Қазақстан тарихы


ХХ ғ. 50-70 жж. Қазақстандағы



Pdf көрінісі
бет35/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42
Байланысты:
Қазақстан тарихы

ХХ ғ. 50-70 жж. Қазақстандағы  
қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-экономикалық жағдай. 
 
Ж о с п а р ы. 
 
  1. Республикадағы қоғамдық-саяси ахуал. 
  2. Экономика саласындағы дағдарыстар белгісі. Халық тұрмысы. 
  3. Ауылдың ахуалы: даму деңгейi, олқылықтар мен қателiктер. 
 
Семинар жоспары: 
 
1.  
Соғыстан  кейiнгi  өмiрдiң  қиындықтары.  ¤неркәсiп,  ауыл  шаруашылығының 
дамуындағы ерекшелiктер, жаңа коммуникациялық жүйелердiң салынуы. 
2.  
Қоғамдағы  саяси-әлеуметтiк  өмiрдi  либерализациялаудың  алғашқы  қадамдары. 
Хрущевтiң  билiгi. 
3.  
Қазақстандағы ұлттық-демографиялық саясат. 
4.  
Соғыстан кейiнгi  жылдардағы мәдени құрылыстағы тенденциялар. 
 
Реферат тақырыптары: 
 
1.  
Қазақстанның бейбiт құрылысқа көшуi. 
2.  
Халық шаруашылығын қалпына келтiрудiң  қиыншылықтары. 
3.  
Ақша реформасын жүргiзу және карточка жүйесiн жою. 
4.  
Қазақ КСР Ғылым Академиясының ашылуы. 
5.  
Әдебиет пен мәдениеттiң дамуы. 
6.  
Тың және тыңайған жерлердi игеру. 
7.  
50-60 жылдардағы экономиканы басқарудағы өзгерiстер. 
8.  
Қазақстан Республикасының 70-шi жылдардағы экологиялық жағдайы.  
 
¤зiндiк жұмыс сауалдары: 
 
1.  
Соғыстан кейiнгi  республиканың  экономикалық  мүмкiндiктерiне сипаттама берiңiз. 
2.  
Колхоздардың бiрiгуiнiң  себебi неде? 
3.  
Қандай темiр жол тораптары салынды? 
4.  
Қазақ ҚСР-нiң 25 жылдық мерейтойы қай жылы өттi? 
5.  
Денсаулық сақтау iсi қандай жағдайда болды? 
6.  
Қазақ Ғылым Академиясы қай жылы құрылды? 
7.  
50-60  жылдары  елдiң  қоғамдық  өмiрiндегi  түбегейлi  өзгерiстердi қандай жағдаймен 
түсiндiруге болады? 
8.  
60-шы  жылдардың  ортасында  Сталиннiң  жеке  басына  табыну  құрбандарын  ақтау 
процестерi неге тоқтап қалды? 
9.  
50-60  жылдардағы  Қазақстанның  халық  шаруашылығының  дамуында  қандай 
жетiстiктер мен кемшiлiктер болды? 
10. 
Экологиялық күйзелiстердi қайдан көруге болады? 
11. 
Қазақстандық  белгiлi  ғалымдардың,  әдебиет  пен  өнер  қайраткерлерiнiң  есiмдерiн 
ата. 
12. 
50-шi 
жылдары  сталиндiк  репрессияға  ұшыраған  ғалымдар  мен  өнер 
қайраткерлерiнен  кiмдi бiлесiз? 
13. 
Тың жерлердi игеру қай жылдары басталды?( проблемалары мен салдары). 
14. 
Қазақстанның әлеуметтiк құрылымы мен халқының санындағы өзгерiстен не бiлесiз? 
15. 
Жеке адамның басына табынушылықтың сипатын қандай мысалдармен дәлелдейсiз? 
16. 
Сталин қай жылы дүние салды? 
 
Ә д е б и е т т е р: 
 
1.  
Қазақ ССР тарихы, 5-том. -Алматы, 1984. 
1.  Қазақстан тарихы көне заманнан бүгiнге дейiн (очерк). Алматы. “Дәуiр”, 1994. 


 
165 
2.  Қазақ Кеңестiк Социалистiк  Республикасы. Энциклопедиялық  анықтама.-Алматы, 
1980.  
4.  
Қонаев Д.А. Ақиқаттан аттауға болмайды. Алматы “Санат”, 1994. 
5.  
А. Күзембайұлы, Е. Әбiл. История Республики Казахстан. 
6.  
 Есенов Ш.Е. Научное изучение Казахстана.- Алма-Ата, 1969. 
7.  
Баишев С.Б. Социально-экономическое развитие Советского Казахстана.- Алма-Ата, 
1966. 
8.  
Канапин  А.К.  Культурное  строительство  в  Казахстане  (  1953-1963  гг.).-Алма-Ата, 
1966. 
9.  
Учебное  пособие  по  истории  Казахстана  с  древнейших  времен  до  наших  дней.- 
Алма-Ата, 1992. 
10. 
Абдоллаев Н.А., Исмағұлов Ұ.Ш. Қазақстан тарихы: дәрістер. Қ.Жұбанов атындағы 
АкМУ. Ақтөбе, 2003 
11. 
Абдоллаев  Н.А.,  Орамах  Ж.О.  Қазақстан  тарихы:  дәрістер.  Қ.Жұбанов 
атындағыАкМУ. Ақтөбе, 2004.  
12. 
Михайлов  Ф.К.  Совхозное  строительство  в  Казахстане  (  1948-1965  гг.)- Алма-Ата, 
1973. 
13. 
Савосько  В.К.,  Шамшатов  И.Ш. Колхозное строительство в Казахстане (1946-1970 
гг.)-Алма-Ата, 1974. 
14. 
Дружин  Н.М.  Во  имя  научной  истины.  В  кн.:  История  Казахстана-  белые  пятна.- 
Алма-Ата, 1991.  
15. 
Н.Верт История Советского государства.”Прогресс-Академия”, М., 1995. 
16. 
История России. ХХ век. М., “АСТ”, 1997. 
 
  1.  XX  ғасырдың  50-шi  жылдарында  елдегi  қоғамдық-саяси  ақуал  адамдар 
арасындағы  қатынастарға  қатаң  бақылау  орнату,  коммунистiк  идеологияның  ықпалын 
күшейтiп, оған жат көзқарастармен шексiз күрес жүргiзу және демократияны барынша 
шектеумен сипатталды. 20-шы жылдарда түбегейлi орнаған әмiршiл-әкiмшiлiк жүйе 50-
шы  жылдардың  бас  кезiнде  өзiнiң  шарықтау  шегiне  жеттi.  Елде  И.В.  Сталиннiң  жеке 
басына  табынушылық  бел  алып  қоймай,  тiптi  бүкiл  саяси  партия  басқарушылық 
буындарының  жетекшiлерiнiң  өзi  ерекше  бағаланатын  болды.  Мұның  бәрi 
республиканың  қоғамдық-саяси  дамуына терiс әсер етiп, ауыр зардаптарға ұшыратты. 
Даңғаза  саяси  айдар  таңуды  пайдаланған  әртүрлi  ұрандардың  көлеңкесiнде  заңдылық 
бұзылып,  өкiмет  билiгi  терiс  қолданылып  жатты.  Cөйтiп,  осы  кезге  дейiн  үлкен  үмiт, 
сенiм, болашағы патриоттық сезiмге мол саяси жүйе өзiнiң iштей дамуының қабылетсiз 
екенiн  көрсеттi. 
Бұл кезеңде билеушi саяси органдарының басшылық рөлi олардың қоғам өмiрiнiң 
барлық жақтарына тiкелей, таза әмiршiл-әкiмшiл билiгi арқылы жүргiзiлдi. Коммунистiк 
партия  елдегi  бүкiл  шаруашылық,  саяси-ұйымдастырушылық  және  заңдылық  билiктi 
өзiнің  қолына  ұстап,  барлық  мемлекеттiк  және  қоғамдық  ұйымдарды  дербестiгiнен 
айырды.  
Кеңес  қоғамының  (қазақ  елiнiң)  сол  кезеңдегі  жоспарлары  демократияға қайшы, 
тоталитарлық  мемлекеттiк  құрылымға  үйлесiп  жатты.  Дегенмен,  соғыстың  барлық 
қайғысы  мен  қуанышын  басынан  өткiзген  халық  соғыстың  алдындағы  кезеңдегiдей 
емес,  өзгерген  едi. Бейбiт көңiл-күй жағдайында халықтың психологиясында қоғамдық 
құндылықтарды  қайта  бағалау  құбылыстары  жүрiп  жатты.  Қоғам  мен  партиялық-
мемлекеттiк  басшылықтың  әкiмшiлiк-әмiршiлдiк  саясатының  арасындағы  арта  түскен 
қарама-қайшылық,  соғыстан  бейбiтшiлiкке  көшу  кезеңiнiң  нақты  көрiнiсi  болды.  Осы 
жағдайда  әлеуметтiк  жаңғырудың  iске  асуына  сiрескен  қоғамдық-саяси  құрылым 
кедергi  жасады.  Оның  үстiне  бұрын-соңды  кездеспеген  қауырт  және  ауыр  соғыста 
жеңiске  ауқымды  ұйытқы  болған  әртүрлi  буындағы  басшылардың  көпшiлiгiне 
басқарудың  әкiмшiлiк  тәсiлдерi  мiнсiз,  ақиқатты  деген  ой-өрiс  психологиясы  да  терiс 
әсерiн тигiздi. 
Осындай  терiс  билiктiң  нәтижесiнде  елде  көптеген  адам  құқына  қайшы,  заңсыз 
шаралар  жүзеге  асырылды.  1944  жылы  26  тамызда  немiстердiң  пайдасына  жаппай 
сатқындық  жасағаны  үшiн  шешендердi,  ингуштердi,  қырым  татарларын  жер  аудару, 
шешен-ингуш  автономиясын жойып, Қырым татарлар республикасын облыс статусына 


 
166 
түсiру,  сондай-ақ  қалмақтар,  қарашайлар,  балқарлар,  Едiл  бойындағы  немiстер 
қоныстарынан “немiс басқыншылары мен байланыс жасағаны үшiн” 1944 жылы күштеп 
көшiрiлген  болатын.  
Бұл шаралар Сталиннiң орыс халқы жөнiндегi салтанатты жиында айтқандарынан 
кейiн, тарихтағы орыс халқының Кеңес мемлекетiндегi рөлiн қайта қарауға бағытталған 
белсендi жұмыстың қызу жалғасы едi. Шамамен осы тұстан бастап теорияда және ресми 
идеологияда  (насихатта)  адамзатты  дамытуға  орыс  халқының  қосқан  тарихи  үлесiнiң 
прогрессивтiк  жақтарын  баса  көрсетуге  толық  жол  ашылды  және  оның  орындалысы 
саяси бақылауға алынды.  
Революцияға дейiнгi  Ресей отар халықтардың ордасы емес, халықтар достығының 
ұйытқысы ретiнде суреттеле бастады, тiптi халықтардың ауыз әдебиетiндегi ата-бабадан 
қалған  мұраттарын,  оның  iшiнде  қазақтың  “Қорқыт  ата”,  “Алпамыс”,  “Ер  сайын”, 
“Шора батыр”, қырғыздың “Манас” сияқты эпостарын ашық көрсетуге тиым салынды. 
XIX  ғасырдың  алғашқы  жартысындағы  Кавказ  халқының  бостандығы  жолындағы 
күрестiң жетекшiсi болған Шамил “ағылшын шпионы” деп жарияланды. Қазақтың ұлт-
азаттық қозғалысының басшысы Кеңесары Қасымов өз басының қамы үшiн хан болуды 
көксеген  бүлiкшi  деп  танылып,  ол  бастаған  қозғалыстың  халықтық  сипаты  жоққа 
шығарылды.  Оған  кешегi  заманда  билеушi  топтардың  аяғына  жығылып,  қазақтың 
қаймағы  болған  қасиеттi  ұлдарын  жамандауға  тайынбаған  жiгерсiз  қасиетсiз,  жалған 
оқымысты, жағымпаз “ғалымсымақтар”, өз ортамыздан өзеуреп шыққандар көмектестi. 
Олар 1950 жылы 26 желтоқсанда “Правда” газетiнде “Қазақстан тарихының мәселелерi 
маркстiк-лениндiк  тұрғысынан  жазылсын”  деген  мақала  жариялап,  қазақтың  көрнектi 
тарихшысы  Е.Бекмахановқа  “Қазақстан  XIX  ғасырдың  20-40  жылдарында”  деген 
еңбегiнде буржуазиялық-ұлтшылдық мәселесiнде қателiктер жiбердi деген айып тақты. 
Е.Бекмахановпен  бiрге  республиканың  көптеген  қоғамтанушы  ғалымдары  Бек 
Сүлейменов,  Есмағамбет  Исмаилов,  Қажым  Жұмалиев  тағы  басқалары  қудаланып 
Қазақстаннан тысқары қалаларға жер аударылды. Ұлт саясатындағы жүгенсiздiк, жеке 
адамның, ұжымдық шығармашылық жаңашылдығына тұсау салу соғыстан кейiнгi кезде 
өрши  түстi.  Космополитизмге  қарсы  деген  желеумен  шетелдiк  авторлардың 
шығармаларын бастыру, оларды сахнаға шығару, тiптi  шетелдiк тауарлармен әуестенуге 
дейiн  айыпталды.  Кейiнгi  кезде  бұл  мәселе  партия  ұйымдарының  жиналыстарында 
талқыланып, зиялы қауымның көптеген өкiлдерi қудалауға алынды. Осындай желеумен 
сынға  ұшырап,  қуғынға  түскен  Қаныш  Сәтбаев,  Мұхтар  Әуезов  Қазақстаннан  кетуге 
мәжбүр  болды.  Жаратылыстану  ғылымының  маңдай  алды  эерттеушiлерi  патриоттық 
сезiмнен ада болған коcмополит деп айыпталды. 
Соғыстан кейiнгi жылдары пiсiп-жетiлiп келе жатқан қоғамда өзгерiс қажет деген 
ой-өрiстi,  әкiмшiлiк  жүйе  идеологиялық  және  қудалау  сипатындағы  бiрсыпыра 
шаралардың көмегiмен тұншықтыра бiлдi. 50-шi жылдар КСРО мемлекеттiк қауiпсiздiк 
министрлiгiнiң  жетекшiсi  Л.П.Берияның  қылмысты  iс-әрекетiн  үзiлдi-кесiлдi  тоқтату, 
қоғамдық  өмiрдi  демократияландыру  жолындағы маңызды кезең болды.  КСРО-ны 30 
жыл  бойы  басқарған  И.Сталин  дүние  салысымен  (1953  ж.  5  наурыз)  жеке  адамға 
табынушылықтың зардаптарын жоюға, конституциялық заңдылықты қалпына келтiруге 
бағытталған бiрсыпыра шаралар iске асырыла бастады. Бiрақ “халық көсемiнiң” қазасы  
әмiршiл-әкiмшiлдiк  саяси жүйеге аса маңызды өзгерiстер әкеле қойған жоқ.  
1956  жылғы  ақпанда  өткен  билеушi  партияның  ХХ  съезi  Сталиннiң  жеке басына 
табынушылықты  айыптап,  оның  зардаптарын  жою,  елдегi  демократияны  өрiстетудiң 
қажеттiлiгiн  қолдап  алғашқы  шараларды  құптады. “ Жылымық жылдары” деген атпен 
тарихқа  енген  50-шi  жылдардың  екiншi  жартысынан  бергі  кезеңде  көптеген  игi  iстер 
атқарылды. Басшылықтың ұжымдық негiздерi енгiзiлiп, әкiмшiл-әмiршiл басқару жүйесi 
босаңси  бастады.  Қағазбастылықпен,  жиналыс, мәжiлiстер өткiзумен әуестенушiлiкпен 
күрес  күшейдi.  Ұлттық  республикалардың  құқығы  кеңейтiлiп,  ондағы  жiберiлген 
бұрмалаушылықтар  түзетiле  бастады.  Кеңестердiң  рөлiн  нығайтуға  жаңа  қадамдар 
жасалды. Кеңес мемлекетiнiң тарихын шыншылдық тұрғысынан баяндау, халықтардың 
өткен-кеткенiн сын көзбен қарау мүмкiндiгi жарияланды. 
ХХ ғасырдың екiншi жартысының алғашқы жылдарынан бастап бүкiл елде, оның 
iшiнде  Қазақстанда  iске  асырылған  экономикалық,  әлеуметтiк  және  идеологиялық 
шаралар  нәтижесiнде  дамудың  бiршама  көкжиектерi  ашыла  бастады.  Бiрақ  ол 


 
167 
мүмкiндiктер  толығынан  пайдаланылмай  қалды.  Егерде  объективтi  заңдылық 
тұрғысынан  сараптайтын  болсақ, дәл сол жылдары жаңалықтар толығынан өмiрге енiп 
кетуi мүмкiн емес те едi. Н.Хрущев бастаған ой-өрiсi қалыптасқан саяси басшылардың, 
тiптi  қандай  идеалды  жағдай  болмасын  елге  радикалды  өзгерiстер  әкелуi  қиын  едi. 
Мысалы,  экономиканы  басқару iсi ойдан шығарылған әрекеттердiң ырқына түсiп кеттi. 
Ел  басшылығының  волюнтаристiк  идеялары мен әрекеттерi қоғамның берекесiн кетiре 
бастады. ¤ркөкiректiк, жалған уәделер мен негiзсiз болжамдар мен тұжырымдар сөз бен 
iстiң  арасын алшақтата түстi. 
Жергiлiктi  билеушi  орындардың  қызметiнде  әсiресе  жылтырақтық,  өркөкiректiк, 
көзбояушылық,  даурықпалық  сияқты  ұнамсыз  жайлар  кең  орын  алды.  Аймақтық 
өнеркәсiптiк,  ауыл  шаруашылық  басқармаларын,  ауыл  шаруашылығы жөнiндегi партия 
комитеттерiн  құру  негiзсiз  болып  шықты.  Әр  алуан  штаттан  тыс  саяси  комиссиялар 
құрумен  әуестену  кең  өрiс  алып,  мұның  өзi  қызметкерлер  мен  еңбек  адамдарын 
өндiрiстегi  тiкелей  жұмысынан  алаңдатуға,  оларды  бекер  әуре-сарсаңға  түсуге 
ұрындырды. 
Аталмыш жылдардағы саяси-қоғамдық өмiрдiң ерекше белгiсi, оның қайшылығы 
мен  жеке  адам  басына  табынуды  жою  iс-қимылдарының  нақты  жетiстiктерi, 
экономикалық  дамудың  белгiлi  бiр  табыстары  және  қияли,  утопиялық  жоспарлар, 
қоғамдық  өмiрдi  демократияландыруға  қадамдар  жасауы  Н.Хрущевтiң  өзiнiң  жеке 
басына  табынудың  күрт  күшеюi  сияқты  қайшылықтар  көрiнiс  бердi. Мысалы, КОКП-
ның  III-шi  Бағдарламасы  туралы  баяндай  келiп  ол:”  Бұл  коммунизмнiң  материалдық-
техникалық  базасын  салу  бағдарламасы,  бұрынғылардан  оның  өзгешiлiгi  -  ...  бұл 
кезеңнiң  соңында  коммунизмнiң  базасы  жасалып  бiтедi,  сөйтiп  кеңес  адамдарының 
казiргi  ұрпағы  коммунизм  тұсында  өмiр  сүретiн  болады”,-  деп  мәлiмдедi.  ¤мiрдегi 
қиындықтар -  уақытша жағдай, 20 жылдан кейiн кеңес адамдарын тек жақсы өмiр ғана 
емес, коммунизмнiң басталуы күтiп тұр деп дәмелендiрдi. 
60-шы жылдардың басында өнеркәсiп пен құрылысты экономикалық аудандардың 
халық  шаруашылығы  кеңестерi  арқылы  басқару  жүйесiнiң  кемшiлiктерi  бiрте-бiрте 
айқындала  бастады.  ¤неркәсiптi  басқаруда  халық  шаруашылығы  кеңестерiнде  толып 
жатқан  жаңа  бөлiмдердiң  құрылуы  өнеркәсiп  салаларының  бөлшектенуiне  әкелдi. 
¤ндiрiстi  басқарудың  жоспарлау  мен  экономикалық  ынталандырудың  түрлерi  мен 
әдiстерi  елдiң  өндiргiш  күштерiнiң  жаңа,  неғұрлым  жоғары  дәрежесiне  сай  келмедi, 
олардың дамуын тежедi.  
Осы  жылдары  аграрлық  ғылымның  тұжырымынша  ауыл  шаруашылығын 
дамытудың үлкен мүмкiндiктерi болды, бiрақ ол дұрыс пайдаланылмады. Қазақстанда 
қоғамдық  және  жеке  мүдделердi  ұштастыру,  ұжым  еңбеккерлерiнiң  егiншiлiк  пен мал 
шаруашылығы  өнiмдерiн  өндiрудi  арттыруға  деген  материалдық  ынталылығы 
негiздерiнiң бұзылуына жол берiлдi. Жоспарлауда және ауыл шаруашылық дақылдарын 
орналастыруда елеулi кемшiлiктер жiберiлдi.   
Елдегi аграрлық саясатқа тың және тыңайған жерлердi игеру үлкен әсерiн тигiздi. 
Бос  жер  көлемiнiң  азайтылуы  тың  жерлердегi  егiншiлiктi  жүргiзу  жүйесiне  зиянын 
тигiздi,  егiс  көлемдерiнiң  қалыптасқан  құрылымы  бұзылды.  Осының  барлығы  бұл 
өңiрдегi  тек  дәндi-дақылдар  өндiру емес, жалпы қазақтардың  кәсiп еткен дәстүрлi мал 
шаруашылығын да әлсiреттi.   
Тың  жерлердi  игеру  қарсаңында  партия  ұйымының  немесе  партия  мүшелерiнiң 
пiкiрi сұралмастан Қазақстан Компартиясының VII съезiнде Ж. Шаяхметовтың орнына 
республика  билеушi  партиясының  бiрiншi  хатшысы  болып П.К.Пономаренко, хатшысы 
болып  Л.И.Брежнев  (XI.1954-VII.1955  жж.)  cайланды.  Осыдан  кейiнгi  он  жыл  бойы 
Қазақстанның саяси басшылары қолғаптай ауыстырылып отырды. П.К. Понамаренконы 
ауыстырған  Л.И.Брежнев  (VII.1955-III.1956  жж.)  Мәскеуге  жоғарылағаннан  кейiн  оны  
Д.Яковлев  (III.1956-XII.  1957  жж.),  ол  түсiрiлгеннен  кейiн  Н.И.Беляев  (XII.1957-
XII.1960  жж.),  оны  ауыстырған  Д.А.Қонаев  (XII.1957-XII.1960  жж.),  одан  кейiн 
Н.Хрущевтiң ұсынысымен И.Юсупов (XII.1962-XII.1964 жж.) басқарды. Бас аяғы сегіз 
жылдың  ішінде  алты  басшы  ауыстырылған,  сонда  әрқайсысы  бір  жыл  билік  құрған. 
Мұндай билеу стилі Қазақстанның қай жағынан болса да дамуына зиянын тигізді. 1964 
жылдың  желтоқсанынан  1986  жылдың  16  желтоқсанына  дейiн  Қазақ  елiн  және  оның 
Компартиясын Д.А.Қонаев басқарды. 


 
168 
Д.А.Қонаев  республика  экономикасы  мен  мәдениетiн  өркендетуге  елеулi  үлес 
қосты,  оның  тұсында  Қазақстанның  Одақ  бойынша алған орны биiктен көрiндi. Әрине, 
бұл  жылдарда  да  жершiлдiк,  жең  ұшынан  жалғасу,  басқару  орындарға  тамыр-
таныстықпен  тағайындау,  билеушi  партия  мен  үкiмет  орындарында  өркөкiректiк, 
өрескелдiктер де ауқамды орын алды. 
2.  XX  ғасырдың  екiншi  жартысында  Қазақстан  өндiрiс  және  соғыс  қаруының 
көптеген  жаңа  түрлерi  мен  технологиясын  сынайтын  алаңына  айналды. 
Гидропоникалық  әдiспен  өсiмдiк  өсiру,  жүгерi  егу  т.б.  осы  сияқты  тәжiрибелер 
Қазақстан  шаруашылықтарында  байқаудан  өттi.  Республика  ның  оңтүстiктегi  кейбiр 
аудандары  көршiлес  республикаларға  берiлдi,  өлкелер  құрылды,  қалалардың  аттары 
өзгертiлдi. 
Н.Хрущев  ел  басқарған  кезiнде  қазақ  зиялыларының  жағымпаз,  жарамсақтарын 
шешушi  буындарға  орналастырып,  олар  арқылы  қазақ  атаулыны  мәңгүрттендiрiп,  ұлы 
державалық, отаршылдық саясатын санасыздықпен интернационалдық, ұлттық теңдiктi, 
достықты  жандандыра  отырып  қазақтардан  бiрыңғай  коммунистiк  ұлт  шығаруды 
армандады.  Н.Хрущевтiң  жолсыздықтары  мен  жөнсiз  қылықтарын  ашық  айтпаса  да 
халық  оған  наразы  болды.  Cайып  келгенде,  елдiң  экономикасын  жаңа  сатыға  көтеру, 
халық  шаруашылығын  басқару,  өндiрiстi  жоспарлау  мен  ынталандыру  жүйесiн 
түбегейлi  жақсарту  қажеттiгi  пiсiп  жетілiп  келе  жатты.  Экономикалық  мәселелердi 
шешуде  субъективизмдi,  волюнтаризмдi  жою  қажеттiгi барған сайын айқындала түстi. 
Cондықтан  1964  жылдың  қазанында  КОКП  ОК  шешiмiмен  Н.Хрущев  партия 
басшылығынан  босатылып,  оның  орнына  Л.И.Брежнев  сайланды.  Кеңес  өкiметiнiң 
басшысы етiп КСРО Жоғарғы Кеңесi А.Н.Косыгиндi тағайындады.  
Аталған  басшылардың  есiмдерi  Кеңес  мемлекетi  және  Қазақстан  тарихындағы 
елдiң  экономикалық  құрылымын  өзгертуге  бағытталған  қадамдармен  тығыз 
байланысты.  Бірақта,  олардың  1962-1969  жж.  реформалық  талпыныстары  iс  жүзiнде 
экономикада  iрi  батыл  қайта  құрылыстар  жасауды  қамти  алмады.  Сараптаушы-
мамандардың  тұжырымынша,  реформа  концепциясы  жеткiлiктi  ойланыстырылмай 
құрылған  және  бiрiн-бiрi  жиi  ауыстырып  отырған  елеулi  тұрақсыздық,  тұрмыс 
дәрежесiнiң  және әлеуметтiк кепiлдiктердiң әлсiреуiн  туғызды. 
Нақтылы  өмiр  көрсеткендей,  реформалық  шаралардың  экономикадағы  сәтсiз 
талпыныстары,  өндiрiс  күштерiнiң  тиiмсiз  орналастырылуы,  халық  шараушылығын 
басқару  жүйесiнiң  атүстi  және  жиi  өзгертiлуi  республиканың  экологиялық  жағдайына 
және халықтың денсаулығына терiс әсер етті. Елдiң өнеркәсiптiк аймақтарында, әсiресе 
Атырауда,  Ақтауда,  Ақтөбеде,  ¤скеменде,  Шымкентте,  Таразда  экологиялық  жағдай 
күрделілендi.  1948-1965  жж.  аралығында  Семей,  Павлодар,  Қарағанды  облыстарының 
түйiскен  шекаралас  жерiне  ядролық  қаруды,  Атырау,  Ақтөбе,  Батыс  Қазақстан 
облыстарының жерiнде қару-жарақтарды сынайтын полигондар салынды, ал Қызылорда 
өңiрiнде  Байқоңыр космодромы бой көтердi.  
Ядролық қаруды тұңғыш сынау 1949 ж. 29 тамызда өткiзiлдi. Ал 1989 жылдың 19 
қыркүйегiне  дейiн  қуаты  бiрнеше  тоннадан  150  килотоннамен  өлшенетiн  343  сынақ 
жасалды.  Ғалымдардың  пiкiрiнше  ядролық  жарылыстар  жасалған  жылдары  Семей 
қаласының,  Павлодар  және  Қарағанды  облыстарының  шекаралас  аудандарының  және 
РСФСР-дiң  Алтай  өлкесiндегi  кейбiр  аудандарының  тұрғындары  радиациялық  сәулеге 
шалынды. 
Денсаулық  сақтау  мекемелерiне  иондандырушы  радиацияға  байланысты  рак, 
лейкоздан  және  басқа  аурулардан  өлген  адамдардың  шын  диагнозын  қоюға  тиым 
салынды.  КСРО  Денсаулық  сақтау  министрлiгi  бұл  дәрiгерлiк  тексеру  жүргiзудiң 
қорытындыларын  жария  етуге  қатал  тиым  салды,  ал  әскери  дәрiгерлер  алған нәтиже- 
мәлiметтер  құпияда  сақталып,  ядролық  полигонның  қызметi  келтiрген  зиянның  бәрiн 
жасырып  келдi.  Радиацияға  ұшыраған  адамдардың  денсаулығын  iшiнара  зерттеу  тек 
1962 жылдан ғана басталды. 
Адамдардың  денсаулығына  деген  мұндай  көзқарас,  полигонға  жақын  тұратын 
қазақтарды бұдан бұрын кездеспеген ауруларға шалдықтырды Cәуле ауруының күрделi 
түрлерi  Семей  облысы  Абай  ауданының,  Қарағанды  облысы  Егiндiбұлақ  ауданының 
тұрғындары  арасында  жиi  кездесетiн  болды.  Полигонның  халық  денсаулығына  тигiзiп 
жатқан әсерiне абыржыған жеке дабылдарға билеушi орындар құлақ салмай, ешқандай 


 
169 
мән  бермедi.  1969-1970  жж.  Маңғыстау  облысының  жерiнде  халықтан  жасырын  жер 
астында үш рет ядролық жарылыс жасалды. Жерасты жарылыстары таулы жыныстарда 
да жасалды. 
Қазақстан  өндiрiсiнiң  дамуы.  50-70-шi  жылдары  республиканың  халық 
шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайту, шаруашылық айналымға 
жаңа  қорларды  қосу,  өндiрiстiң  техникалық  дәрежесiн  арттыру  бағытында  ауқымды 
iстер  тындырылды.  Бiрақ  жеңiл  және  тамақ  өнеркәсiп  салаларына  тежеу  жасалып, 
шикiзат және отын өндiретiн  салалар жедел қарқынмен дамытылды. 
1951-1955  жж.  өнеркәсiпке  жұмсалған  қаржының  жалпы  көлемi  1941-1950 
жылдарға  қарағанда  2,3  есе  артық болды, ал өнеркәсiптiк күрделi құрылыста тек 1960 
жылдың  өзiнде  ғана,  бүкiл  төртiнiшi  бесжылдықта  осындай  құрылысқа  жұмсалған 
шығыннан  1,4  есе  дерлiк  артты.  700-дей  кәсiпорын  iске  қосылды.  Олардың  iшiнде 
¤скемен  қорғасын  мырыш,  Жезқазған,  Соколов-Сарыбай  кен-байыту  комбинаттары, 
Ертiс өзенiнде ¤скемен су-электр станциясы, Бұқтырма су-электр станциясының бiрiншi 
кезегi,  Қарағанды  2-жылу  электрстанциясы  салынды.  Жаңа  көмiрлi  аудандар  (Саран, 
Шерiбай-Нұра, Шахан) игерiлдi, Екiбастұз кенiнiң құбырлары қатарға қосылды. Алайда 
осындай  қарқынның  көлеңкесiнде  электр  қуатының  желiлерi  мен  оны бөлу жүйелерiнiң 
құрылысы  күрт  артта  қалды,  мұның  өзi  республика көлемiн электр қуатымен қамтуға 
кедергi болды.   
Осы  қарқын  болашақ  жылдарда  да  сақталып,  тiптi  өсiп  келдi.  1965-1985  жж. 
Қазақстан экономикасын дамытуға бөлiнген күрделi қаржы кеңес үкiметiнiң бүкiл бұдан 
бұрынғы  жылдарда  бұл  салаға  бөлiнген  көлемiнен  көп  игерiлдi,  ол  республиканың 
өнеркәсiп потенциалын екi есе өсiруге мүмкiндiк туғызды. Жалпы 60-шы жылдары 1174 
iрi  өнеркәсiп  орны  және  535  цех  қатарға  қосылды, жүздеген зауыттар мен фабрикалар 
қайта  құрылды  және  жаңа  техника,  технологиямен  жабдықталды.  Қазақ  жерiнде қара 
және түстi металлургия, мұнай және газ, химия және мұнай химиясы шапшаң дамыды, 
титан,  магний,  глинозем,  шойын,  кокс,  синтетикалық  каучук,  жүк  көтергiш 
құрылымдарын  (крандар),  электрмашиналарын,  металды жiптеп созатын стандар және 
ұста-қысқыш  машиналарын,  асбест  және  басқада  өндiрiске  қажеттi  қосымша  құрал-
жабдықтар шығаратын салалар пайда болды. 
Қара  металлургия  Қазақстан  өнеркәсiбiнiң  алып  салаларының  бiрiне  айналды. 
Осы  жылдары  iске  қосылған  Соколов-Сарыбай  кен-байыту  комбинаты  елiмiздiң  алып 
кәсiпорындарының  біріне  айналды.  1970  жылы  республикада  18,2  млн.  тонна  темiр 
рудасы  шығарылды,  бұл  1960  жылдың  көрсеткiшiнен  3  еседен  артық  едi.  Қарағанды 
металлургия  комбинаты  КСРО-дағы  толық  металлургиялық  айналымдағы  аса  iрi 
кәсiпорыны  болды.  Ермак  қайта  балқыту  зауытының  ферросилиций  өндiретiн  бiрiншi 
кезегi  қатарға  қосылды.  Республика  хромит  рудасын  шығару  да  елде  бiрiншi  орын, 
темiр  және  марганец  рудасын  шығаруда  үшiншi  орын  алды,  Қазақстанның  болат, 
прокат,  ферросплав  шығарудағы  рөлi  артты.  Мұның  бәрi  қара  металдардың  жалпы 
одақтық өндiрiсiнде  Қазақстан үлесiнiң едәуiр өсуiне жеткiздi. 
Түстi  металлургия  одан  әрi  дамыды.  Тишинск  руднигi  және  Лениногор 
полиметалл  комбинатында мырыш зауыты, Жезқазған кен-металлургия комбинатының 
елдегi  аса  iрi  N  55  және  57  шахталары,  Павлодар  алюминий  зауытының  глинозем 
өндiрiсiнiң комплексi қатарға қосылды және ¤скемен титан-магний комбинаты алғашқы 
қуатына 
жеттi. 
Осындағы 
қорғасын-мырыш 
және 
Балқаш 
металлургия 
комбинаттарының өндiрiстiк  қуаттары кеңейтiлдi. 
 1950-1970  жж.  Қазақстан  мұнай  шығаратын  iрi  өңiрге  айналды.  Осы  кездегi 
Маңғыстау түбегiн игеру бұл саланың онан әрi дамып, республика Кеңес Одағының аса 
iрi  мұнайлы  ауданы  болып,  бұнда  1970  жылы  10  млн. тонна мұнай өндiрiлдi. Парафинi 
көп  Маңғыстау  мұнайын  шығару  мен  тасымалдауға,  кешендi  пайдаланудың  озық 
тәсiлдерiн енгiзуге, күрделi техникалық және қатынастық мiндеттер ойдағыдай шешiлдi. 
Республика  Кеңес  өндiрiстiк  комплексiнде  химия,  минералдық  тыңайтқыштар 
өнеркәсiбiн дамыту жөнiнде алдыңғы орындарға шықты. 60-шы жылдардың ортасында 
Қаратау  комбинаты,  Жамбыл  суперфосфат,  Ақтөбе  хром  қосындылары,  Қарағанды 
жасанды каучук, Атырау химия, Шымкент гидролиз және шина жасау зауыттары толық 
өндiрiс  қуаттарымен  жұмыс  iстеп,  өз  өнiмiн  шығарды.  Қазақстан өндiрiс салаларының 
бiр  ерекшелiгi-онда  кооперативтендiру  кеңiнен  өркендедi.  1963  жылы  Балқаш  кен-


 
170 
металлургия  комбинатында  және  Шымкент  қорғасын  зауытында  күкiрт  қышқылы 
цехтары  iске  қосылды.  Қарағанды  металлургия  зауытында  коксохимия    өндiрiсi 
өркендедi.  Мiне  осының  бәрi  Қазақстанда  үлкен  химия  саласының  iргесiн  нығайтты. 
1970  жылы  республика  елiмiзде  сары  фосфордың  көп  бөлiгiн,  хромит  тұздарының  40 
процентiн,  төменгi  қысымды  полиэтиленнiң  20  процентiн,  күкiрт  қышқылының  10 
процентiнен  астамын шығарды. 
Қазақ  елiнiң  тарихында  болмаған  электр  энергетика  жүйесi  қалыптасып  тез 
қарқынмен  дамыды.  60-шы  жылдардың  бiрiншi  жартысында  Қарағанды  2-ГРЭСi, 
Петропавл  жылу-электр  орталығы,  Алматы  2-ГРЭСi,  Бұқтырма  су-электр  станциясы 
және басқа осы сияқты қуатты электр өндiретiн орындар пайдалануға берiлiп, Қазақстан 
бойынша  энергияның  бұл түрiн өндiру 1,9 есе ұлғайды. 1970-1975 жж. республикада 90 
мың.  км.  электр  желiсi  жүргiзiлiп,  оның  85  мың шақырымы ауылдық жерге тартылды. 
Бiр орталықтан электр қуатымен қамту екi есе өсiп, 76 процентке жеттi.  
Қазақ  жерiндегi  ғасыр  басынан  негiзi  бар  көмiр  өндiру  саласы  жаңа  қарқынмен 
дамыды.  1954  жылы  Екiбастұз  көмiр  кенiшiнiң  қалыңдығы  жағынан  теңдесi  жоқ 
қабаттары  ең  тиiмдi-ашық  әдiспен  алына  бастады.  1970  жылдың  басында  Қарағанды 
және  Екiбастұз  көмiр  өндiрiстерiнiң  өнiмi  жылына  61  млн.  тоннаға  жеттi,  оның  41 
процентi  неғұрлым озық, ашық әдiспен шығарылды.  
Қазақстанда  машина  жасау  өнеркәсiбi  республикадағы  ерекше  қарқынмен 
дамыған  ауыл  шаруашылығы,  кен-руда,  химия  және  мұнай  кәсiпорындары  сияқты 
салаларға  қызмет  етуге  мамандандырылды.  Трактор  зауыты  қатарға  қосылып, 
“Қазақсельмаш”  зауытында  ауылшаруашылық  машиналары  бөлшектерiн  шығаруға 
ыңғайланған  жаңа  қуаттар  қатарға  қосылды.  Егiн  шаруашылығы  мен  мал 
шаруашылығындағы жұмыстардың жеңiлдетуiн қамтамасыз ететiн жаңа машиналар мен 
жабдықтар шығару игерiлдi.  
Дегенмен  бұл  саланың  бұрын-соңды  жеткiлiксiз  дамуы,  экономика  сұранысын 
қанағаттандырудан әлдеқайда алшақ болды, өндiрiстегi  үлес салмағы 60-70 жылдары 0,2 
процентке  ғана  өстi.  Нақ  осы  кездiң  өзiнде  республикада  тиiмдiлiгi  жоғары  түбегейлi 
өнiмдер-приборлар,  автомобильдер,  электротехникалық  бұйымдар,  машиналар  мен 
жабдықтар шығаратын кәсiпорындар болмады. 
Жеңiл  өнеркәсiпте  бiрсыпыра  iрi  кәсiпорындар,  оның  iшiнде  Алматы  мақта-мата 
комбинаты,  Жамбыл  былғары  аяқ-киiм  комбинаты  iске  қосылды.  1970  жылы 
республиканың  жеңiл  өнеркәсiбi  жалпы  республикалық  өнеркәсiп  өнiмдерiнiң  небәрi  16 
процентiн  шығарды.  Жеңiл  өнеркәсiп  кәсiпорындарының  өнiм  шығаруында  трикотаж, 
аяқ  киiм  тiгу  шапшаңырақ  өстi.  Республикада  жеңiл  өнеркәсiп  өнiмдерiн  өндiру  елiмiз 
бойынша орташа дәрежеден 2 есе дерлiк аз болды. Аталған салалармен салыстырғанда 
тамақ  өнеркәсiбi  үлесiне 70-шi жылдарда жалпы өндiрiс көлемiнiң 17 процентi тидi, бұл 
КСРО-ның орташа көрсеткiшiнен әлде қайда төмен болды. 
1950-1970  жылдардағы  Қазақстанның  өндiрiстiк  дамуының  көлемi  мен  қарқыны 
құрылыс  индустриясын  қалыптастыруды  қажет  еттi.  Мысалы,  1955-1965  жылдар 
аралығында  тек  қана  цемент  өндiру  11  есе  өстi.  Осы  жылдары  Қарағанды,  Семей, 
¤скемен, Шымкент зауыттары республика қажеттiлiгiн барынша қамтыды. Темiр-бетон 
конструкцияларын,  панелдер  мен  бөлшектер  шығаратын  көптеген  зауыттар,  шағын 
мамандырылған кәсiпорындар салу басталды. 60-шы жылдарда облыс орталықтарынан 
iрi  үй құрылымдарын жасайтын ұжымдар қалыптасты.  
Cонымен  бiрге,  бұл  саланың  дамуында  әмiршiл-әкiмшiлдiк  жүйенiң  билiк 
жүргiзуiнен туған бiрсыпыра проблемалар бар едi. Өндiрiстi дамытуда оның көлемi мен 
бөлiнген  қаржының  шегi  арасындағы  үйлесiмсiздiк,  жобалау  мен  жоспарлаудағы 
оралымсыздықтар  жылдан-жылға  кең  қанат  жайып,  ал  оған  жауапты  мамандар  мен 
билеушi  орынның  басшылары  ешқандай  жауапкершiлiктi  сезбедi.  ¤ндiрiс  экстенсивті 
әдiспен  дамыды,  iрiлі-кiшi  кәсiпорындарды  iске  қосу  мерзiмi  негiзгi  жобалар  мен 
белгiленген мерзiмнен әлде қайда кешiктiрiлiп  және сапасыз тапсырылып отырды. 
Шаруашылық  және  экономикалық  реформалар.  1966-1970  жылдарда  өнеркәсiп 
саласында  шаруашылық  реформа  жүргiзуге  үлкен  ұмтылыстар  болды.  Билеушi 
партияның  1965  жылғы  қыркүйек  және  қазан  айларында  болған  пленумдарында 
өнеркәсiптi  басқаруды  жақсарту,  жоспарды  жетiлдiру  және  өндiрiстегi  экономикалық 


 
171 
ынталандыруды күшейту жөнiнде қабылдаған шаралары тарихта шаруашылық реформа 
деген атау алды.  
Қабылданған  құжаттар  бойынша  кәсiпорындардың  қызметiн  жоғарыдан  егжей-
тегжейiне  дейiн  белгiлеуге  тыйым  салынды,  олардың  шаруашылық  дербестiгiне 
мүмкiндiк берiлдi, сонымен бiрге шаруашылық және жоспарлау орындарынан неғұрлым 
көбiрек  оралымдылық  пен  икемдiлiк,  пайда,  баға,  сыйлық,  несие  сияқты  аса  маңызды 
тұтқаларды пайдалану талап етiлдi. Кәсiпорындардың жұмысының табысты болуы ендi 
қорларды  тиiмдi  пайдалану,  өндiрiстi  халықтың  өскелең  қажетсiнулерiмен  ұштастыра 
бiлу,  шаруашылық  есептi  нығайту,  ғылыми-техникалық  жетiстiктердi  жедел  енгiзу 
шеберлiгiне,  шаруашылық мiндеттердi шешудiң нақты ұтымды әдiстерiн таба бiлуге көп 
байланысты болды. 
Жоспарлау  мен  экономикалық  тиiмдiлiк  жолындағы  жаңа  қадамда,  әрбiр 
қызметкердiң  және  тұтас  алғанда  кәсiпорынның  неғұрлым  жоғары  жоспарлық 
тапсырмаларға, өндiрiстiк қорларды, жұмыс күшiн, материалдық және қаржы қорларын 
толық  пайдалануға  өндiрiс  техникасын  жетiлдiрiп,  өнiм сапасын жақсартуға қызметкер 
және ұжымның мүдделiлiгi арттырылуы көзделдi. 
Кеңес мемлекеттiк басқару әдiсi бойынша игi мақсат көздеген мазмұнды шара iс 
жүзiнде  алғашқы  кезден  билеушi  партия  мен  үкiмет  орындарының  қарадүрсiн 
науқандылығына  iлiндi.  1966-1967  жылдарда  жоспарлау  мен  экономикалық 
ынталандырудың  жаңа  жағдайларына  негiзiнен  iрi  және  пайдасы  көп  кәсiпорындар 
көшiрiлдi.  1967  жылдың  аяғына  таман  193  кәсiпорын,  яғни  республика  өнеркәсiп 
орындарының  барының  10  процентi  жаңа  жүйе  бойынша  жұмыс  iстеп,  оларда  барлық 
қызметкерлердiң  төрттен  бiр  бөлiгi  шоғырланған,  олар  жалпы өнеркәсiп өнiмiнiң  үштен 
бiрiне  жуығын өндiрген. 
1968-1969  жылдары  13  министрлiк  пен  ведомстволарға  қарасты  кәсiпорындар, 
шаруашылықты  жүргiзудiң  жаңа  жүйесiне  көшудi  толық  аяқтады.  Жаңа  жүйе 
өнеркәсiпте  ғана  емес,  құрылыс  пен  қатынас  салаларында  да  тарады.  Бұған  қоса 
реформа 
коммуналдық 
шаруашылық 
кәсiпорындарын, 
“Казсельхозтехника” 
бiрлестiгiнiң 
шаруашылықтарын, 
байланыс 
министрлiгiндегi 
басқармалардың 
жартысына  жуығын,  Шығыс  Қазақстан  геология  басқармасын,  232  совхозды, 
республиканың  Сауда  министрлiгi  мен  Қазақ  республикалық  тұтынушылар  одағының 
сауда  жасайтын  барлық  ұйымдарын  қамтыды.  Шаруашылықты  жүргiзудiң  жаңа 
жүйесiне көшкен кәсiпорындар  өткiзiлетiн  өнiмнiң  бестен төрт бөлiгiнен астамын бердi.  
Бесжылдықтың 
аяғында 
республикада 
жоспарлау 
мен 
материалдық 
ынталандырудың жаңа жүйесi бойынша 1467 өнеркәсiп ұжымы, немесе олардың жалпы 
санының  80  процентiнен  астамы  жұмыс  iстедi.  Олардың  үлесiне  өткiзiлген  өнiмнiң  90 
және  пайданың  95  процентiнен  астамы  тидi.  Жаңаша  жұмыс  iстеген  кәсiпорындар 
материалдық  ынталандыру  қорына  қаржы  аударуды  жылдан  жылға  көбейтiп,  осы 
арқылы  әрбiр қызметкердiң өз кәсiпорнының сапалық көрсеткiштерiн жақсартуға деген 
мүдделiлiгiн күшейту мақсаты көзделдi. Шаруашылық реформасы сегiзiншi бесжылдық 
жылдарында  өнеркәсiптiң,  құрылыс пен қатынас салаларының тез қарқынмен дамуына 
жағдай жасап, бесжылдықтың тапсырмаларын ойдағыдай орындауда үлкен рөл атқарды. 
Алайда  экономикалық  реформа  алдына  қойылған  мақсаттарды  толық  қамти 
алмады және орындауы мүмкiн емес едi. Оның негiзгi себебi қоғамдағы саяси басқару 
жүйесi  мен  экономикалық  құрылымның  арасындағы  қайшылық  едi.  Ал  келтiрiлген 
мысалдар  көбiнесе  билеушi  орындардың  қысымы  арқылы  министрлiктер  мен 
ведомстволардың  берген  ақпарларынан  алынған  мәлiметтер.  Шындығында  аталған 
жетiстiктер  жұмысшылардың  қарқынды  шабытымен,  жан  қиярлық  еңбектерінің 
негізінде iске асырылды. ¤неркәсiп орындарын Одақтың түкпiр-түкпiрiнен келген маман 
жұмысшыларға,  жаңа  жерлерге  келген  жастарға  тұрмыстық  жағдай  туғызылып,  олар 
азық-түлiкпен  толық  қамтамасыз  етiлмедi.  Темiртауда  Қарағанды  металлургия 
комбинатын салуға жер-жерден келген жастардың көтерiлiске шығуының негiзгi себебi 
де  осында.  Көтерiлiс  басылды,  кәсiпорындарда  жұмысшылардың  тұрмыс  жағдайын 
жақсарту  үшiн  уақытша  шаралар  алынды.  Бiрақ  бұл  оқиға  әкiмшiл-әмiршiл  жүйенiң 
қоғамды тегістей жайлағанының алғашқы көрiнiстерiнiң  бiрi болды. 
Ауыл шаруашылығы ахуалы. Соғыстан кейiнгi жылдарда республикада астықтың 
орташа жылдық шығымдылығы 1913 жылғы көрсеткiшке (5,6 ц.) теңелген, ал астықтың 


 
172 
жылдық  орташа  өнiмi  1928  жылғыдан  төмен  болды.  1946-1950  жылдарда  мемлекет 
қоймасына  өткiзiлген  астық  (жылдық  орта  есеп  бойынша)  көлемi  1941  жылдан  төмен 
болды. Қазақстанның дәстүрлi кәсiбi мал өсiру саласындағы жағдай да өте ауыр болды. 
Республикадағы  тек  қой  басы  ғана  1928  жылдың  көрсеткiшiне  жақын  болды  (18036 
мың). 
Cол кездегi ресми үгiт-насихаттық материалдарда жағдай үлкен өрлеу мен рухани 
қанағаттанарлық  дәрежеде  сипатталды.  Сырттай  қарағанда  жап-жақсы  көрiнген 
соғыстан  кейiнгi  бесжылдықтың  көрсеткiштерi,  ауыл тұрғындарының азапты еңбегiнiң, 
жоқшылығы  мен  аштығының,  өмiр  дәрежесiнің  төмендiгiнiң,  балалар  мен  әйел  еңбегiн 
қанаудың,  халықты  шаршатып- шалдықтыруды ең жоғарғы шегiне жеткiзудiң нәтижесi 
едi.  Яғни,  соғыстан  кейiнгi  ауыл  шаруашылығын  қалпына  келтiрiп,  дамытудың 
нәтижелерi бұқараның бойындағы күш-жiгерiн, халықтың табиғатына тән аса-зор еңбек 
ынтасын, тапқырлығын тұншықтырып келген жүйенiң арқасында емес, халықтың өзiнiң 
жанқиярлық  еңбегi арқылы жүрiп жатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет