелердің ша-
ғылу ерекшеліктері қалай қорытындыланады? Бұл қорытынды қалай
дәлелденеді? Суретін салып дәлелдеңдер.
3. Сфералық айналарда нәрселердің кескіндерін салу үшін қандай сәуле-
лерді пайдаланады және олар қалай таңдалады? Суреттерін салып
түсіндіріңдер.
4. Ойыс айнадағы кескіндер нәрсенің орналасуына байланысты қалай
өзгереді? Дөңес айнадағы кескіннің ерекшелігі қандай? Суреттерін са-
лып сипаттаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: