Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет27/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
Байланысты:
Қазақстан тарихы

1907-1912  жж.  Қазақстандағы  саяси  ахуал. 1907 жылғы 3 маусымдағы II  -
Мемлекеттiк  Думаны  тарату  және  сайлаудың  жаңа  жүйесiн  енгiзу  жөнiндегi  Заң 
(“революцияға  қарсы  төңкерiс”  деп  атаулы)  Ресей  империясында  аса  қатал  биліктің 
келгенін бiлдiрдi. “Күштi күзет қою туралы ереже” енгiзiлдi, ол бойынша революциялық 
мемлекеттiк  құрылымға  қарсы  әрекеттерге  қатысқан  солшыл  ұйымдар  мен  жеке 
тұлғалар өрескел заңсыз айла-әдіспен жазаланды.  
 
Бұл  жылдары  Қазақстандағы  социал-демократиялық  ұйымдардың  бәрi  дерлiк 
талқандалып,  революциялық  жолды  қолдап  үн  білдірген  көптеген  адамдар  қудаланып 
тіпті  қамауға  алынды,  түрмеге отырғызылып, жер аударылды. Перовск, Ақмола, Орал 
т.б.  өнеркәсiп  орындарының,  Ембi,  Доссор  сияқты  кәсiпшiлiк  иелерi  “сенiмсiз” 
адамдарды  жұмыстан  қуа  бастады.  Кәсiпорындарда  өнiм  өндiрудiң ережелерi, жұмыс 
күн  ұзақтығы  арттырылып,  атқарылған  жұмысты  материалды  ынталандыру  шарты 
бұзылып айып төлемдер көбейдi.  
 
Кәсiптiкодақтар  және  жұмысшылардың  әр  түрлi  жариялы  қоғамдары  саяси 
полиция  бақылауына  алынды,  оларға  қарсы  қаражүздi  арандатушы  ұйымдар  “Орыс 
халқы  одағы”,  “Михаил  Архангел  одағы”  ж.б.  жат  іс-қимылдары  күшейдi. 
Қаражүздiкшiлер  ұлттық  араздықты  өршiтiп,  халықтарды  бiр-бiрiне  қарсы  қойды. 
Прогресшiл  газеттер  мен  журналдар  жабылып  жатты.  1910  жылы  Столыпин 
‘’бұратаналардың” барлық мәдени-ағарту қоғамдарына тыйым салу жөнінде нұсқау хат 
таратты. 
 
Бұл  жылдарда  Ресей  орталығынан  шет  аймақтарға  наразылық  бiлдiрушi 
шаруаларды  қоныс  аудару  саясаты  жаңа  қарқын  алды.  Бұған  қоса  Қазақстанды 
отарлауды  орыс  мұжықтарын  осында  қоныс  аудару  арқылы  шешпек  болды. 
Нәтижесiнде  қазақ  халқының  ежелден  ата-тегi  жайғасып,  игерген  ең  жақсы  құнарлы 
жерлерiн  “керексiз”  деген  желеумен  жаппай  тартып  алынды.  Тек  1906-1912  жж. 
аралығында  ғана  басқа  жақтан  көшiп  келгендерге  17  млн.  десятинадан  астам  жер 
бөлiндi.  Мемлекеттiк  ұйғарым  бойынша  жер  бөлудiң  екi  түрлi  нормасы  болды-қоныс 
аударушыларға - 15, ал iшiндегi  көшпелiлерге-12  десятинадан беру. 
 
Сайып келгенде өлкедегi ұлттық-отарлық езгiнiң күшеюi, патша үкiметiнiң ауыл 
өмiрiндегi  саясаты,  елдiң  әлеуметтiк-экономикалық  жағдайына  жаңа  қатынастардың 
енуi  қазақ  халқының  ұлттық  сана-сезiмiнiң  өсуiне  алып  келдi.  Қазақ  қоғамындағы 
ұлттық  қозғалысты  -  Петербург,  Мәскеу,  Қазан,  Томск,  Омбы  және  Орынбор  оқу 
орындарын  бiтiрген  жас  интеллигенция  өкiлдерi  жүргiздi.  Олардың  әр  түрлi  идеялық-
саяси көзқарастары “Айқап” (1911-1915 жж. редакторы Мұхамеджан Сералин) журналы 
мен “Қазақ” (1913-1918 жж.) газетi бетiнде жарияланып отырды.  
 
“Айқап”  журналында  Ж.  Сейдалин,  Қ.  Қаратаев,  C.-М.  Торайғыров, 
С.Сейфуллин,  Б.  Майлин  және  басқалар  өздерiнiң  идеялық-саяси  ойының  аграрлық-
демократиялық  бағыттарын  бiлдiрген.  Ал  “Қазақ”  газетi  либералдық-демократиялық 
бағыттағы  идеяларды  насихаттап,  оның  редакциясында  қазақ  конституциялық-
демократиялық  партиясының  және  қазақ  халқының  жалпы  ұлттық  қозғалысының 
жетекшiсi, ғалым-экономист Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқалар 
қызмет  iстеген.  Олардың  жарық  көрген  еңбектерiнде  жерге  мемлекеттiк  меншiктi 
жойып,  оны  қазақтардың  меншiгiне  өткiзудi,  жердi  сатуға  тыйым  салу  мәселерi 
көтерiлген. Жалпы алғанда бұл басылымдар өз беттерiнде империяның отар шет аймағы 
жағдайындағы қазақ халқының жалпы ұлттық идеялары мен мүдделерiн бiлдiре алды. 
 
Ресей  империясының  экономикалық  дамуының  1910  жылдан  бiршама  өрлей 
бастауы  әдеттегiдей  Қазақстанның  iрi-өнеркәсiп  және  қатынас  салаларында  ереуiлдiк 
қозғалыстарды  жандандырды.  Мысалы,  1911  жылы  еңбекақыларын  көбейтудi  талап 
еткен  300-ге  жуық  Перовск,  Түркiстан  станца  шеберханаларының,  “Атбасар  мыс 
рудалары”  акционерлiк  қоғамы  кен  орындарының  жұмысшылары  ереуiлге  шыққан. 
Орынбор  және  оның  темiр  жол  тораптары  бойында  большевиктер  партиясы  қалалық 
комитетiнiң  1  мамырды  мейрамдауға  шақырған  үндеуінде  8  сағаттық  жұмыс  күнiн, 
саяси  бостандықтар  берiлуiн,  армияны  таратып,  оның  орнына  халық  милициясын 
құруды талап еткен.  


 
119 
 
1912  жылдың  көктемi  мен  жазында  экономикалық  және  саяси-әлеуметтiк 
жағдайын  жақсартуды  талап  еткен  еңбекшiлердiң  жүйелi  ереуiлдерi  болып  өттi. 
Олардың  iшiнде  Орынбор-Ташкент,  Орынбор-Жаманқала  темiр  жол  учаскелерiнiң, 
Спасск мыс-қорыту зауытының, Доссор мұнай кәсiпорындарының, сол жылдың күзiнде 
Ақмола  облысының Торғай уезiндегi Шоқпаркөл көмiр кенi жұмысшылары болды. Бұл 
ұжымдардың  жұмысшылары  өздерiнiң  ереуiлдерiнде  экономикалық  жағдайларының 
жақсартылуын,  әлеуметтiк  мәселелердiң  шешiлуiн  талап  еттi,  өздерiнiң  құқығы  үшiн 
күресте саяси саналылығы мен батылдығын дамыту үшiн маңызды рөл атқарған саяси 
талаптарын ашық жариялады. Ереуiлдер өлкедегi Ресей империясының отарлау жүйесiн 
ыдыратуға бағытталған ұлт-азаттық қозғалысының дамуына ықпал еттi. 
 
Еңбекшiлердiң  революциялық  ереуiлдерiнiң  өрлеуiне  өлкеге  қоныс  аударғандар 
да  белсене  қатысқан.  Жағдайдың  лажсыздығы,  қоныс  аударғандардың  көбiсiнiң 
кедейленуi,  олардың  елдi  мекендерiнiң  әлеуметтiк-таптық  жiктелуiнiң  күшеюi  осы 
шарулардың ашық күреске шығуының бiрден-бiр себепшiсi болды.  
 
Осы  жылдары  мемлекеттегi  аграрлық  және  отарлық  саясатқа  қарсы  қазақ 
шаруалары  да  белсене  қатысты.  Ереуiлдер  мен  көтерiлiстер  иеленушi  топтардың 
зорлық-зомбылығына,  шаруаларды  қанаудың  тереңдеуiне,  парақорлыққа,  қорқытуға 
ж.б. жат көрiнiстерге қарсы бағытталды. Қазақ шаруалары бай-билеушiлердiң тұрақты 
мекен-жайын өртедi, салық төлеуден бас тартты, әскери бөлiмдерге шабуыл жасады. 
 
Қазақстандағы  еңбекшiлер  қозғалысы  қарқынының  ұлғайуына  Ресейдiң  бiрiншi 
дүниежүзiлiк  соғысқа  тартылуы  да  өз  әсерiн  тигiздi.  Бұл  жылдары  қазақтарды  “өз 
ерiктерiмен қаржы жинау”, мемлекеттiк заемдарды зорлап жаздыру және соғыс салығы 
түрiндегi  барлығы  10-  ға  жуық  әртүрлі  салықтарды  және  баж  салығын  төлеу 
мiндеттелдi. Халыққа аса ауыр тиiп көтерiлiстерге итермелеген зорлықтар болған: олар 
шаруалардың  жерiн  тартып  алу,  соғыс  қажетi  үшiн  киiмдерiн,  малын  және  азық-түлiк 
өнiмдерiн  мемлекет  қажетiлiгi  атымен  ерiксiз  алу,  соғыс  жүктерiн  жол  тораптарына 
жеткiзу үшiн олардың көлiк күштерiн өздерiнiң  ықтиярысыз жұмылдыру т.б.  
 
Майдангерлер  отбасына  көмек  көрсету  деген  себептермен  қазақтарға 
келiмсектердiң  жерiн  өңдеу,  егiн  өсiруге  байланысты  түрлi  науқандық  жұмыстарды 
атқару  мiндеттердi  өтеу  жүктелген  болатын.  Соғыс  жылдарында  егiстiк  көлемi,  мал 
саны  бiрте-бiрте қысқара бердi, келiмсектердiң жергiлiктi ұлттарға көзқарасы қатайып, 
ұлтаралық  қатынастар  шиеленiсе  түстi.  Осы  кездерде  түрлi  ұлттық,  дiни-қоғамдық 
ұйымдар  мен  бiрлестiктер  өздерiнiң  шовинистiк  бағдарламаларын  жариялап,  адамдар 
арасындағы  қатынастарды  шиеленiстiрдi.  Оның  үстiне  патша  үкiметi  келiмсектердiң 
iшiнен  басшы  топтарын  қаруландырып  жергiлiктi  халыққа  айдап  салып  отырды. 
Мысалы,  1914  ж.  9  қазанында  Жетiсу  облысының  әскери  губернаторының  құпия 
бұйрығымен  уездiк  бастықтарды  “сенiмдi  христиандардан”  және  келiмсектердiң 
дәулеттi адамдарынан мұсылман халқына қарсы қаруланған топтар құру мiндеттедi. 
 
Ұлтаралық  шиеленiстер  жер  қатынастарынан  да  туып  отырды.  Әсiресе  қоныс 
аударушылар  мен  қазақтардың  арасындағы  жер  үшiн  күрестер  бiрiншi  дүниежүзiлiк 
соғыс жылдарында ауқымды болды. Шаруалар жер иеленушiлерден және жергiлiктi бай 
мен  ру  басшыларының  қылықтарынан  да  жапа  шектi.  Ата-тегiнен  келе  жатқан  өз 
жерлерiн бермеу үшiн табанды күресе отырып, қазақ шаруалары патша шенеунiктерiнiң 
де,  өздерiнiң  болыстық  басқарушылары  мен  ауыл  ағамандарының  да  талаптарын 
орындамады,  алым-салықтарды  төлеуден,  соғыс  қажетiне қаржы бөлуден бас тартты. 
Тiптi  Черняев  уезiнiң  Ноғай-Нұрын  болысының  қазақтары  болыс  басқарушысы  мен 
ауыл  ағаманына  қарсы  шығып  олардың  қызметтiк  мiндеттерiн  орындауына  қарсылық 
бiлдiрген. 
 
Елдегi үкiметке қарсы қоныс аударушы шаруалардың, соғысқа қатысушылардың 
отбасыларынан  қымбатшылыққа,  лауазымды  адамдарға,  салықтар  төлеуге  және 
жұмыстық  мiндеттерiн  өтеуге  байланысты  ереуiл-күрестерi  күшейе  түстi.  1915  ж. 
наурызында  Жетiсу  облысының  Верный,  Лепсi  және  Пржевальск  уезiндегi  ауыл 
тұрғындары  орталық үкiметтiң баға саясатына қарсы наразылық бiлдiрдi. Лепсi уезiнiң 
Андреевск,  Осиповск  елдi  мекендерiнде,  Верный  уезiнде  әйелдер  көпестер дүкендерiн 
қиратып,  тауарларын  талап  алып  кеткен.  1916  ж.  Зайсанда  болған  әйелдердiң  бас 
көтеруi әскери күшпен тоқтатылып, 13 адам қамауға алынған. 


 
120 
 
Сөйтiп  1910  жылдан  кейiн  жаңа  революциялық  дәуiрiндегi  бой  көрсетулердiң 
басым  көпшiлiгiнiң  әлi  ұйымдаспаған  сипатта  болғанына  қарамастан,  өлкенiң 
жұмысшылары  мен  шаруаларының  саяси  сана-сезiмiн  дамыту  үшiн  олардың  зор 
маңызы болды. Қазақстан еңбекшiлерiнiң барған сайын қалың топтары отаршылық езгi 
мен таптық қанауға қарсы күреске тартыла түстi. 
 
Он біріншi  дәріс.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет