Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)



Pdf көрінісі
бет29/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
Байланысты:
Baidalieva batir eldin sauleti.pdf

 
 
Боран батыр (шамамен т.ж. 1708 – 1729) 
 
Шөбі қалды тозған тордай қиылып, 
Өліп жатыр жер –жаһанда  үйіліп... 
 
Халық өлеңінен 
 
Қазақ    халқының  тәунлсіздігі  жолында  жоңғар шапқыншылығына  қарсы 
соғыста  азаттық  жолындағы  айқастарға  қатысып,  ерлігі  ел  аузында  аңыз 
болып қалған ерлердің бірі -Боран батыр. 
Ол  -Тәуелсіздігіміздің  таңы  атып,  бұрынғы  өткен  тарих  тозаңының 
астында  көміліп  қалған  ақтаңдақтарымызды  ақтарсақ,  кітап  беттерінде 
болмаса  да  ел  жадында  сақталып  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткен  тарихи 
тұлғаларымыз,  батырларымыз  жетерлік.  Атамекен  жер  үшін  жауына  жебе 
болып  атылған,  найза  болып  түйрелген,  қылыш  болып  сондай  сермелген 
батырлардың бірі. 
Боран батырдың шыққан тегі сол Қошқарата аймағын мекендеген қаңлы 
руынан. Ал, әкесі кім екендігі туралы ешқандай дерек жоқ. 
Жуалы  өлкесіндегі  жоңғар  шапқыншыларына  қарсы  азаттық  соғысының 
дені  Қошқарата  аймағында  болған.  Оған  тарихта  аты  қалған  тарихи 
шығармаларда  айтылатын  Жомарт  батырдың  Қос  тұра  түбіндегі,  Өтеген 
батырдың  Ұзынбұлақ  жазығындағы,  Рысбек  батырдың  Ақтастағы  т.с.с. 
шайқастар дәлел бола алады. 
Бұл аталған шайқастарға біздің қосатынымыз атақты Шаңлақты шайқасы 
және  сол  шайқастың  негізгі  қаһарманы  Боран  батыр.  Ауызекі  айтылатын 
әңгімелерге  қарағанда  Боран  батыр  сол  Қошқарата  аймағында  туып  өскен. 
Жастайынан әкесіне ілесіпбайдың жылқысын бағып ержетеді. Ат жолын ерте 
тартып мінген жас бала өсе келе көкпар, аударыспақ сияқты ат ойындарының 
тақымы  тастай  нағыз  сайыпқыран  шебері,  шабандозы  атанады.  Ол  білектілік 
пен  жүректілік  қоса  дарыған  елін,  жерін  сүйген  нағыз  жігіт  болып  өседі.  Ол 
жауға қарсы қол жиып жиырма жасында ақ байрақ көтеріп, сұр тұлпар мініп 
азаттық үшін шайқасқа шығады.  
Боран  батыр  бастаған  жан  алысып,  жан  беріскен  сол  алапат  айқас  1729 


 
88 
жылдардың  шамасында  болған.  (Сондықтан  біз  Боран  батырдың  туған  және 
қайтыс болған жылдарын осы мәліметтерге сүйеніп шамамен алып отырмыз). 
Бізге бұл мәліметтерге жеткізуші аудаымыздың шежіре, құймақұлақ абыз 
қарияларымыздың бірі марқұм Әшен Айманбетұлы болатын. Ақын Бауыржан 
Үсенов осы кісінің әңгімесі бойынша «Шаңлақты аңызы» аталатын жыр баян 
жазған. Бізге негізгі дерек көзі болып отырған да осы жыр болған. 
Еркінбек  Тұрысов  өзінің  «Бәйдібек»  аталатын  кітабында  «Арада  алты 
жыл  төрт  ай  өткенде,  жанкешті  ұрыс  жүргізіп,  ел  жұртын  біржола  құрып 
кетуден  сақтап,  арыстанша  айқасқан  қазақ  қосындары  1729-шы  тауық 
жылының  жазында  ата  жаумен  алыста  жүріп  бүгінде  жау  табанында  қалған 
Қошқарата  жеріндегі  ата  мекенге  де  жеткен  еді»  деп  жазады.  Демек,  атақты 
Шаңлақты шайқасы осы 1729 жылдың жазында Шаңлақты жазығында болған, 
- деп сеніммен айта аламыз. 
Ақынның жыр баянында қалмақтың он мың қолын қоңтайшы Хан  - Сана 
бастап  келгендігі  көрсетілген.  Осы  он  мың  найзалы  қалмақ  жасағына  Боран 
батырдың  бір  мың  жасағы  Шаңлақты  жазығында  қарсы  тұрады.  Ол  жырда 
былай баяндалады: 
 
                           Қайғы өтінде тағы да тоңар ма қыр, 
                           Мәйіт кетсе амал не болар «бақұл». 
                           Мың найзамен қалмақты Шаңлақтыда 
                           Күтіп алды қаңлы Боран батыр... 
 
(Шындыққа  жүгінсек  әрине  он  мың  шерікке  бір  мың  жасақтың  қарсы 
тұрып  қырғын  салуы  мүмкін  емес.  Біз  оны  поэзия  жанрындағы  боямалау, 
әсірелеу деп қабылдаймыз). 
Жекпе-жекпен  басталған  осы  шайқастың  бірінші  күні  сұр  атты,  құрыш 
тұлғалы  жас  Боран батыр қалмақтың үш  бірдей бетке ұстар батырларын  жер 
жастандырады.  Келесі  күні  жекпе-жекте  Боран  батырдың  қылышынан  және 
екі мыңбасы бастарынан айырылады. Сонда қаһарына мінген Хан – Сана: 
-Боран  батырды  қалайда  тірідей  ұстап  алдыма  әкеліңдер,  -  деп  бұйрық 
береді.  Қалмақтар  Боран  батырды  тірідей  қолға  түсіру  мүмкін  болмаған  соң 
оның астындағы сұр тұлпарын атып құлатады. 
Ақын бұл көріністі былай жырлайды: 
 
                           Жан жолатпай қасына сұр ат, батыр, 
                            Қолға тірі түсіру жырақта тұр. 
                            Ебін тауып қалмақтар сұр жебемен, 
                            Сұр тұлпарды шыңғыртып құлатты ақыр. 
                            Жан-жағынан лақтырып бұғалықты, 
                            Байлап алды көп адам бір алыпты... 
 
Бес бірдей батырынан және көптеген шеріктері осы Боран батырдан ажал 
тапқандықтан қатты ашуланған Хан – Сана: 
-Маған  бұның  кеудесін  жарып,  жүрегін  алып  көрсетіңдер!  –  деп  әмір 


 
89 
береді. Қалмақтар көкірегін талқандап сөгіп жатқанда да қайсар батырдан үн 
шықпайды, қайта Хан – Сананың бетіне түкіріп жібереді. Жырға кезек берсек: 
 
                             Езулерде жымысқы күлкі тұрды, 
                            Естіп тұрып үн емес, құр күтірді 
                            Көкірегін талқандап жатса-дағы, 
                            Хан – Сананың бетіне бір түкірді. 
 
                            Туған ел, бай да болма, жарлы болма, 
                            Бас имеген дәстүрді, заңды қорға 
                            Боран тұрды құламай тас боп қатып, 
                            Жүрек тұрды бүлкілдеп қанды қолда. 
 
Осы тарихи шайқас болған Шаңлақты жазығы қырық қатпарлы Боралдай 
тауының  шығыс  беткейінде,  Ақтасты  ауылының  батыс  тұсында  жатыр. 
Шайқастың  соншалықты  қатты  болғандығын  «Шаңлақты»  -  деген  атауының 
өзі айғақтап тұр. Мың сан ат тұяғы жасыл алқапты жүндей түтіп бүкіл аймақ 
қою  шаңға  бөккен,  сол  себептен  жер  атауы  «Шаңлақты»  болып  тарихта 
қалған. 
Жуалының қаламгер Мырзахан Ахметов «Жуалы» атты тарихи танымдық 
кітабында Шаңлақты шайқасына төмендегідей баға береді. 
«Қошқарата  маңында  қалмақтармен  көп  күндерге  созылған  шайқаста 
қазақ  жауынгерлерінің  жеңісімен  аяқталғаны  белгілі.  Оған  Шаңлақты 
ауылының  өткені  туралы  халықтың  аузындағы  әңгімелер  куә.  Осы  ұрыстың 
әйгілі  Куликово  шайқасынан  бірде-бір  кем  болмағаны  сонша,  ат  тұяғымен 
тапталған сол аймақта көп жылға дейін шөп шықпай қалған...» (154 бет) 
Өткен  тарихи  оқиғаның  куәсіндей  сол  Шаңлақтыдан  қару-жарақтың  тот 
басқан  қалдықтары  әлі  де  табылып  жатады.  Ондай  көненің  көзіндей  болған 
жәдігерлер мектеп мұражайында сақтаулы. 
Біздің  Боран  батыр  туралы  бар  білетініміз  осы.  Қазақ  халқының  басына 
күн  туғанда  еліне  қорған  бола  білген  Боран  батырдың  ерлігі  ел  есінде  мәңгі 
сақталып қалуға тиіс. 
 
 
 


 
90 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет