Барлық сөз табы сөз арқылы хабар беру үшін жасалған. Етістіктер тек
баяндауыш, зат есім сөйлемнің қай мүшесі де бола алады, әсіресе, толықтауыш
болуға ыңғайланып жасалған. Себебі: басқа сөз таптары толықтауыш болса, зат
есім мағынасына ие болып қана толықтауыш бола алады.
Сипат есімдер тегінде анықтауыш болу үшін жасалған. Басқа мүше болу
үшін ол сипаттан басқа мағына қосып алуы қажет. Демек, сөз таптарының кейбірі
белгілі бір сөйлем мүшесі болады. Алайда мүше бола алмайтыны да бар; белгілі
орында тұратыны да, тұрмайтыны да бар; зат есім сөйлемнің қай мүшесі де бола
алады, етістік таза тұлғасында тұрып анықтауыш бола алмайды. Сөздің қай сөз
табына жататындығын сөйлем құрылысындағы қызметі мен тұрған орнына қарай
айту керек. Сондықтан сөз таптарының синтаксистік қасиетін ескеру керек. Оны әр
сөз табының арнаулы қасиеті деу керек.
Тапқа айырғанда үш түрлі негізге сүйенеміз:
1)
лексикалық қасиеттеріне қарай;
2) морфологиялық қасиеттеріне қарай: қандай қосымша, қандай қосалқы
ерітетіндігіне қарай;
3) сөйлемде қай мүше
болатындығына, қай орында тұратындығына қарай.
Осы үш сипаттың үшеуі бірдей табылса, сонда ғана түбірді белгілі бір сөз
табы деп санауға болады. Енді сөз таптарын жекелейміз...
Достарыңызбен бөлісу: