Эпидиаскоптық аппараттар –өтетін сәулелерді пайдаланып,мөл-
дір заттарға салынған кескіндерді де, шағылған сәулелерді пайдаланып мөлдір емес заттарға салынған кескіндерді де үлкен экранға проек-
циялайтын әмбебап құрылғы (сурет 7.37).
Материалдардан шағылатын жарық сәулелері арқылы кескіндерді
үлкейтіп көрсету әдісі
эпископтық әдіс деп аталады. Текэпископтық әдісті ғана пайдаланып жұмыс жасайтын құрылғыларға эпископтар мен
мегаскоптар жатады.
Лазер сәулелерін пайдаланатын
проекторлар да шығарыла бастады.
Лазерлік проекторлар нәрселердің
көлемдік кескіндерін де көрсетіп бере
алады (сурет 7.38).
6. Оптикалық микроскоп (сурет
7.39)– өте кіші көзге көрінбейтін ны-
сандарды (мысалы, бактериялар мен
жасушаларды) жақын қашықтықтан
үлкейтіп көрсететін аспап. Микро-
скоптың оптикалық жүйесі
объектив- тен (В) және окулярдан (А) тұрады. Олар металл тұғырдың жоғарғы
жағындағы қозғалмалы тубусқа бекітілген. Металл тұғырдың төменгі
жағында зерттеу
нысанын (С) орналастыратын кішкентай үстел (Е)
бекітілген. Объективтегі бірінші линза нысанның төңкерілген тура
кескінін жасайды. Окулярдағы екінші линза
лупа сияқты кескіннің көру бұрышын одан са-
йын үлкейте түседі. Микроскоптың үлкейтуі
объект пен окулярдың үлкейтулерінің көбей-
тіндісіне тең. Заманауи микроскоптардың бар-
лығы дерлік жарықтағыш жүйе
конденсатор- мен (D) және оны басқаратын тетікпен, жарық
сәулелерін шағылдыратын
айнамен (F), тубус-
ты қозғалтып көру айқындығын жақсартатын
макро- және микробұрандалармен қамтамасыз
етілген. Қолданыс аяларына қарай микроскоп-
тар қазіргі цифрлы технология жетістіктерін де
қолдана алатын сан алуан құрылымдық түрде
шығарылады.
7. Жарық шоқтарымен жұмыс жасайтын
оптика лық микроскоптардың үлкейтулері бірнеше жүздеген еседен
1000–1500 есеге дейін жетеді. Ал электрон шоқтарымен жұмыс жа-
Сурет 7.38.Лазерлік проектор
Сурет 7.39. Микроскоп
A
B
C
E
D
F
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217