жалған бас фокусы деп атайды да, ал ойыс лин-
заны
шашыратқыш линза дейді.
Егер ауада орналасқан жинағыш линзаға қосалқы оптикалық өске
параллель сәулелер түсірсек, олар линзадан сынып, бас өстен тыс
F′
нүктеде тоғысады (сурет 7.23,
б). Бұл нүктені дөңес линзаның қосалқы фокусы деп атайды. Дөңес линзаның барлық қосалқы фокустары бас фо-
кус арқылы өтетін бас оптикалық өске перпендикуляр жазықтың бойын-
да жатады.
Дөңес линзадағы сияқты ойыс линзаның да қосалқы жалған фокуста-
рын салып көрсетуге болады. Олар да ойыс линзаның бас жорамал фоку-
сын басып өтетін бас оптикалық өске перпендикуляр жазықтың бойында
орналасады.
3. Линзаның
фокус қашықтығы және оптикалық күші деп аталатын
шамалар оның негізгі сипаттамалары болып табылады.
Фокус қашықтығы деп линзаның бас фокусынан оның центріне дейінгі қашықтықты айтады.Фокус қашықтығынFәрпімен белгілейміз.