Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет257/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   302
§38.
 
Аңызға сенсек, маяктің ұшар басына орнатылған 
үлкен айнадан Грекия жағалауынан шыға бастаған 
кемелерді көруге болады екен. 
 
Биіктігі  120  метрдей  (кей  деректерде  180  м) 
болатын  маяк  көп  қабатты  үш  деңгейлі  мұнара 
түрінде  салынған  сол  замандағы  (біздің  жыл  са-
науымыздан  300  жылдай  бұрын)  ең  ірі  құры-
лыс  болатын.  Оның  жоғарғы  деңгейіндегі  мұна-
рада  жалындаған,  өшпейтін  от  ұдайы  жанып 
тұрыпты.  Мұнара  басында  көптеген  таңғаларлық 
техникалық  құралдар:  флюгер,  астрономиялық  аспаптар,  қоңыраулы  сағаттар, 
от  жалыны  сәулесін  алысқа  жіберетін  ойыс  металл  айналар  мен  линзалар-
дан  тұратын  ғажайып  қондырғылар  орнатылыпты.  Маяк  прожекторы  от-жалын 
сәулесін 60–100 км қашықтыққа дейін таратып, кемелерге бағдар көрсететін бо-
лыпты. Сәулетші Сострат Книдский жобалаған маяк жоспарланған 20 жыл орнына 
5 жыл ішінде толық салынып, 7 ғасырға жуық қалтқысыз жұмыс жасапты.
XIV ғасырдағы күшті жер сілкінісінен кейін толығымен қираған маяктың орны-
на, біраз жыл өткізіп барып, түріктер Кайт-Бей қорғанын тұрғызады. Александрия 
маңындағы Фарос аралында бірнеше рет түзетіліп салынған бұл қорған осы кезге 
дейін өз келбетін жоғалтқан жоқ.
2015 жылы Мысыр (Египет) өкіметі әлемнің жеті кереметінің бірі болып табы-
латын Александрия маягін қайта тұрғызуға шешім қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет