Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет81/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   302
Екіншіден, бірдей жағдайда әртүрлі сұйықтың қайнау температу-
ралары әртүрлі болады.
Үшіншіден,  сұйықтың  қаныққан  буының  қысымы  атмосфералық 
қысыммен теңескенде немесе одан сәл асқанда қайнау басталады.
3.  Сұйықтың  қайнау  температурасы  сыртқы  қысымға  тәуелді 
өзгереді. Мысалы, қалыпты атмосфералық қысымда (
p = 10
5
Па) су 100
о
С-
де қайнайды. Егер қысымды төмендете берсек, судың да қайнау темпера-
турасы төмендей береді. Мысалы, 32 гПа қысымда су 24
о
С-де қайнайды, 
қысым 6 гПа болғанда 0
о
С-де қайнайды.
Сұйықтардың  төменгі  қысымда  кез  келген  температурада  қайнау 
қасиеті  практикада,  мысалы,  қант  шығару  өндірісінде  қолданылады. 
Қант қызылшасын ұнтақтап суға салып, оның бойындағы қант молекула-
ларын диффузиялық жолмен ерітеді. Одан кейін сүзгіден өткен ерітіндіні 
суынан  арылтып,  таза  қант  кристалын  алу  үшін  қайнатады.  Қантты  
судан ажыратудың осы кезеңінде оны 
төменгі қысымда қайнату тех-
нологиясы  қолданылады.  Мұндай  технологияда  ерітінді  төменгі  темпе-
ратурада қайнағандықтан, қант күйіп кетпей, сапалық қасиетін сақтап 
қалады. 
Қысым  өскен  сайын  сұйықтардың  қайнау  температуралары  да  жо
 
-
ғарылай  береді.  Мысалы, 
автоклав  деп  аталатын  қондырғыларда  су 
200
0
С-де қайнайды. Автоклавтарды химия және тамақ өнеркәсіптерінде 
кең  қолданады.  Медицинада  ота  жасайтын  құрал-жабдықтарды  стери-
лизациялау мақсатында және қағаз шығару фабрикаларында ағаштарды 
жұмсартып  өңдеу  үшін  пайдаланады.  Тұрмыста  қолданыс  тапқан  ас-
тағамдарды  жылдам  пісіретін  ыдыстардың  қақпақтары  қысымды  рет-
теуге арналған клапандармен жабдықталған. Мұндай ыдыстарда тамақты 
2000 гПа (2 атм) қысымда 120
о
С-де пісіреді.
4.  Эксперименттік  зерттеулер  қайнау  температурасында  сұйықты 
буландыруға  шығындалатын  жылудың  мөлшері  оның  массасына  тура 
пропорционал өсетіндігін көрсетті:
Q ~ m.
Сонымен  қатар  эксперимент  массалары  бірдей  әртүрлі  сұйықтарды 
қайнау  температураларында  буландыруға  шығындалатын  жылу  мөл-
шерінің  бірдей  болмайтынын  да  көрсетті.  Бұдан  әртүрлі  сұйықтарды 
буландыруға  шығындалатын  жылудың  мөлшері  олардың  тегіне  бай-
ланысты  әртүрлі  болады  деген  қорытынды  шығады.  Физикада  мұндай 
байланысты  білдіретін  шаманы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет