Кейбір мәселелері



Pdf көрінісі
бет86/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   208
Байланысты:
ҚҚТ фонетикасы

V. Одағайдың дыбысталуы 
 
Ән – тілде көңіл райын білдіру үшін қажетті амалдардың маңыздысы. Көңіл 
одағайы көңіл райын білдіруге арналған, демек, оның әнінің түрі де ала бөле. Бір 
одағай  әлденеше  көңіл  райын  білдіреді,  сондықтан  түрлі  ән  болады.  Олар  көңіл 
одағайының дыбыс құрылысын билеп кетеді, ондай дыбыстар әнге бейімделу үшін 
1)  кейде  жоғала;  2)  кейде  өзгере;  3)  тұрақсыз  өзгеріп  барып,  тұрақтайды,  қапы 
сөзінің  соңындағы  ы  дыбысының  да  түсіп  қалуы  да  содан;  «ы»  әнделмейді 
(түседі). 
Япырмай,  апырмай,  япырмой,  апырмой,  ойпырмай  секілді  одағайлардың 
дыбыстарының  түрленуі  көңілдің  түрлі  райының  түрлі  әніне  байланысты.  Бұлар 
әуел  басында  иә,  пірім-ай,  аһ,  пірім-ай,  ой,  пірім-ой  деген  тәрізді  бөлшектерден 
бірігіп,  соңғы  қосымшалары  мен  сөз  басындағы    қаратпалары  түбірмен  тұтасып 
кеткен. Осы кірігу барысында әр одағайдың айтылу әуеніне қарай соңғы дауысты 
дыбыстары бірде а, бірде е, бірде о болып түрленген. Тіліміздегі ойбай мен ойбой 
одағайларының  қалыптасуы  да  солай.  Осы  себептен  әртүрлі  әнге  қолайлы  түрлі 
дауысты  дыбыстардың  әрқайсысы  әр  одағайға  таңылып  тұрақтасады.  Мысалы, 
жақсы көргенде абалам деп, кіжінгенде әб, бәлем деу осыдан. Асылы, көңілсіздік 
одағайлары  жіңішке  дауыстыны  қаласа,  көңілділік  одағайлары  жуан  дауыстыны, 
оның  ішінде  де  о  дыбысын  қалайтын  тәрізді.  Себебі,  көңілсіз  әндер  ашшы 
(высокий  голос)  дауыспен,  көңілді  әндер  қоңыр  (низкий  голос)  дауыспен 
айтылады. Мысалы, ай! одағайы әніне қарай таңдануды да, опынуды да, сүйсінуді 
де  білдіреді.  «Жарайды»,  «әй!»  одағайларын  қоңыр  дауыспен  созып  айтса, 
таңдануды  білдіреді,  ащы  дауыспен  айтылса,  жекіріп  біреудің  назарын  өзіне 
аударуға болады, одан да гөрі жіңішкертіп ій-ій десек, жиеркену одағайы болады.  
Паһ!, па!, пой-пой!, бай-бай! одағайлары әніне қарай (таңдану, ызалану) түрлі 
раймен айтылады. Ал, бе-е-еу (бе-еу) десек, ыза ғана шығады.  
Одағай  –  дауыстысының  көңіл  райының  әніне  бейімделіп,  тұрақты  сөз 
болуы, осы әртүрлі дыбысталуының өзі біртіндеп орнығып, әртүрлі мағына беруін 
керек қылған. Осыдан келіп бір одағайдан өрбіген а, ә, о, е (уа, уо) ау, әу, еу, ай, әй 
сөздері қалыптасқан. Бұлар негізінде хабарлау, шақыру одағайлары
Мұның қандай көңілмен айтылған хабар не шақыру екендігін бұрын әнінен 
білінген, қазір дауыстыларының түрінен де білінеді (онда да кейінгі кезде).  
Сөйлемде  шақыру  одағайы  басқа одағайлардың  алдынан не  артынан,  не  екі 
жағынан жанамалап отырады. Мысалы, шырағым-ау!, шырағым-ай!, ой-пірім!, ой-
пірім-ай!,  па!  одағайына  ай  одағайы  қосылып,  па  +  ай!  (пай!),  ба+ай!  (бай!), 
ой+ба+ай! болады. Мұндағы б, п дыбыстары м дыбысына айналып, о-ма-ай (омай, 
шіркін) деген кекесін одағайы туған. 
Одағайлардың  дауыссыз  дыбыстары  да  өзгереді.  Қалай  өзгерісін  қапелімде 
білмей де қаламыз. Мысалы, мәссаған! деген одағайдың мә саған дейтін екі сөзден 
тұратынын  білеміз;  ал,  әттеген-ай!  cөзінің  түбірін  білмейміз  –  әәә!  деген-ай! 
Мәссаған!  дегендегі  мә  сөзінің  ә  дыбысы  созылады.  Cондықтан  саған  дегендегі 
басқы с дыбысы да созылады. Нәтижесінде с екеу болып, екі буынға бөлініп кетеді. 


Ал,  ә  деген  ай!  –  әәд-деген-ай!  дегендегі  д  тұйық буында  сақталып  қала  алмаған. 
Cондықтан  қатаң  т  дыбысына  айналған.  Сөйтіп  «ұмтыла  үндесу»  заңымен 
әттеген-ай болып қалыптасқан. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет