3. Тамырлы қабықтың ішкі жағы торлы қабық деп аталатын көздің
үшінші негізгі қабығымен көмкерілген (сурет 7.29
– сары түстіжартылай
сфера). Ол көз алмасының ішкі сфера бетінің алдыңғы бөлігінен басқа
беттерін жауып тұрады.
Торлы қабық бастағы мимен жалғасатын сансыз
мол көру жүйкесі талшықтарының тарамдалып байланған
таяқшалары мен
түйіншектерінен тұрады да, көз оптикасының шыны тектес денесімен қабысады. Көздегі жүйке талшықтарының таяқшаларының
саны шамамен 125 млн, ал ашық түйіншектердің саны 6,5 млн. Түйін-
шектер негізінен түстерді ажыратады.
Торлы қабық бетінде таяқшалар мен түйіншектердің орналасулары
біркелкі емес. Мысалы,
оның бетінде жүйке таяқшалары да, түйіншектері
де жоқ
соқыр дақ деп аталатын орын бар. Оптикалық өс бойында тор-
лы қабықтың центрінде нәрселерді анық әрі өткір көрсететін