Міне, осы кестеден әрі түрлі сөздің аяғына қосылған қосымшаның бірлігін,
бір түрде екендігін көреміз, әрі түрлі қосымша таңтауда «ағаш» сөздерінің
бірыңғайлылығын сеземіз. Осы сезуіміз қайталай-қайталай келгенде, ақырында
бұлардың арасында белгілі бір ассоциация пайда болады. Осылайша талдай келіп,
Ф. де Соссюр синтаксисті синтагма деп атайды, бірақ оның синтагмасы синтаксис
емес болып шығады. Менің өз түсінуімше, бұл қисын бойынша осы күнгі
морфология дегеніміз ассоциация қатары болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: