2. Жылуөткізгіштіктің әртүрлі болуы қалай түсіндіріледі?
3. Конвекция деп жылу алмасудың қандай түрін айтады және оны қандай
физикалық заңға сүйеніп, түсіндіруге болады?
4. Табиғи конвекция құбылыстарының пайдасы мен зиянды жақтары
қандай?
5. Сәуле шығару деп жылу алмасудың қандай түрін айтады?
6. Қайталамалы энергия көздеріне нелер жатады? Оларды пайдалануда
Қазақстанның мүмкіншіліктері қандай?
1. Қатты шыныға қарағанда қатты алюминийдің жылуөткізгіштігі бір-
неше жүздеген есе үлкен.Қатты алюминийге қарағанда балқыған
алюминийдің жылуөткізгіштігінен 3 есе кем. Неге?
2. Қар мен мұз жамылған суқоймасында отқа қойылған шәйнектегі сияқты
неге төменгі қабаттағы жылы су жоғары көтерілмейді?
3. Машина қозғалтқыштарын сумен салқындату жүйесінің жұмыс істеу
принципін түсіндіріңдер. Осы жүйедегі желдеткіштің рөлі қандай?