Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет94/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   302
жылу алмасу процесі қайтымсыз деген 
қорытынды жасаймыз.
Сол  сияқты  құлаған  тастың  механикалық  энергиясы  оның  ішкі 
энергиясына  айнала  алады,  ал  кері  процесс  –  ішкі  энергия  өз  бетімен 
механикалық энергияға айнала алмайды. Бір литр газ ғарыш кеңістігінде 
ұлғайып, вакуумға сейіле алады, ал вакуумнан қайта бір литр газ көлеміне 
келе алмайды. Диффузия кезінде бір заттың бөлшектері екінші заттың 
бөлшектерінің  араларына  еніп  орналаса  алады,  ал  олар  өз  беттерімен 
бұрынғы ортасына қайта орала алмайды. Тұз немесе қант өз алдына суда 
ери алады, ал өз бетімен қайта ерітіндіден бөліне алмайды. Алайда бұл 
тұз  бен  қантты  ерітіндіден  бөліп  алуға  болмайды  дегенді  білдірмейді. 
Бөліп алуға болады, бірақ мұндай процесс өз бетінше емес, тек мәжбүрлеу 
жолымен ғана жүзеге асады.
Міне, осы мысалдардың барлығы да табиғатта орын алатын кез кел-
ген процестердің қайтымсыздығын көрсетеді. 
Қайтымсыздық  процесі  бүкіл  Ғаламды  қамтитын  әмбебап  про-
цесс  болып  табылады.  Расында  да,  қайтымсыздық  процесі  өсімдіктер 
мен  жануарлар  дүниесіне  де,  қоғамдық  өмір  мен  әлеуметтік  салаларда 
да, жақындағы планеталар мен қиырдағы жұлдыздарда да орын алады. 
Сондықтан қайтымсыздық процесі табиғатта орын алатын тағы бір іргелі 
де әмбебап заңдардың көрінісі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет