26
және
литосфера қабаттары қоршап тұрады. Литосфера қатты күйдегі
тау жыныстары болып табылады. Оның ең жоғарғы қабатын орташа
қалыңдығы 60–70 км болатын
жер қыртысы құрайды. Жер ядросының
өз ішіндегі жылу алмасу атомдар арасында
жылуөткізгіштік түрінде
және темір мен никель бойындағы
еркін электрондардың конвекциялық
ағыны түрінде жүзеге асады. Ядро мен мантия арасындағы жылу алма-
су негізінен
жылуөткізгіштік, ал мантия мен литосфера арасындағы
жылу
алмасу негізінен
конвекциялық ағын түрінде өтеді.
Литосфера жартылай сұйық мантия бетінде «қалқып» жүрген
бірнеше қабат плиталардан тұрады. Мантияның жекелеген бөліктерінің
біркелкі қызбауы салдарынан олардың арасында температура айы-
рымы пайда болып, конвекциялық ағындар орын алады. Міне, осы
конвекциялық ағындар литосфера плиталарын да жылжытып қозғай
алады. Литосфера плиталары бір-бірінен алшақтай да немесе бір-
біріне қарама-қарсы қозғалады. Олар жылына орташа есеппен 2–3 см-
ге жылжиды. Алшақтай қозғалғанда ойпаттар, қарама-қарсы қозғал-
ғанда таулар түзіледі (сурет 1.17). Литосфера плиталарының бірнеше
жүздеген миллион жылдар ішінде осындай жылжулары салдарынан
біртұтас жер қыртысы бірнеше бөліктерге жыртыла айырылып, қазіргі
құрлықтар (Америка, Африка, Еуразия, Австралия, Антарктида) мен
мұхиттар (Атлант, Үнді, Тынық, Солтүстік Мұзды мұхиттары) пайда
болды.
Температурасы мыңдаған градусқа жететін қоймалжың ман-
тия бетіндегі литосфера плиталарының жылжуы – үздіксіз жүретін
процесс. Соның салдарынан Жер сілкініп, жанартаулар атқылап,
ондаған миллион жылдар ішінде таулар мен ойпаттар қайыра түзіліп,
мұхит сулары да орындарын ауыстырып отырады. Мысалы, қазіргі
Сурет 1.17.
Жер қыртысының жылжуы
Сурет 1.16.
Жер жармасы
Достарыңызбен бөлісу: