Кейбір мәселелері



Pdf көрінісі
бет190/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   208
Байланысты:
ҚҚТ фонетикасы

мектебі    болар  еді.  Олай  болмай,  алдыңғысында  табыс  жалғау,  соңғысында  ілік 
жалғау тасаланып тұр. Сондықтан, осындағы хат, қала деген сияқты, жалғаулары 
тасаланып  тұрған  сөздер  де  жаңа  грамматикаша  толықтауыш  болады.  Мұндай 
тасаланып тұрған жалғауды тауып алу да қиын емес. Тура күйде сияқтанып тұрған 
сөздердің ілік не табыс жалғаулары бар-жоғын білу үшін, мұндай жетек сөздердің 
жетекшісі мен аралығына басқа бір сөз салып байқауға болады. Мысалы, хат деген 
сөз  бен  оның  жетекшісі  жаздым    деген  сөздің  аралығына  бүгін  деген  сөзді 
қыстырсақ,  қала  деген  сөз  бен  мектебі  деген  сөдің  аралығына  үлгілі  деген  сөзді 
қыстырсақ,  алдыңғысында  табыс  жалғау,  cоңғысында  ілік  жалғау  бар  екендігі 
анықталады.  Хат бүгін жаздымқала үлгілі мектеп деп айтуға болмайды. Хатты 
бүгін  жаздым,  қаланың  үлгілі  мектебі  деп  қана  айтуға  болады.  Өйткені,  табыс 
жалғау  мен  ілік  жалғау  жетекші  сөзге  жалғас  тұрған  жетек  сөзде  ғана  тасаланып 
тұра  алады.  Бұлардың  осы  жалғас  тұрғандығын  бұзып,  арасына  сөз  салсақ, 
жалғауы жарыққа шығады. 
Міне, осындай орындарда табыс жалғау мен ілік жалғаудың, бірінде шығыс 
жалғау мен барыс жалғаудың тасаланып тұра алатындығын ғана ескеру керек. 
Сөйтіп,  жаңа  грамматикада  анықтауыш,  толықтауыш  делінген  категориялар 
мағынасына қарай жіктеуден туған емес, сөздердің бір-бірімен байланысу амалына, 
екінші  сөзбен  айтқанда,  сыртқы  белгісіне  қарай  ғана  жіктелгеннен  туған  таптар. 
Бірақ,  бұған  қарап,  біздің  таптастыруымыз  тек  форма  жағына  қарай  таптастыру 


екен деп түсінуге болмайды. Үйткені, бұл біздің таптастыру басқышымыздың бір 
сатысы  ғана.  Мұның  ар  жағында  анықтауыштардың  өзін  бірнеше, 
толықтауыштардың  өзін  бірнеше  тапқа  айырып,  онда  да  жалғасу  амалына  қарай 
айырып  алып,  онан  кейін  тағы  да  әр  амалдың  беретін  мағынасына  қарай  тағы 
таптастырамыз. Сонымен біздің таптастыруымызда сөйлем мүшелерінің мағынасы 
да, формасы да ақсамайтын болады. Барлық айырмасы – тек сол бұрынғылар не тек 
мағынаны есепке алып, не тек формасына қарап, немесе екеуін сапырылыстырып 
таптастыратын  болса,  біз  мағынаны  да,  форманы  да  түгел  ескере  отырып,  оның 
үстіне принципті араластырып былықтырмай, баспалдақтап таптастырамыз. Соның 
арқасында  бұл  таптастыру  әрі  түсінуге  оңай,  әрі  тілдің  табиғатына  лайық  болып 
шығып отыр. 
 
III. Шылаулар 
 
ҚОСЫМША. ҚОСАЛҚЫ. ҮСТЕУ. ЖАЛҒАУ. ЖАЛҒАУЫШ 
 
Бұрынғы  грамматикалардан  жаңа  грамматиканың  бір  айырмашылық  жері  – 
бірқатар  терминдерінде.  Бірде  бұрынғы  терминдердің  орнына  басқа,  жаңа  термин 
алынған.  Бірде  бұрынғы  терминдерді  бұрынғы  өз  мағынасында  емес,  басқа 
мағынада қолданған. Енді бірде бұрынғы терминнің орнына емес, жаңа ұғымдарды 
айтатын жаңа терминдер пайда болған. 
Қане, неліктен бұлай болды? 
Бұрынғы  жұрнақ  деген  терминнің  орнына  үстеу  деген  термин  алынған. 
Бұрынғы  үстеу  деген  термин,  бұрынғы  өз  мағынасында  емес,  басқа  мағынада, 
бұрынғыша айтқанда, жұрнақ мағынасында алынған. Онан кейін, бұрынғы қосалқы 
дейтін  терминді  бұрынғы  өз  мағынасында  қолдана  отырып,  оның  үстіне,  бұрын 
қосалқы қатарына қосылмайтын бірқатар сөздерді де енді қосалқы деп атандырған. 
Онысын,  бұрынғы  граматикаларда  жоқ  дәйек  қосалқы,  аяқ  қосалқы  деген 
таптастырулар  пайда  болған.  Сонымен  қатар,  бұрынғы  бірде  демеу,  бірде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет