128
12-модуль
Танымдық блок
Синтаксистік ерекшеліктер
1. Септік жалғаулардың сӛйлем ішінде алмасып
қолданылуы. Қазақ говорларында кейде сҿйлем ішінде кейбір
септік жалғаулары ҿзара алмасып келеді. Мысалы, барыс
жалғауында тұруға тиісті сҿз кейде табыс жалғауында
қолданылады. Керісінше, табыс жалғауында тұруға тиісті сҿз
барыс жалғауында жұмсалады. Говорларда тҿмендегі септік
жалғаулары бір-бірімен алмасып келеді.
Жатыс септікте қолданылуға тиісті сҿз кейде барыс септікте
қолданылады.
Мысалы, Биыл осы
айға қар жауып қалуы мүмкін (Шымк.,
Түлк.) - Биыл осы айда қар жауып қалуы мүмкін. Алдаш
суға
жақсы жүзеді(Сем., Ақс.)- Алдаш суда жақсы жүзеді. Балам
Алматыға оқиды (Гур., Маңғ.)- Балам Алматыда оқиды. Марат
биыл екінші
класқа оқиды (Гур., Маңғ.) – Марат биыл екінші
класта оқиды. Шымкент, Қызылорда облыстарында
кҥні сҿзі
барыс септік тұлғада
кҥніне жҽне
кҥніге болып қолданылады.
Мысалы, Біз осы жерге
кҥніге екі рет барып қайтамыз (Шымк.,
Сар) – Біз ол жерге күніне екі рет барып қайтамыз.
Шығыс септікте қолданылуға тиісті сҿз кейде барыс септікте
қолданылады. Мысалы, Біз баяғыда шала сауатты
молдаға оқушы
едік (Алм., Ұзын.) – Біз баяғыда шала сауатты молдадан оқушы
едік. Ол ескіше бір-екі молдаға оқыған (Шымк., Түлк) – Ол
ескіше молдадан оқыған.
Табыс септігінде қолданылуға тиісті сҿз кейде барыс септікте
қолданылады. Мысалы, Біз
Абылайға қуып жеттік (Алм., Ұзын.) –
Біз Абылайды қуып жеттік. Самас деп есалаң
адамға айтады
(Гур., Маңғ.) – Самас деп есалаң адамды айтады.
Достарыңызбен бөлісу: