Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


 Суытқыш машинаның жұмыс істеу принципі



Pdf көрінісі
бет97/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   302
5. Суытқыш машинаның жұмыс істеу принципі сұйықтың жылдам 
буланған  кезде  ішкі  энергиясын  азайтатын  құбылысқа  негізделген. 
Енді осы құбылыстың негізінде энергияны салқын денеден жылырақ 
денеге қалай өткізуге болатынын толығырақ баяндайық.
Денелердің  молекулалары  әртүрлі  жылдамдықпен  қозғалатынын 
білеміз.  Жылдам  қозғалатын  молекулалар  салқын  денелерде  де  бар. 
Салқын  денелердің  жылдам  молекулаларына  сырттан  көмек  беру 
арқылы температурасы жоғарырақ денеге өткізіп жіберуге болады. Ол 
үшін сыртқы күштер жұмыс жасаулары қажет. Нақ осындай жұмыстар 
суытқыштарда  жасалады.  Суытқыш  қондырғыларының  жұмыс  істеу 
принципін түсіну үшін төмендегі қарапайым сұлбаны қарастырайық 
(сурет 3.2, 
а). 
Жұмыстық  дене  ретінде  өте  жылдам  буланатын  зат  алынады. 
Мысалы,  жұмыс  денесінің  қызметін  аммиак  (қайнау  температура-
сы –33,4
0
С) немесе фреон (қайнау температурасы –29,8
0
С) атқарады. 
Буландырғыштың  ирек  түтікшелерінде  (7)  фреон  төменгі  қысымда 
өте  тез  буланады.  Булану  барысында  салқындай  түскен  фреон 
мұздатқыш және салқындатқыш камераларды орай орналасқан ирек 
түтікшелердің  (7  және  6)  қабырғаларынан  олардың  ішкі  энергия-
сын  азайтып  жұтады.  Сөйтіп,  камералардағы  азық-түліктің  де  ішкі 
энергиялары жылу алмасу жолымен салқын фреонға өтіп жұтылады. 
Энергияны жұтқан фреонның буы ирек түтікшелерден компрессор (1) 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


73
 Сурет 3.2: 
а) суытқыш; ә-б) «мәңгі қозғалтқыштардың» кейбір түрлері
а)
ә)
б)
арқылы сорылып алынады да, конденсаторға (2) айдалады. Конденса-
торда фреонның буы жұтқан энергиясын жылу қабылдағыш (3) арқылы 
сыртқы ортаға шығарып, қайта сұйық күйге ауысады. Сұйық фреон 
қайтадан шүмектер (4 және 5) арқылы имек түтікшеге жетіп, тез бу-
ланады да, барлық процесс тағы да қайталанады. Процесс қайталанып 
отыру үшін компрессор электр қозғалтқыш арқылы жұмыс жасайды. 
Сөйтіп, электр жүйесіндегі энергия есебінен жылу салқынырақ дене-
ден (мұздатқыш камерасынан) жылырақ денеге (сұйылтқышқа, одан 
сыртқы ортаға) өтеді.
6.  Термодинамиканың  екінші  заңы  ішкі  энергияның  механикалық 
энергияға түрленуіне шек қояды. Бұл өзін қоршаған ортадағы денелерді 
үнемі  салқындату  жолымен  ғана  жұмыс  істейтін  машиналар  жасауға 
болмайды  дегенді  білдіреді.  Сөйтіп,  екінші  заң  сыртқы  ортаның  энер-
гиясын жұтып, оны үнемі салқындату арқылы жұмыс жасайтын «мәңгі 
қозғалтқыштар» жасау мүмкіншілігіне шек қояды. 
Осылайша,  термодинамиканың  екі  заңы  да  «мәңгі  қозғалтқыштар» 
жасау мүмкіншілігін жоққа шығарады. Бірінші заңға негізделіп жоққа 
шығарылатын  қозғалтқышты 
бірінші  текті  «мәңгі»  қозғалтқыш  деп 
атайды. Бірінші заң жоқ нәрседен энергия алып, жұмыс жасайтын ма-
шиналар шығаруға болмайтындығын көрсетеді (сурет 3.2, 
ә-б). 
Екінші заңға негізделіп жоққа шығарылатын қозғалтқышты 
екінші 
текті «мәңгі» қозғалтқыш деп атайды. Екінші заң бір денені салқындату 
жолымен ғана жұмыс жасайтын машиналар шығаруға болмайтындығын 
көрсетеді.  Сонымен,  көп  жағдайда  термодинамиканың  екінші  заңын 
қысқа түрде былайша тұжырымдайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет