Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет270/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   302
§39.
 
ЛИНЗАЛАР. ЛИНЗАНЫҢ ОПТИКАЛЫҚ КҮШІ.  
КЕСКІНДЕРДІ ЛИНЗАЛАРДА САЛУ.  
ЖҰҚА ЛИНЗАНЫҢ ФОРМУЛАСЫ
1. Оптикалық тығыздығы әртүрлі ортада жарықтың түрліше сыну 
және  шағылу  қасиеттері  көптеген  аппараттар  мен  құралдарда  жарық 
сәулелерін  басқару  үшін  қолданылады.  Ондай  оптикалық  құралдардың 
негізгі бөлігін 
линзалар құрайды.
Линза
 деп екі жақ беті радиустары R
1
 және R

болатын (сурет 7.22) 
сфералық сегменттермен шектелген мөлдір денені айтады.
Линзалар  шектейтін  беттерінің  пішіндеріне  қарай  6  түрге  бөлінеді 
(сурет  7.22, 
ә).  Оларды  қос  дөңес  (1),  жазық  дөңес  (2),  ойыс  дөңес  (3), 
қос  ойысты  (4),  жазық  ойысты  (5)  және  дөңес  ойыс  (6)  линзалар  деп 
атайды. Дөңес линзалардың шеттеріне қарағанда ортасы қалың; ал ойыс 
линзалардың шеттері қалың да, ортасы жұқа келеді.
2. Линзаларды қолданып, нәрселердің кескіндерін салуға байланыс-
ты төмендегі ұғымдар мен терминдер қолданылады.
Линзаның екі сфералық сегменттерінің центрлері орналасқан О
1
О

түзуі линзаның бас оптикалық өсі деп аталады (сурет 7.22, а)
  Бас  оптикалық  өс  бойындағы  барлық  сәулелер  линзадан  сынбай 
өтетін О нүктесін линзаның оптикалық центрі деп атайды.
Линзаның  оптикалық  центрі  арқылы  бас  өске  көлбеу  өтетін  кез 
келген түзу қосалқы оптикалық өс деп аталады (сурет 7.22, а).
Оптикалық центр арқылы бас өске перпендикуляр өтетін жазық-
тықты линзаның бас жазықтығы дейді.
Линзада екі сфералық бет болатындықтан, жарық сәулесі екі беттен 
де сынады. Алайда кескіндерді салуды оңайлату үшін біз жұқа линзалар-
ды ғана қарастырамыз және сәулелер тек бір беттен, яғни линзаның бас 
жазықтықтығынан  сынады  деп  есептейміз.  Осыған  орай  көп  жағдайда 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


201
дөңес  линзаны  ұштары  жебе  тәрізді,  ал  ойыс  линзаны  ұштары  айрық 
вертикаль сызықтармен бейнелейді (сурет 7.23).
Егер ауада орналасқан дөңес линзаға бас оптикалық өске параллель 
сәулелер түсірсек, олар линзадан сынып, бас өстің бойындағы F нүктеде 
тоғысады (сурет 7.23, 
а). Бұл нүктені линзаның бас фокусы деп атайды 
да, ал дөңес линзаны 
жинағыш линза дейді.
Егер  ауада  орналасқан  ойыс  линзаға  бас  оптикалық  өске  парал-
лель сәулелер түсірсек, олар линзадан сынып, шашыратылған сәулелер 
шоғын  түзеді  (сурет  7.23, 
ә).  Бұл  сәулелер  линзаның  алдындағы  F 
нүктеден  шыққандай  болып  көрінеді  (пунктир  сызықтардың  түйілісі). 
Бұл нүктені линзаның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет