74
Шалданбай – Байтананың неменесі,
Қол бастап ол да талай ту ұстады.
Атына ауыздықпен су ішкізіп,
Қонышына қатқан қанды уыстады.
Кіргенде найза ұшы жілігіне
Балтыры су тигендей жібіді де,
Ұйыған қанды қолмен алып тастап,
Қамшыны басты келіп көлігіне.
Көлігі алға қарай ойқастады,
Қалың жау бірі келіп айқаспады,
Жөнелді тым-тырақай қашып қалмақ,
Қарсы кеп Шалданбаймен шайқаспады.
Батыр жоқ, Шалданбайдай елден асқан
Жері жоқ шайқасқанда жаза басқан.
Қыршынбай, Бораншы да батыр еді,
Дұшпанын талқандаған қарсыласқан.
Шалданбайдың әкесі Нұрманбет XVII ғасырдың соңында Іле өзенінің
қазіргі Қапшағай көлі болған аймақты өзінің аталас туысы Темірбек бидің
тоғанының жанында мекен еткен. Демек Шалданбай сол жерде дүниеге
келген. Батырдың қай жылдары дүниеге келіп, қай кезде қайтыс болғаны
белгісіз. Сүйегі Іле өзенінің бойындағы бабасы Бақтиярдың жанына
жерленген.
Шалданбай батырдан Сатыбалды, Өтеген тарайды.
Достарыңызбен бөлісу: