О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Неке келісімшартында мына мәселелер қаралмайды



Pdf көрінісі
бет113/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   239
Байланысты:
is-kagaz Abutalip (1)

 Неке келісімшартында мына мәселелер қаралмайды:

үй шаруашылығын жүргізу; 

ажырасқаннан  кейін  балалармен  қарым-қатынас  және  олардың 
жауапкершілігі үшін міндеттерді нақтылау мәселелері (мысалы балалар-
ды кім жатқызады немесе таңертең күлімдеп ояну) т.б.
Неке келісімшартын өзгертуге және бұзуға болады:
Неке келісімшартын ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша қалаған 
уақыттарында бұзуға болады. Неке келісімшартын өзгерту және бұзу но-
тариуста жүзеге асады.
,
 Үлгі
Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшарт
15 қазан, 2010 жыл_ Алматы қаласы
Алматы қаласы, Достық даңғылы, 88 үй, 77 пәтер тұрғыны 2004 жылы 
12  мамырда  Қазақстан  Республикасының  ІІМ  берген  №5487962131  жеке 
куәлік иегері Әміреев Ерлан Елдосұлы
Алматы  қаласы,  Бағанашыл  ықшамауданы,  56  үй,  15  пәтер  тұрғыны 
2002 жылы 2 ақпанда Қазақстан Республикасының ІІМ берген №25082005 
жеке куәлік иегері азамат Әбішев Дінислам Сәлімжанұлы;
төмендегі осы келісімшартты жасадық.
1. Мен, азамат Әміреев Ерлан Елдосұлы, мекенжайым: Алматы қаласы, 
Абай даңғылы, 23 үй, 30 пәтерді саттым
Мен,  азамат  Әбішев  Дінислам  Сәлімжанұлы,  Алматы  қаласы,  Абай 
даңғылы, 23 үй, 30 пәтерді сатып алдым.
2. Көрсетілген пәтер:
- 2005 жылы 24 қазан айында жасалған сату-сатып алу келісімшартының 
негізінде;
- келісімшарт №9 тізбеде тіркеліп, Алматы қаласының №9 нотариалдық 
кеңсесінің нотариусы куәландырған;
-  ТИБ-те  тіркелген  (Тіркеу  инвертаризация  бөлімі,  жылжымайтын 
мүлікті  тіркеу).  Жекеменшік  құқығы  бойынша  азамат  Әміреев  Ерлан 
Елдосұлына тиесілі. Пәтердің жалпы пайдалы аумағы: 120 шаршы метр, 4 
бөлмеден тұрады.


129
Орынғазы Әбутәліп
Пәтердің инвентарлық құны: ТИБ – 2005 жылғы 5 қазанда №6 бланкіде 
көрсетілген  анықтамасы  бойынша  жүз  жиырма  мың  (120000)  доллар 
тұрады.
  3.  Мен,  азамат  Әміреев  Ерлан  Елдосұлы,  көрсетілген  пәтерді  (Ал-
маты  қаласы,  Абай  даңғылы,  23  үй,  30  пәтер)  азамат  Әбішев  Дінислам 
Сәлімжанұлына осы келісімшартқа қол қою кезінде төленетін жүз жиырма 
мың (120000) долларға саттым.
4. Осы уақытқа дейін көрсетілген пәтер ешкімге сатылған жоқ, қарыз 
өтеуге, салыққа берілген жоқ және дау-таласта болған жоқ, талап қойылған 
жоқ.
5.  Пәтерді  пайдалануды  Қазақстан  Республикасының  «Тұрғын  үй 
қарым-қатынастары туралы» Заңында белгіленген, тұрғын үйді пайдалану 
ережелеріне сәйкес азамат Әбішев Дінислам Сәлімжанұлы жүргізеді.
6.  Сатылған  пәтерді  азамат  Әміреев  Ерлан  Елдосұлы  беруі  және  оны 
азамат Әбішев Дінислам Сәлімжанұлы қабылдап алуы екі жақ қол қоятын 
беру актісінің негізінде жүзеге асырылады.
7. Қолданылып жүрген заңның.....-бабының мазмұны түсіндірілді.
8.  Келісімшартты  ресімдеуге  байланысты  шығынды  азамат  Әміреев  
Ерлан Елдосұлы төлейді.
9. Келісімшарт 3 дана етіп жасалды, оның бір данасы – нотариалдық 
кеңсенің №4 тізбесінде сақталады, екінші данасы – сатушыда, үшінші да-
насы – сатып алушыда сақталады.
 Тараптардың қолы:                  Сатып алушы/
 
 
 
 
Сатушы/
Осы келісімшартты мен, 2000 жылы 4 ақпанда ҚР Әділет министрлігі 
берген  №0001546  лицензия  негізінде  әрекет  жасаушы  Алматы  қаласы 
«Бақыт» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Бекболатов Дидар Мақсатұлы 
2010 жылы 15 қазанда куәландырдым. 
Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды.
  Тараптардың  жеке  басы  анықталды,  олардың  құқықтық  іс-әрекетке 
қабілеттілігі және сатылатын пәтердің Әміреев Ерлан Елдосұлына тиесілі 
екендігі тексерілді.
Келісімшарт техникалық инвентаризация бюросында тіркелді.
Сату-сатып алу жөніндегі келісімшарттың мәтіні дауыстап оқылды.
Нөмірі  №65  тізбеде  тіркелді.  Тариф  бойынша  500  (бес  жүз)  теңге 
мемлекеттік салық алынды.
Нотариус                                    (қолы)                              (Мөр)


130
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
 Интернет арқылы жасалатын келісімшарттың үлгісі
Алдымен  келісімшарт  толтырылады,  кейін  сіздің  жеке  электрон-
ды  поштаңызға  хат  жіберіледі.  Өзіңіздің  келісіміңізді  білдіру  үшін, 
бағдарламашыға  хат  жіберіңіз.  Бағдарламашы  келісімшарттың 
нөмірін қол қою үшін жібереді. Келісімшартқа қол қойып, компанияға 
тіркелгеніңізден  кейін  болашақта  компанияның  қоймасынан  арзан 
бағамен алу және үйге жеткізу мүмкіндігіне ие боласыз. Келісімшарт ин-
тернет арқылы жүргізіледі.


131
Орынғазы Әбутәліп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет