Кинокамера–арнайы жарықсезгіш таспаларға қозғалыстағы бейне-
лерді жазуға арналған құрылғы (сурет 7.34,
ә). Ол әр секунд сайын 24
кадр түсіріп, қозғалыстағы дененің әртүрлі күйін тіркеп отырады. Кино-
камералар негізінен кинофильмдер түсіру үшін қолданылады.
Бейнекамералардың қазіргі жетілдірілген түрлері (сурет 7.34, б)
объективке қоса бейне және дыбыс сигналдарын жасақтайтын тетіктері
(микрофон мен күшейткіші) бар құрылғы болып табылады.
5. Проекторлар –шынайы шағын жазық
кескіндерді экранда
үлкейтіп көрсетуге арналған оптикалық аспаптар. Олар бірнеше түрге
бөлінеді. Төменде олардың кейбір түрлерінің қысқаша сипаттамалары
беріледі.
Диаскоптық аппараттар жарық өткізетін материалдарға салын-
ған кескіндерді үлкен экранда проекциялайды. Мұндай аппараттарға
кинопроектр,диапроектор, фильмоскоп, кодоскоп, фотоүлкейткіш жә-
не басқа құрылғылар жатады. Материалдардан өтетін жарық сәулелері
арқылы кескіндерді үлкейтіп көрсету әдісі