Кейбір мәселелері



Pdf көрінісі
бет66/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   208
Байланысты:
ҚҚТ фонетикасы

Тіл және дыбыстың шығуы 
 
Қол  бір  кезде  аяқ  міндетін  атқарып,  кейін  ол  міндеттен  босаған.  Бірақ  бұл 
босауы қоғамдық мақсаттан емес. Акад. Н. Я. Марр бұрынғы кезде дыбыс тілінің 
алдында  ым  тілі  (қол  тілі)  болғандығын  айтады.  Бірақ  ол  тіл  де    еңбектен 
ажырамаған,  сондықтан  ол  өндіріс  тілі  болған.  Марр дыбыс  болмады  дегенді  қай 
тілдің басымырақ қолданылу, қолданылмауы ретінде айтады. Әйтпесе ол заманда 
да  дыбыс  тілі  болған.  Бірақ  ол  дыбыстар  пайдаға  асырылмаған.  Қурайды  кейінгі 
заманда  сыбызғы  қылдық  қой,  тіл  дыбыстарын  да  кейінірек  пайдаландық. 
Дыбыстарды  қатынас  құралы  еткенде  де  алғашында  дефузды  түрде 
пайдаланғанбыз.  Дыбыстар  дауысты,  дауыссыз  болып  тапқа  бөлінген  кезде 
дауыстыларды соңырақ пайдаланғанбыз. Дене мүшелеріміздің ішіндегі ең алдымен 
біздің дегенімізге көнген мүше  – қол. Қол бәрін істейді, бұл мүше бәрінен бұрын 
жетіледі. Сондықтан қол сөйлеу құралы да болды. Сөйлеу тілінің кеш шыққандығы 
соншалық,  адам баласы  қару  істеп үйренгеннің  өзінде де жақсы  сөйлесе  алмаған. 
Ол  кезеңде  сөйлеудің  пайдасынан  қолдың  пайдасы  көп  болған.  Адам  табиғатты 
арбаған:    ысқырса  жел  келеді  (шығады);  Ежелгі  қауым  мүшелері  табиғаттың 
жасырын сырымен астарласып, оны жеңем деген; айқайласаң киік қашады екен деп 
түсінген  (магическое  действие).  Ол  күнде  дыбысты  тіл  ретінде  емес,  дабыл, 
шақыру есебінде, келе-келе дұғаға пайдаланған. 
Осы заманда Африкада да, Австралияда да қол тілі бар, сонымен бірге сөйлеу 
тілі  де  қолданылады.  Сондықтан  бір  ауыл  әрі  қол  тілін,  әрі  сөйлеу  тілін 
пайдаланады; Екі тіл қатар жүреді. Олардың айырмасы сол  – қол тіл ауыл-ауылға 
ортақ  болса,  дыбыс  тілі  әр  ауылдың  өзінде  ғана  түсінікті.  Әуел  қол  тілімен 
түсініскендігі  осы  күнгі  дыбыс  тілінен  де  көрінеді.  Мәселен,  орыста  сказать  пен 


указать  сөздерінің  түбірлес  болуы  –  көрсету  мен  айтудың  бір  функция  міндетін 
атқарғанына дәлел болады.  
Дыбыс тілі шығып сараланғаннан кейін де, кейбір дыбыстар бірінің орнына 
бірі жүре берген, көп заманға шейін олар дефузды болған (бұған  ч-дж құбылысы 
дәлел, сондықтан суға «жүз» деп те, «дүз» деп те атаймыз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет