түсті қабықшамен ұштасады. Түсті қабықшаның жиегі «цилиарлық
дене» деп аталатын бұлшық етпен көмкерілген (сурет 7.29). Түсті
қабықшаның ортасында жарық өтетін саңылау –
қарашық бар. Бұлшық
ет (цилиарлық дене) сақинаны созып немесе жиырып, қарашықтан өтетін
жарық ағынын реттеп отырады да,
диафрагма қызметін атқарады. Түсті қабықшаның артында дөңес линзаның қызметін атқаратын
көзбұршағы орналасқан. Мөлдір қабық пен көзбұршағының арасы
сұйқылтым ылғалды ортаны құрайды; оған жас ағызатын каналдар
жалғанған. Көзбұршағының артындағы көз алмасының ішкі сферасы
толығымен
шыны тектес денеден тұрады.
Мөлдір қабық – сұйқылтым орта – көзбұршағы – шыны тектес дене көздің табиғи оптикалық жүйесі болып табылады. Көз жүйенің
оптикалық центрі
көзбұршағынан 5 мм-ге жуық арақашықтықта орна-
ласқан. Жүйенің оптикалық центрі мен қарашық арқылы
бас оптикалық өс өтеді.
Көз жүйесі оптикалық күші D = 58,5 дптр (фокус қашықтығы
F = 17,2 мм) болатын линзаға ұқсас жұмыс жасайды.