Кейбір мәселелері


II. Шаруашылық одағайының тарихы



Pdf көрінісі
бет83/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   208
Байланысты:
ҚҚТ фонетикасы

II. Шаруашылық одағайының тарихы 
 
Шаруашылық  одағайының  көбі  бұрын  белгілі  бір  малдың  аты  болған. 
Мысалы,  қош!  –  қошқар  –  қой  (қошқар  екі  мүшелі  сөз);  қозыны  еркелеткенде 
қошақан дейміз; қош+а+қан. Соңғы  -қан – бұзауқан, ботақан, балақан дегендегі 
кішірейту қосымшасы.  Бірқатар елдерде қошқарды қоша, құша деп атайды. Бұрын 
қой, қошқар, қозы, қошақан деп бөлектеу болмаған. Бәрі қой атымен жүрген.  
Біздегі  өк,  әк,  әукім  –  өгіз  деген  атауларды  өкүз,  угез,  өкүр  дейтін  де  елдер 
бар.  Көс-көс!  –  түйенің  аты  болуы  тиіс.  Түрікпендер  ботаны  көш-әк  дейді 
(мағынасы кішкене түйе).  
Жылқыны  жемге  шақырғанда  айтылатын  маһ-маһ  –  қытай  тілінде  жылқы 
деген сөз (қазақ тілінде сиректеу айтылатын мама бие – сақа бие, мама-ағаш – ат 
байлайтын ағаш (керме), мәстек – жылқының нашары маса + естек, яғни ат-ешек 
т. б. сөздер осы жылқы атауына қатысты болуы керек).  
Күш-күш, күшім-күшім!  деп шақыру күшік атауына байланысты; мыш-мыш 
– мышық-мысық.  
Қазақтың  қойға  қарата  айтатын  құрай!  одағайы  екі  түбірден  біріккен: 
құра+ай. Соңғы -ай – шақыру қосымшасы. Түбірдегі құра – монғолша қозы деген 
сөз. Монғолдың құрақан сөзі де осы құрамен байланысты, түбірлес. Соңғы -қан/-
ған  кішірейту:  ботақан,  бұзауқан.  Сонда  құра-ай  дегендегі  құра  –  қой 
                                                           
*
 Сөз анықталмады. 


мағынасында,  ай  –  шақыру  одағайы  –  әй!;  Алғашқыда  қой-ай!  деген  қаратпа  сөз 
болған.  
Жылқы  малына  айтылатын  құр-құр,  құр-оу,  құр-у  дегендегі  соңғы  оу,  у  – 
шақыру  қосымшасы,  түбірі  құр,  бұл  сөз  басында  жылқы  дегенді  білдірсе  керек. 
«Құр  ат»  дегендегі  тіркес  те  осы  –  құр.  Жылқы  шаруашылығына  байланысты 
қолданылатын құрық, құрмалау (қамалау) сөздері осы құр түбіріне қатысты болса 
керек.  
Түйеге айтылатын сорап сөзі де екі  элементтен біріккен. Алғашқы түбірі сор 
–  «суды  сор!»  дегендегі  етістік,  соңғы  ап  –  парсының  су  дегенді  білдіретін  «аб» 
сөзі болуы тиіс. 
Шаруашылық  одағайлары  –  сөз  емес,  сөз  екі  адамның  арасындағы  ойды 
білдіру  үшін,  түсінісу  үшін  керек.  Ал  одағайлар  екі  адам  емес,  адам  мен  табиғат 
арасында ғана қолданылады; сөз айтылған жерде сөйлесу болады, ал одағайларды 
айтқанда  бір  жақты  сөйлеу  бар  да,  екі  жақты  сөйлесу  жоқ.  Онда  да  одағайлар 
жауап  сөз  күтпейді,  тек  жұмысты  өндіру  үшін  айтылады,  яғни  одағайлар  – 
өндірістік сөздер.  
Адамдар  арасында  да  айтылатын  одағайлар  бар:  біреуді  қоштағанда,  бір 
нәрсеге  назар  аударғанда  немесе  керісінше  қоштамағанда,  амандасқанда, 
қоштасқанда айтылатын сөздер кейде біреу болса да тұтас сөйлем орнына жүреді. 
Мұндайлардың  өз  мағынасы  түсініксіз  де  болады,  ал,  тіпті,  түсінікті  болғанның 
өзінде де олар өз мағынасында тұрмайды. Мысалы, «салаймағаликум» – түсініксіз; 
арма,  бар  бол  –    дегендер  түсінікті,  бірақ  өз  мағынасында  емес.  Жөн  сұрағанда: 
танымадық, жол болсын! дейтін қаратпалар жай сөз ретінде түсінікті болғанымен, 
бұлар  әншейіндегі  беретін  өз  мағыналарынан  артық  мағынаға  не,  тіпті,  басқа 
мағынаға ие болған.  Танымадық – дегеннің мәнісі:  танымай тұрмын, өз жөніңіз 
қалай  еді?  кім  едіңіз?  дегенге  келіп  саяды.  Ал  біреуге  «жол  болсын!»  дегенде 
алғыс  айту,  тілегін  тілеу  емес,  неғып  жүрген  адамсың  дегендей  сұрау    жатыр. 
Хайыр,  хош  дегендер  араб,  парсынікі.  Бұлар  сөйлемге  тән  жалпы  заңдылық 
бойынша  құралмаса  да,  сөйлем  болып  табылады.  Сондықтан  одағай  қатарына 
қосылады.  
Сәлемдесу одағайы екі түрлі болады:  
1)  еңбек  түрі;  2)  жағдай  түрі.  Бұлар  тілекті  сөйлем  ретінде  айтылады. 
Мысалы, қырман тасысын! Ат үсті оңды болсын! Сауар көбейсін! Кеңес біріксін! 
Осының бәрі – тілекті сөйлем болып құралған сәлемдесу сөздер. Кешкі сәлем – кеш 
жарық!; құдық қазушыларға – су басы жоғары. Бұлар сөйлемді түрден одағайлы 
түрге  ауысқандар.  Өйткені  «кеш  жарық!»  деген  күн  кешкірсе,  жарық  болсын 
деген, яғни «жарығың жарық болсын!» деген екі сөздің орнына айтылса, «су басы 
жоғары!» деген «құдығыңның суы тайыздан шықсын!» деген тілекті білдіреді. Бұл 
сөйлемдерде «болсын!» деген тілек сөзді өз алдына көрсетпей жарық, жоғары, су 
басы жоғары деген сипаттарымен ғана таңбалаған.  
Сәлемдесу,  жөн  сұрау,  қоштасу  формулаларынан  басқа  да  қатынас 
одағайлары бар. Мысалы, әй, ау, о, мә деген одағайлар тыңдаушының көңілін өзіне 
аудару  үшін  айтылады.  Бұндағы  мә  одағайы  бір  нәрсені  ұсыну  ретінде  айтылса, 
басқалары сөзге құлақ сал деген тілекті білдіреді. Таптасқан сөздердің қолданысы 
бойынша  «әй,  бері  қара!»,  «ау,  байқасайшы!»,  «ау,  мынаны  беріп  жатырмын!», 


«қара!  а?  не?  а?»  –  сұрау  қосалқысы  (солай  ғой,  а?).  Бұл  одағай  сұраулы  сөзді 
пысықтау үшін де қолданылады. «Екеуміз жарысқа түсеміз ғой, а?». 
Демеу  сөздер: ал,  әйде,  сал,  айда;  «ал,  басталық,  келіңдер!»  –  дегенде  «ал» 
бастау  ісін  демеп  тұр.  «Ал,  салшы,  Рақыметтің  алғанын  сал,  жеті  қадақты  бір 
алды, он екі қадақты бір алды...». Мұндағы ал салу ісін демеп тұр. «Әйдә, жүр!» 
дегендегі әйдә жүру ісін демеп тұр.  
Иә,  пәлі,  әләй  –  осының  дұрыс.  Бұл  қатынас  одағайына  жақсы,  жарайды, 
мақұл, дұрыс деген таптасқан сөздер де кейде қосылады:  
– Бұл жұмысқа сенің барғаның мақұл (мақұл – таптасқан сөз).  
– Осыны сен істеші! 
– Мақұл! (Бұл қатынас одағайының  қостау түрі).  
Осылар сияқты екі жақты ұғым беретін одағайлар: жоқ! тек! қой! тәйт! 
Қатынас одағайының  сілтеу түрі: әне, міне, әнеки, мінеки т. б. Қане? қанеки? 
дегендер де осыларға қосылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет