Кейбір мәселелері



Pdf көрінісі
бет189/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   208
Байланысты:
ҚҚТ фонетикасы

белгісін, санын, сан ретін анықтайтын сөзді анықтауыш дейді.  
Анықтауыш  қандай?  қалай?  қайтіп?  не  қылған?  неше?  (қанша?)  ненің? 
нешінші?  қай?  (қайсы?)  деген  сұрауларға  жауап  береді.  Көбінесе  сын  есім 
анықтауыш  болады».  Кітабының  60-бетінде  толықтауыш  жайын  әңгіме  қылып 
келіп,  былай  дейді:  «Баяндауышты  толықтыратын  тұрлаусыз  мүшені 
толықтауыш  дейді.  Толықтауыш  септеу  сұрауларында  (неге?  кейде?  қайда? 
неден?  кімнен?  қайдан?  кіммен?  қашан?  нені?  кімді?  кімде?  неде?  қай  кезде?) 
жауап береді. Толықтауыш сөйлемде баяндауышпен байланысты». 
Кәне,  бұдан  не  көреміз?  Бұдан  Телжанның  жазылмайтын  шырғалаңға 
түскенін,  өзі  түскенімен  тұрмай,  бүтін  оқушыларды,  оқытушыларды  қоса 
түсіргенін  көреміз.  Өйткені,  анықтауышты  бір  түрлі,  толықтауышты  бір  түрлі 
өлшеумен  белгілеген.  Анықтауышты  мағынасына  қарай  (сөйлем  мүшелерінің 
белгісін, санын, сан ретін анықтайтын cөз деп), белгілейді де, толықтауышты олай 
қылмай,  сөйлемнің  қай  мүшесімен  байланысатынына  қарай  белгілейді 
(баяндауышты толықтыратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейді деп). Бір сөздің 
өзі  әрі  баяндауышпен  байланысып,  әрі  баяндауыштың  белгісін,  санын,  сан  ретін 
(cан реті деген саны болмай ма екен?) көрсетіп тұрса, Телжанша, ол сөз анықтауыш 
та, толықтауыш та болу керек. Өйткені, белгісін, санын көрсететін сөз анықтауыш 
болу керек те, баяндауышпен байланысқан сөз толықтауыш болу керек. Сондықтан 
жаяу  келдім,  екі  келдім  дегендегі  жаяу  мен  екі,  келудің  белгісі  мен  санын 
көрсеткендіктен,  анықтауыш  болу  керек.  Сонымен  қатар,  келдім  мен 
(баяндауышпен) байланысып тұрғандықтан, толықтауыш та болу керек. 
Кәне, енді қалай адаспасқа болады? Бұл шатағын жеңілдетпек болып, Телжан 
жәрдемге  сұрауларды  алып  келді.  Бірақ,  сұраудың  ұшы-қиыры  жоқ  қой. 
Сондықтан,  сұраудың  бәрін  келтіре  алмаған.  Мысалы,  неліктен?  нендей?  сияқты 
сұраулардың көбі жоқ. Сондықтан  құстай ұшады дегендегі құстай деген сөз,  күн 
ыстық  болғандықтан  біз  суға  түстік  дегендегі  болғандықтан  сияқты  сөздерді 
анықтауыш  пен  толықтауыштың  қайсысына  қосатынын  Телжанның  өзі  білмесе, 
ешкім де білмейді. Өйткені, бұлар анықтауыш деуге де, толықтауыш деуге де сия 
береді  (әрине,  Телжанша).  Телжанның  өзі  кітабының  75-бетінде  күн  ыстық 
болғандықтан  дегенді  анықтауыш  бағыныңқы  деген.  Сұрауына  қарасақ  немесе 
септеуіне  қарасақ,  бұл  да  шығыс  жалғаулы  сөз  сияқты.  Толықтауышты 
түсіндіргенде  септеу  сұрауларына  жауап  береді  дей  тұрып,  септеудің  бірі  болған 
ілік жалғаудың сұрауын (кімнің? ненің?) анықтауыштың белгісіне апарып қосқан. 
Сондықтан,  біздің  мектеп  дегендегі  біздің  деген  сөз,  Телжанша,  анықтауыш  та, 
толықтауыш та бола береді. Үйткені, кімнің? ненің? қай? деген сұрауларға жауап 
берсе,  анықтауыш  болады  дейді.  Біздің  деген  сөз  бұл  арада  қай?  деген  сұрауға 
жауап болып тұр. Сондықтан ол Телжанша анықтауыш болу керек. Сөйте тұрып, 
ол  сілтеу  сұрауларына  жауап  берсе,  толықтауыш  болады  дейді.  Бұған  қарағанда, 
біздің  деген  ілік  жалғау  болғандықтан,  толықтауыш  та  болу  керек  (Шынында 
Телжанның  өзі  ілік  жалғаулы  сөздің  қай  жерде  қандай  сұрауға  жауап  болатынын 
онша  айыра  алмайтын  болса  керек,  өйткені,  кітабының  17-бетінде  біздің  мектеп 
дегендегі  біздің  деген  сөздің  сұрауын  қай?  деп  түсіндіреді  де,  келесі  18-бетінде 
біздің колхоз дегендегі біздің деген сөздің сұрауын кімнің деп түсіндірмейді). 


Телжанның кітабының айтуына сүйенгенде, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін 
табудың  өзі  тұрлаусыз.  Мысалға  толықтауышты  алалық.  Телжанша,  толықтауыш 
баяндауышпен  байланыста  болу  керек.  Бұл  –  бір!  Екінші,  септеу  сұрауларына 
жауап  беру  керек.  Бұл  септеу  сұрауларының  ішінде  ілік  жалғау  жоқ-ақ  болсын. 
Кәне, осының бәрін де дұрыс деп-ақ танылды. Сонда осы өлшеумен толықтауышты 
табуға  болар  ма?  Мәселен,  бір  сөз  септеу  сұрауларына  жауап  бере  тұрып,  өзі 
баяндауышқа  байланысты  болмаса  қайтеміз?  Онда  мұны  анықтауыш  демекпіз  бе, 
толықтауыш демекпіз бе? Телжанның кітабында бұған жауап жоқ. Ал, бұл мүмкін 
нәрсе. Өйткені, қазақ тілінде септеу сұраулары тек баяндауышқа байланысты сөзде 
ғана  болмай,  басқа  жерде  де  ұшырап  отырады.  Мен  сенен  бұрын  келдім  дегенде, 
сенен  деген  сөздегі  шығыс  жалғау  баяндауышқа  байланысты  емес,  баяндауыш 
болмай тұрған қарсы деген сөзге байланысты. Маған тиісті жұмысты бөліп қой! 
дегендегі  маған  деген  септеулі  сөз  баяндауышқа  байланысып  тұрған  жоқ,  тиісті 
анықтауышқа байланысты тұр. Кәне, осылардағы сенен, үйгемаған деген септеулі 
сөздерді,  септеу  сұрауларына  жауап  береді  деп,  толықтауыш  деуіміз  керек  пе? 
Жоқ, баяндауышқа байланыспай тұр деп, толықтауыш емес дейміз бе? Онда бұлар 
қай мүше болмақ? Шешілмейтін шырғалаңға түскен дейтін осы болады.  
Кәне,  бұрынғы  грамматикалардың,  оның  ішінде  А.  Байтұрсынов  пен  Т. 
Шонанов  грамматикаларының  тұрлаусыз  мүшелерді  айыру  жөнінде  шырғалаңға 
түсу себебі неліктен? 
Оның себебі: 
1. Қазақ тілін өз заңымен қарастырмай, басқа тілдердің заңдарын, дұрысында 
заңдары  емес,  басқа  тілдер  жайында  жазылған  кітаптардың  сөздерін  солайымен 
көшіріп әкеліп, қазақ тілінің алдына төге салғаннан: 
2.  Сөйлем  мүшелерін  тек  сұрауына  қарай  ғана  айыруға  болады  деп  сеніп, 
сұрауларға көтере алмайтын жүк артқаннан: 
3. Оның үстіне, Телжанда принципсіздік, бір ізбен жүрмеушілік бар. Сөйлем 
мүшелеріне  қоятын  саны  бірыңғай  болмай,  біреуіне  бір  өлшеу,  екіншісіне  екі 
өлшеу  алып,  қарыстап  өлшегенді  құлаштап  өлшеген  санға  қосып,  былықтырып 
жіберген.  Сондықтан,  толықтауышқа  қойған  критериі  анықтауышқа  да  келетін 
болып,  анықтауышқа  қойған  критериіне  толықтауыш  та  сиып  кететін  болып 
шыққан. Осының бәрі қосылып оқушылар мен оқытушыларды шырғалаңға салған. 
Біз  бұл  жолмен  кете  алмадық.  Оқушылар  мен  оқытушыларды  шырғалаңға 
салғымыз келмеді. Сондықтан тұрлаусыз мүшелерді топтастырғанда, соқырға таяқ 
ұстатқандай анық критерий беру керек болады. 
Біз  әуелі  сөйлем  мүшелерін  мағынасына  қарай  таптастырдық.  Бұл  жағынан 
сөйлем мүшелері: бастауыш, баяндауыш, айқындауыш деген үш топқа айырылады. 
Бастауыш пен баяндауыштан басқа мүшелердің бәрін де айқындауыш деп атадық. 
Онан  кейін  айқындауыш  мүшелерді  айқындауыш  сөздерге  қалайша,  қандай 
амалмен  байланысатынына  қарай,  екі  ірі  жікке  айырдық:  жалғаусыз,  тура  күйде 
тұрып-ақ  айқындауыш  болғандарын  анықтауыш  дедік;  жалғау  не  жалғауыштың 
күшімен  басқа  бір  сөзге  жетектеліп,  соны  айқындап  тұрған  болса,  ондайларын 
толықтауыш  дедік.  Сондықтан  мұның  алдыңғысы  тура  айқындауыш,  соңғысын 
бұрма айқындауыш деуге де болатын еді. Бірақ, біз бұрынғы қолданылып жүрген 
терминдерді  тастамай-ақ  қоялық  деп,  алдыңғысын  анықтауыш,  соңғысын 
толықтауыш деп атап отырмыз. 


Міне,  осы  арасын  жақсы  түсіну  керек.  Біздің  анықтауыш  деген 
терминіміздің бұрынғы анықтауыш жайындағы ұғыммен, біздің толықтауыш деген 
терминіміздің  бұрынғы  толықтауыш  жайындағы  ұғымымен  үш  қайнаса  сорпасы 
қосылмайды.  Өйткені,  біз  анықтауыш,  толықтауыш  деп  атағанда,  анықтайтын  не 
толықтайтын болғаннан емес, тек даяр тұрған көне терминді жаңа мағынамен алып 
отырмыз. Біз ондай мағынамен анықтауыш не толықтауыш деп отырғанымыз жоқ. 
Мағына  жағынан,  мұның  екеуі  де  айқындауыш.  Сондықтан,  біздің  анықтауыш, 
толықтауыш 
деген 
терминдерімізді 
бұрын 
Байтұрсыновтағы, 
болмаса 
Шонановтағы анықтауыш, толықтауыш дегендермен шатастырмау керек. Бұрынғы 
грамматикалардың  анықтауыш  дегендерінің  бірқатары  бізде  толықтауыштың 
қатарына  қосылып  кетіп  отыр.  Мәселен,  ілік  жалғаулы  сөзді  Байтұрсынов  та, 
Шонанов  та  анықтауыш  деген  еді.  Біз  жалғаулы  сөздің  бәрін  де  толықтауыш  деп 
атағандықтан,  ілік  жалғаулы  сөздерді  де  толықтауышқа  қосып  отырмыз.  Сөйтіп, 
бізде  аттың  жалы  дегендегі  аттың  деген  сөз  толықтауыш  болып  саналады. 
Байтұрсыновта бірде пысықтауыш, бірде толықтауыш деп саналатын. Шонановтың 
толықтауыш  қатарына  қосылатын  сөздердің  бірқатары  бізде  анықтауыш  болып 
кетер  еді.  Мысалы,  бүгін  келдім    дегендегі  бүгін  деген  сөзді  А.  Байтұрсынов 
пысықтауыш (мезгіл пысықтауыш) дейді де, Шонанов толықтауыш дейді. Біз мұны 
анықтауышқа  қосып  отырмыз.  Өйткені,  бұл  жалғаусыз  сөз.  Қай  сөздің  жалғауы, 
жалғауышы  бар,  қай  сөздікі  жоқ  екендігін  жұрттың  бәрі  де  көре  алады.  Бұдан 
ешкім  де  шатаспайды.  Олай  болса,  анықтауыш  пен  толықтауышты  жаңа 
грамматикаша айырудан да ешкім шатаспақ емес. 
Қазақ  тілінде  табыс  жалғау  мен  ілік  жалғау  кейде  жалғанбай,  тасаланып 
тұрады; барыс, шығыс жалғауларда да тасалану болады, бірақ бұл сирек кездеседі. 
Мысалы, хат жаздым, қала мектебі  дегендегі хат деген сөз табыс септеулі, қала 
деген  сөз  ілік  септеулі  сөздер.  Толық  күйінде  бұлар  хатты  жаздым,  қаланың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет